Жерде ядролықсыз, зорлықсыз, көпполярлы әлемді, бейбітшілікті орнату, онда
мемлекеттераралық қатынастар мен ғаламдық сипаттағы мәселелердің бәрі түгел
халықаралық қауымдастық орнатқан нормаларға сәйкес шешілсе;
қайбір елдің немесе топ елдердің уақытша әп-сәттелік (сиюминутный) пайдаларынан
бүкіладамзаттық құндылықтардың басымдылығы, әр елдің халқының өзінің
болашағын таңдау еркіндігі, әлемнің барлық елдерінің экономикалық және
экологиялық өзара тәуелділігін жете түсіну;
дамыған және дамушы елдердің арасындағы терең дисбалансты (теңсіздікті),
тұтастай адамзат өркениетінің бір қалыпты дамымауын жою;
жаңаша ойлауды қалыптастыру және тарату, соның нәтижесінде әлемде нәтижелі
диалог, кез келген қайшылықтар мен жанжалдарды, үлкен сол сияқты кіші
халықтардың мүдделерін ескере отырып, бейбітшілік жолмен шешу орын алуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: