Фразеологизмдердің ұлттық сипаты



бет2/7
Дата06.01.2022
өлшемі119,5 Kb.
#12900
1   2   3   4   5   6   7
Еркін сөз тіркесі. Сөздердің әрқайсысының өз жеке мағынасы бар. Орындарын ауыстыра беруге болады. Олар тура мағынада қолданылады. Әр сөз жеке сөйлем мүшесі бола алады. Мысалы: Дана алтын сағат алды. Алтын сағатты Дана алды.

Ал тұрақты сөз тіркесінде сөздердің орны тұрақты, олар тұтас тұру арқылы бәрі жиылып басқа бір мағынаны береді, ауыспалы мағынада қолданылады.

Сондықтан, тура мағынада қолданылатын еркін сөз тіркесінің мағынасын лексикалық мағына, ал ауыспалы мағынадағы тұрақты сөз тіркесінің мағынасын фразеологиялық мағына деп атайды.

Мысалы:


Дананың төбесі көкке жеткендей болды.

«Мына қасқыр тақияңа тар кеп тұр ма?» - деді Шымболат күліп.

«Науқанды төкпей-шашпай жинап алсаң,

Бермейсің ханға сәлем, бар дүрмекте»

Тұрақты сөз тіркестері ауызекі сөзде де, көркем әдебиетте де жиі кездесіп отырады. Мысалы, тіліміздегі бір «ауыз» деген сөздің өзінен 60-қа жуық тұрақты сөз тіркесі жасалады екен.

Ауыз жаласу – тату болу;

Ауыз салу – бір іске кірісу;

Ауыз біріктіру – бірігу;

Ауызға іліну – жақсы айтылу;

Аузымен орақ ору – қолымен ештеңе істей алмау;

Бейпіл ауыз кету – жаман сөз сөйлеу;

Аузынан ақ ит кіріп, қара ит шығу – ғайбат сөйлеу.

Мына мысалдардан тұрақты сөз тіркестерін еркін сөз тіркестерінен ажыратып көрейік, мағынасына үңілейік.

Бұл қол – сенің қолың емес.

Бұл жұмыс сенің қолың емес.

Біздің сиыр көзіңе түсті ме?

Көзіңді неге уқалайсың, әлде көзіңе шөп түсті ме?

Жылдар, ғасырлар бойы сұрыпталып, тұрақталып әдеби тілімізде фразеологизмдерді екі түрлі тәсілде қолданады:


    1. Фразеологизмнің жалпы халықтық формада қолданылуы;

    2. Фразеологизмдердің авторлық өзгеріске түсіп қолданылуы.


Абай шығармаларында фразеологияның қолданылуының екі тәсілі бар. Ол оны шебер қолдана отырып, халқымыздың әдеби тілінің қорын байытқан. Мысалы, қуатты ой, асау жүрек, көңіл құсы сияқты тіркестерді тіркестіру арқылы Абай әдеби тілімізге тың тіркестер туғызған, нұрлы ақыл, ешкі көзденіп, терең ойға телміріп, бойға өлшеп сөйлеу, саңырау қайғы тіркестермен сөз қолдану амал-тәсілдерін жетілдірген.

Ілияс Жансүгіров фразеологизмді қолдануда авторлық өңдеумен жалпы халықтық фразеологзмді бір шумақта үстемелете қолдану арқылы өлеңге экспрессиялық (күшейту) мән беруге тырысқан. «Құлагер» поэмасындағы «Балуан бәйге» бөлімінде:

Қарсы жақ кісі таппай болды жүдеу,

Көк темір болды жасыл алмас егеу.

Салбырап бет моншағы балуандардың,

Теп-тегіс төмен қарап, болды күйеу, -

деген жыр жолдарындағы «қатты ұялу» дегенді білдіретін «бет моншағы үзілу» деген халық фразеологизміндегі «үзілу» етістігі «салбырауға» ауыстырылып, балуанның бет моншағы үзіліп емес, ұялуын ақын авторлық өзгеріске ұшыратып өлеңге айрықша мән берген.

Тілдік құралдың бұл түрін өз сөздеріңде орынды пайдаланып отырсыңдар. Сөздерің шебер, ұтымды, ойларың бейнелі болып шығады, аз сөзбен көп мағына бере алатындай тартымды сөйлеуге дағдыланасыңдар.

Жалпы  аударма  тәжірибесінде фразеологиялық бірліктерді аударудың:

1.фразеологиялық бірліктерде берілетін ұғымның негізгі мағынасы;

2.абсолютті баламалар;

3.өзге тілдегі фразеологиялық бірліктердің (объектінің, субъектінің жағымды-жағымсыздығын бағалайтын) мазмұнын  адекватты  бере алатын фразеологиялық бірліктерді қолдану;

4.түсіндірмелі баламалар

5.фразеологиялық бірліктер құрамындағы компоненттің семантикалық-стильдік қызметін дәл жеткізу мақсатында сөз түрлендіру секілді амалдары бар. Бұл амалдар киноаудармаға жат емес. Бірақ дубляжды  аударманың  ерекшеліктерін сақтай отырып барабарлыққа жету мақсатында аудармашы лексика-семантикалық және ішінара грамматикалық өзгерту тәсілдеріне жүгінеді.

- Алдияр! Жайықтың жағасы қанға боялды, алдияр! Күндіз күн тұтылды, түнде ай тұтылды. Найза қысқарып таяқ болып қалды, қылыш қысқарып пышақ болып қалды. Сайланып келген сарала жау қойша қырылды. Шаңға аунатып ұрдық, қанға аунатып қырдық!

- Алдияр! Кровью мы оросили берега Жайка! От нашей битвы померкло солнце, крощаясь сабли превратилиись в ножи, копья в палки! Вражеские полчи ложились, как скошенные трава! И мы смешали их тела кровью и пылью! - лексика-семантикалық өзгертудің функционалдық ауыстыру мен мазмұндық қисындастыру әдісі және грамматикалық өзгертудің артық сөзді түсіріп тастау әдісі;

Енді кей тұстарда лексика-семантикалық өзгертудің тұтастай түрлендіру тәсілі қолданылған. Мысалы: - Уа, жұртым // Қапыда кеткен жайымыз бар еді. Етек-жеңімізді жинай алмай, қаша көшкен жайымыз бар еді, жұртым! Тағы да айтамын // ұраны басқа болса да өрісі бір Бекежан мырза болмаса шекті абыройдан біржола айрылар ма еді, әлде қайтер еді?!

- О, мой народ// Не по добрей воле мы покинули родные места. Когда-то мы свободно кочевали, потому что были сильны. А теперь мы скитаемся // Если я не позвал на помощь Бекежана мурзы, нам бы не избежать беды!

Қазақ тіліндегі кейбір ұғымдардың орыс тілінде болмауы немесе соған сәйкес тіркес табылмаған жағдайда жаңа фразеологиялық тіркес жасалады. Мысалы: - Төсекте басы, төскейде малы қосылған жағалбайлы боламыз!


Аударылған туындылардағы фразеологизмдер арқылы да тіл байып отыратынын дәйім ескерген жөн. Әрине, ана тіліміздің табиғатына жат ұғымдардың, қазақы фразеологизмнің болмысына үйлеспейтін орамдардың жөні бөлек. Біз әдетте орыс тілінен аударма әсерін Абай тәржімелерінен ғана іздеп жатамыз.  “Абай өлеңдерінде кездесетін кептерше сүйінісу (“ворковать как голубки”), салқын тарту (“постывать”), тактісіне билеу (“отбивать такт”), бір сағаттан бір сағат (“от часу на час”) деген тіркестер де қазақ тілі үшін жаңа: олар орыс тілінен калькалау (сөзбе-сөз аудару) жолымен жасалғандар. Бір ғажабы – бұлардың бәрі тек аударма үстінде емес (олар да бар), Абайдың төл өлеңдерінде де қолданылған! Айталық, салқын тарту деген тіркес Абайда: Дүниедегі қызықтың бүгін бәрі Саған салқын тартқандай, сен бір кәрі – деген өлең жолдарында кездессе, бұл жолдар Лермонтовтың: Пускай теперь прекрасный свет Тебе постыл – ты слеп, ты сед – деген жолдарының аудармасы. Кептерше сүйінісу (Абай жинақтарының барлық басылымдарында сүйеніскен деп жазылып жүр, біздіңше, сүйініскен болуы керек, оны Абай орысша ворковать дегеннің аудармасы етіп алған) деген тіркес те аударма өлеңінде кездеседі, ал қалғандары (мүйіз шығу, тактісіне билеу, бір сағаттан бір сағат) Абайдың төл өлеңдерінде. Бұл – Абайдың орыс тілінің көркемдік дүниесін творчестволықпен игергендігінің белгісі”. Ақынның аударма өлеңдеріндегі жас бұлт, кәрі жартас, тентек өмір, салқын өмір, қараңғы өмір, өткен күннің улары, көңілдің ауыр жүгі деген тіркестер — жаңа фразалар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет