Фразеологизмдердің ұлттық сипаты


Образдылықты күшейту мақсатындағы фразеологизмдер



бет6/7
Дата06.01.2022
өлшемі119,5 Kb.
#12900
1   2   3   4   5   6   7
Образдылықты күшейту мақсатындағы фразеологизмдер:

Образдылықты күшейту деп қаһарман бейнесін одан сайын аша түсетін бояма сөз тіркестерін дәл және орынды пайдалана білуді айтуға болады.



Сөйлем ішіндегі образдылықты күшейту үшін фразелогизмдерге автор қосымша мағыналас ұғым мен суретті енгізу арқылы тіркестерді жандандыра түсуде. Мысалы:

Ол көз жасымен күйеуінің жүрегін жібіте алмасын білді(7-б). «Жүрегін жібіте алмау» Қарақатынның күйеуі Достың қаттылығын білдіріп тұр.

Қанша қиын болса да, осы кеш мына залымның алдында сыр бермей, шыдап баққысы кеп еді, оған бірақ өзін ұстаса да, өңін билей алмай, салқынқандылығын сақтау қиын боп бара жатқасын басын бауырына тартып, түсін бермей томсарып отырып мұртына қатқан мұзды бір-бірлеп үгіп түсіре бастады(122-б). «Өңін билей алмау» өзін ұстай алмау мағынасында жұмсалса, «салқынқандылығын сақтау» ол керісінше өз-өзін ұстау мағынасында, «түсін бермеу» ызасын көрсетпеу, білдіртпеу мағынасында қолданып отыр.

Ақкемпір келініне көз қиығын тастап: «Ә, Құдайым! – деді ішінен, - қайтейін!(8-б). «Көз қиығын тастау» Ақкемпірдің келініне тура қарамай, ренжітіп алар сөз айтып қалмау үшін, сонымен қоса оның сөйлеген сөзін ұнатпағандығын білідіріп тұр.

Тәңірберген оның ыңғай бермеген сыңайын байқаса да, бірақ түк болмағандай түсі шіміріккен жоқ(13-б). «Түсі шіміріккен жоқ» тіркесі арқылы жүзі ешбір өзгермеді деген ойды айтқысы кеп отырғаны.

Есбол қария қара жұмысқа болдырмайтын қайратты жігіттің кәдімгідей қажары қайтып, шоқап қалған сынық жүзіне аянышпен көз салып отырды(59-б). «Қажары қайту», «сынық жүзі» деу арқылы мүлде көңілсіздікке ұшырады деген мағынада.

Жамал қолындағы барын көршілерімен бөлісіп отыратын қолы ашық әйел болды(154-б). «Қолы ашық» - еш нәрсені аямау.

Шалына көз қиығын тастап еді(159-б). «Көз қиығын тастау» - кемпірінің ашуланып қарауын білдіреді.

Осының бәрін күнде-күнде көріп, есітіп жүргесін әбден еті өліп кеткен(5-б). «Еті өліп кету» - үйреніп қалу.

Қолтық ұстатқалы ұйқысы қашып кетті(7-б). «Ұйқысы қашып кетті» - ұйқысы келмеді.

Түнімен тырп етпей шыққан Ақбаланың ұйқысын бұзғысы келмеді де, төсектен ақырын түсті(7-б). «Тырт етпеу» - қозғалмады; «ұйқысын бұзғысы келмеу» - оятқысы келмеді.

Еламан екі көзін қонақтан айырмады(11-б). «Көзін айрмау» - қарай беру мағынасында.

Сонан артық тілге келмей, суық қатқан киімі сықырлап, есік алдында теріс қарап тұрып шешінді(11-б). «Тілге келмеу» - сөйлеген жоқ.

Тәңірберген оның ыңғай бермеген сыңайын байқаса да, бірақ түк болмағандай түсі шіміріккен жоқ(12-б). «Түсі шіміріккен жоқ» тіркесі арқылы жүзі ешбір өзгермеді деген ойды айтқысы кеп отырғаны.

Өзі түнде жүргенде тұңғыш құрсақ көтерген тұмса келіншектің қасында бас-көз боп отыратын естияр біреудің болмағанына қынжылады(10-б). «Бас-көз болу» - қарап, қадағалап отыру.

...жыландай ысқырып отырғасын ол барда үй іші қай жағынан шығамыз деп қыпылдап отырғаны(8-б). «Ысқырып отыру» - ызыңдау, мазасын алу.

Ақбала бәрін естіп, бәрін білсе де, иманы селт еткен жоқ(8-б). «Иманы селт етпеу» - ұялмау.

Мына жақтан салт атты жолаушы қыр астынан сылаң етіп шыға келді(9-б). «Сылаң етіп шығу» - аңғармастан шығу.

Қипақтап қасынан кетпей тұрған бұған көз қиығын салмастан сыртқа шығып кетті(9-б). « Көз қиығын салмай» - қарамай шығып кету.

Бала көтергелі Ақбалаға отырып-тұру қиындап қалғанына қарамай, үйге қонақ келгелі бәйек боп ұшып-қонып жүр(13-б). «Ұшып-қонып жүру» - жылдам, тез жүру.

Шалының ашулы түрін байқаған кемпір аяғын ұшынан басып жүріп үй ішінің оны-пұны шаруасын істеді(158-б). «Аяғын ұшынан басу» - аяғын ақырын басу, дыбыс шығармай жүру.

Жаңа ғана жүзі қатты бір жамандықты сезгендей, жүрегі мұздап тұрған жұрт есін жиям дегенше болмай торы атты біреу жүз қаралы жылқыны дүркіретіп қуып әкеп, балықшылар аулының дәл үстіне құлатты(190-б). «Жүрегі мұздап тұру» - жамандық, сұмдықты сезу.

Бірақ Әлиза Қарақатынның сөзін құлағына ілмеді(186-б). «Құлаққа ілмеу» - тыңдамау.

Еламан жаңа жастыққа басы тисе ұйықтап кететіндей көріп еді(175-б). «Жастыққа басы тию» - жата қалса ұйықтап кетеді.

Кәлен атын Сүйеу қарттың үйінің белдеуіне байлап жатып, ауыл тірлігіне көз салды(157-б). «Көз салу» - қарады.

Бұны күтпеген Дьяковтың аузына сөз түспеді (22-б). «Аузына сөз түспеу» - ештеңе деп айтпады, үндемеді.

Ойлап қараса: көз ашқаннан бері көріп келе жатқаны зәбір (24-б). «Көз ашқаннан бері» - туғаннан бері мағынасында жұмсалынып тұр.

Өз қолы өз аузына жеткенше қайырымсыз қатал аға-жеңгеден бұл қанша зәбір көрді (22-б). «Өз қолы өз аузына жету» - өсіп, өз табысын өзі тапқанша деуде.

Дьяков таң алдында столға басын салып бірер сағат мызғып алды (24-б). «Мызғып алу» - ұйықтау.

Осы кезметке келісімен қате болған жоқ па деген ой көңілін ауырлап тұр (24-б). «Көңілін ауырлап тұр» - мазалап тұр.

Ақбаланың жүдеу жүзіне жабырқау күлкі білінді (27-б). «Жүдеу жүз» - бет-жағы солып қалған.

Отряд командирі бұны көзіне іліп жүрген жоқ (34-б). «Көзіне іліп жүрген жоқ» - елеген, қараған жоқ немесе назар аудармады.

Осы бүгін оның көп нәрсеге көзі жетті (41-б). «Көзі жетті» - түсінді.

Қап, мынаны-ай...Қарап тұрмай ернімді қышытқаны несі-әй (45-б). «Ернімді қышыту» - ұрысқысы келу.

Әліби Сүйеу қарттың суық жүзін сырт салып, булығып отырған түріне қарап, оның жуық арада сөзге араласа қоятын сыңайы жоғын байқады (55-б). «Булығып отыру» - сұрланып, ызалану.

Әсіресе, дәл осындай өлік шығып, ел-жұрт ызы-шу боп жатқанда, көзінен жас, өңінен қан қашып сұп-сұр боп алатын-ды (58-б). «Өңінен қан қашу» - сұрланып отыру.

Еламан қазір күрең қасқаға әбден бауыр басып алды (62-б). «Бауыр басып алды» - үйреніп алды.

Дос күлтілдеген қабақ астынан қатынына алара бір қарады (63-б). «Қабақ астынан қарау» - ұнатпай қарау.

Суық шалған бет қара қошқылданып, қабарып кетіпті (95-б). «Қабарып кетіпті» - кеуіп кетіпті.

Кәленді көргесін Ақбаланың жүрегі аздап орнына түсті. Тек Кәлен бір қыр асып, көрінбей кеткесін үрей қайта биледі (107-б). «Жүрегі аздап орнына түсті» - жаны тыныш тапты, көңілі орнына келді.

-Кәлен аға! – деді Рай, - Ақбала ардан безді (127-б). «Ардан безді» - ұятсыз мағынасында қолданылып отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет