214
Шығыңдар енді, қыз-келіншек күтіп тұр (
Күліседі, салдар мен
ел жігіттері бөлініп шығады.
)
А с а н .
Жар-жар болса, жаршы біз,
Айтысам
деген ақын қыз
Бой көрсетсін тығылмай,
Айтысатын ақынбыз (
аз тым-тырыс.
)
Тәтті ауыздан дәм кетпей,
Қиналып маңдай терлетпей,
Айтысам десең,
бастаймыз
Тындаушыны шөлдетпей.
Қыздар сыбырласып, ақырын күлісіп, жібек шәлі жамылып, төрт-бесеу
топтанып, босағаға таман келеді, бұл уақытта Сырым көп жолдасымен сахнаға
шығады – бәрі де сәнді салдар.
К ө п ж ұ р т . Салдар-салдар келеді (
Жол беріседі.
)
А с а н (
Сырымға
)
.
Қай топқа қосыласың?
Ж а р ы л ғ а п . Қай топқа қосылғаны несі – бұл еркек емес
пе, еркекке қосылады да.
М ө р ж а н . Оны істесе Сырым бола ма (
Кекетіп күліседі.
)
С ы р ы м (
Құдалар жаққа қарап
)
Күлген кісі күлер,
Күлмегенің түнер.
Тіл орамды ілер,
Мұндайда ақын бір түлер.
Түлегенде не дер –
Оны Сырым білер.
Жалғыз-ақ топтан тілек бар –
Тентек атты Сырым ғой,
Не сөз айтса албытқа
Қайнамасын жігер!
(
Көп жұрт күліседі
).
Д а у ы с . Әй, байғұсым, жүрек шерін тарқатар көсем сер-
кем осы дағы. (
Сырым жолдастарын ертіп үйдің ішіне кіріп
кетеді. Үлкендер ұнатпаған пішінмен қарасады.
)
М ө р ж а н (
Жарылғапқа
).
Осы сияқты ібіліс жынның
жүрісін көрмесем деп едім, бүгінгі күн тағы кез келтірді ме?
Ж а р ы л ғ а п . Оның дағы жүргені аруақтың арқасы шығар,
қайтушы едік, соншалық жатша қуып, жат бауыр қылып
қайтесің.
М ө р ж а н . Мен қойдым, бірақ бұл жүрген жерден береке
шықпайды: айттым да қойдым.
215
Бұл уақытта
әр жердегі топ сыбырласып, күлісіп тұрады, Сырым үйге
кіргенде Қаракөздің қасына келіп.
С ы р ы м (
Қаракөзге
)
.
Қалқам, мен бүгін текке келіп, текке
кетем деп келгенім жоқ, мен баласы жауға тұтқын боп, өзіне оқ
тиген жанмын, сені қамаған топты жараламай кетпеймін.
Қ а р а к ө з . Мен сөзімді айтқанмын. Менің еш нәрседен
именерім жоқ, өзің біл.
Еркектер тобы, бастығы Асан әндетіп, қосылып жар-жар айтады.
Ж а р - ж а р (
Достарыңызбен бөлісу: