Гімелер, аудармалар



Pdf көрінісі
бет36/106
Дата29.07.2023
өлшемі4,32 Mb.
#104908
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   106
бастаушы Асан
):
Жар-жар біз келдік, еркем, сізге, жар-жар,
Айтысқан сөз жарассын сіз бен бізге, жар-жар!
Қуаныш тойыңды құттықтаймыз, жар-жар,
Тілеу тілеп алдыңнан үй мен түзде, жар-жар!
Жиылған жұрт, ағайын, тілеуің де, жар-жар,
Еш күмән жоқ оң сапар тілеуіңде, жар-жар!
Екі асылдың сынығы қосылыпсың, жар-жар,
Міні бар деп айтпаймыз, біреуінді, жар-жар!
Еркелетіп өсірген бетің қақпай, жар-жар,
Жар атын да айтпаған зорын таппай, жар-жар!
Көп тілеулес ағайын ортасында,
Бетін аштық сол сөздің келген ашпай, жар-жар!
Әр жердегі әйелдер ақырын жыласады. Еркек тобында ақырын күлкі, 
жыбырласқан әңгіме.
Ә й е л д е р т о б ы (
бастығы Сырым болып, Асан тоқтай 
салысымен бастайды
):
Жар жақсы деп жаршылар көп айтады, жар-жар,
Өмір көркі жарменен деп айтады, жар-жар!
Жігіт айтса күлкімен айтар сөзін, жар-жар,
Қыз жыласа уайым жеп айтады, жар-жар!
Сал жігітке шырқаған әні қызық, жар-жар.
Ағайынға той қылған сәні қызық, жар-жар!
Қыз не десе де о десін аттанарда, жар-жар,
Тізіп алған атаға малы қызық, жар-жар.
Мен жыласам жылаймын қайғымды айтып, жар-жар, 
Іштегі өртті тығамын айтпай қайтып, жар-жар!
Ұрыссаң дағы ата-анам естісең де, жар-жар 
Мен бекіндім кетуге барымды айтып, жар-жар!
Аз тым-тырыс. Тыстағы құда-құдағилар қозғалып қобалжығандай болады.
М ө р ж а н . «Кері кеткеннің аузынан кеселді сөз шығады» 
деп, Сырым айтып тұрған сөз ғой мынаның бәрі.


216
Қ о й с а р ы . Ұрыспаңыз, бұдан бір алуан сөз шығар, тіпті 
айтылғаны теріс емес. Жар-жарда әйел бала риза болдым деген 
сөз сөйлеуші ме еді! Бұнысы тіпті жолды сөз.
Т ұ р с ы н . Рас айтасың, (
Асанға
) кәне сендер неге тұрсың-
дар, айтыңдар!
А с а н (
Салдарды бастап
):
Жыласын деп айтпаймыз саған жарды, жар-жар, 
Білдірмекші ағайын көңіл барды, жар-жар!
Есік аштың бүгін күн жаңа өмірге, жар-жар,
Еркелікпен балалық кейін қалды, жар-жар!
Лайық шығар айтқаның ойда барды, жар-жар,
Не күйдірді, не жақты көңіліңде алдың, жар-жар!
Нені сүйіп, не нәрсе қайғы салды, жар-жар!
Сөйтсе дағы бүгінгі күн тілеу күні, жар-жар!
Қызық қыл деп тілейтін күндіз-түні 
Қуанышы туысқанның ортасында 
Шығуына орны жоқ зардың үні, жар-жар.
Қуанышты күн болса – тілеу болар 
Тілететін тілекті тіреу болар.
Ә й е л д е р т о б ы :
Қуаныштың орнында қайғы болса,
Көңіл баяу, көз мұңлы, жылау болар.
Қуанар ем мен дағы бойым еріп,
Осы қызық бола алса өмірсерік.
Қазір тарап кететін ойын-жиын,
Адым жерге кім барар жаным еріп, жар-жар.
Бүгінгі күн түрленген қинаулымын,
Айналамда көз де көп сынаулымын.
Іштегі дерт сонда да шықсын сыртқа, 
Ырзалық жоқ мен зарлы жылаулымын, жар-жар!
Үлкендер бір-біріне қарайды, Нарша жүдеп тұрады.
М ө р ж а н . Мынау менің баламның сөзі емес, а Құдай, оң 
сапарыңды бер, жолымды қыл деп тілек тілеудің орнына. Менің 
балам мұны айтпайды, бүйтіп азбайды. Мынау сөз Сырым 
сияқты жынның сөзі, оның адал ниет ақ батамен жұмысы бар 
ма? Шығаршы өзін қарағымның жанынан – ойын деп тұр ма, 
баланың тілек тілейтін сапарын, нені көкіп тұр өзі?!
Н а р ш а (
өз
т
обына
)
.
Шығар сөз шығып қалған соң, бүрке-
генмен бола ма, қайғылы жалғыз Қаракөз емес, Сырым да 
қостайды екен. Екеуі қосылып айтқан соң тыңдамауға бола ма.., 
бола ма, Асан! Айтқыза бер, арманымыздан шығып тыңдап 
қалайық. (
Бұл сөздерді үйдегі Сырымдар естіп тұрады.
)


217
С ы р ы м (
Қаракөзге
)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет