«Химиялық технология» пәні бойынша дәрістер №1. Дәріс. Жалпы химиялық технологияның теориялық негіздері Мақсаты



Pdf көрінісі
бет23/55
Дата06.10.2023
өлшемі1,33 Mb.
#112927
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   55
Байланысты:
Дәріс хим тех

Аммиакты синтездеу әдістері 
Аммиак синтезінің процестерінде қолданылатын қысымға байланысты үш түрге бөлінеді: 
1. 
Төменгі қысымдағы -10 Мпа дейінгі қысым; 
2. 
Орта қысымдағы- 20-30 МПа; 
3. 
Жоғары қысымдағы 75-100 МПа; 
Қазіргі кезде көпшілік өндіріс орындарында аммиакты синтездеудің процесі орта қысымда 
жүргізіледі (20-30 МПа). Аммиак шығымы 15-20% болғандықтан, алғашқы күйінде қалған азот пен 
сутек қоспасы технологиялық процестің басына қайта оралады. 
Синтетикалық аммиак өндірудің схемасы 
Аммиакты синтездеудің технологиялық процестері негізгі жеті операциядан құралады. Табиғи 
газды күкірт қосылыстарынан тазартып, су буымен араластырады (3,7:1). 
Никель 
катализаторының қатысуымен 800-850
0
С температурада конверсиялайды (9-10 мөлшерінде), 
алғашқы қалпында қалған 






метан су буымен араласып (0,6:1 ) шахты конверторында 910
0
С температурада ауамен араласып, 
конверсия процесінің екінші сатысына өтеді. Шахты конверторынан шыққан газдың жылуын іске
асыру үшін ыстық газды 10 МПа қысымда, 480
0
С температурада утилдеу қазанына жанастырып 
су буын 
алады. 
Утилдеу қазанынан өткен газ 430-470
0
С температураға дейін қыздырылған, темір - хром 
катализаторы толтырылған конверторға келіп, көміртек (ІІ) оксидінің конверсиялануының бірінші 
сатысына түседі: 
200-260
0
С температурада мырыш-хром-мыс катализаторы толтырылған конверторға келіп, 
конверсияның екінші сатысына түседі. Соңғы конвертордан 
шыққан
газ құрамында көміртек (ІІ) оксидінің 
қалдығы 0,2-0,4%-тен аспайды. 
Конверсияланған газды СО
2
, СО және О
2
-
нен тазартып, 30 МПа дейін қысып, синтез 
колоннасына 
жібереді. Аммиакты синтездеу колоннасындағы катализаторды жылуды алмастырғыш арқылы 
450-500
0
С дейін қыздырады. Синтез колоннасынан шыққан аммиак-азот-сутек қоспаларынан 
аммиакты бөліп алу үшін су мұздатқышпен салқындатып, аммиакты сұйық күйіне ауыстырып, 
сеператорда бөліп алынады. Газ 
күйінде қалған аммиак аммиак-сұйытқышымен -10-18
0
С температурада суытылып, азот-сутек 
қоспаларынан бөлінеді. Сұйық күйіндегі аммиак сол қалпында қоймаға жиналады. Аммиак 
синтезінің колоннасы ерекше төзімді қасиеті бар хром-никель болатынан құйылған тұтас құймадан
жасалынады. Оның пішіні цилиндр тәрізді, биіктігі 24 м, қабырғасының қалыңдығы 18 см, диаметрі 
-1,2-
2,4 м. Синтез колоннасының жоғары жартысына катализатор қорабы, 
төменгі
жартысына жылу алмастырғыш орналасқан. 
Колонна корпусының құрамында мыс, көміртек болмауы қажет. Себебі реагенттер 
құрамындағы сутек және синтезделген аммиак технологиясының жағдайдаында агрессивтік қасиет 
көрсетеді, яғни сутекті гидрлеу процесінде аммиак-мыс комплекс қосылыстарының түзілуіне 
белсенді түрде қатысады және синтездеу колоннасы кеуектеліп, беріктілігін төмендетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет