Аммиактың атмосфералық қысымында тотығуы нәтижесінде өндірілген әрбір тонна азот
қышқылы үшін 0,04-0,06 г платина ұсақ күйінде шығын болады. Ал, аммиак жоғарылау
қысымда
тотыққанда платина шығыны он есе артады. Осы шығын азот қышқылының өзіндік құнын
арттырады. Өндіріс
жағдайында аммиактың тотығу процесі өте аз уақытта аяқталады.
Аммиактың тотығу процесіне катализатордан басқада температура, қысым және газдар
қоспасының құрамы да әсер етеді. Температура жоғарылаған сайын реакция
жылдамдығымен
қатар газдардың
диффузиялық коэффициенттері де артады, бірақ температура 800-850
0
С асып кетсе, азот (ІІ)
оксидінің шығымы
төмендейді де, азот
шығымы
артады (г–
реакциясы және аммиак диссорбцияланады). Сондықтан платина
катализаторының қатысуымен
жүретін аммиактың
тотығу
процесі атмосфералық
қысымдағы тиімді жағдайының температурасы - 800
0
С, жоғарылау қысымда
900
0
С, осы
температурада жанасу уақыты тым аз болғандықтан жанама реакциялар түзіліп үлгермейді.
Активтігі төмен металдардың оксидтерін қолданғанда жанасу уақыты он есе өсіп,
платина катализаторымен
салыстырғанда, тиімді температура
700-750
0
С дейін төмендейді.
Қысым жоғарылаған сайын реакция көлеміндегі реакцияласушы реагенттердің
концентрациясы
артады.
Сонымен қатар,
газдар қоспасының көлемі
кішірейеді, көлемнің
кішірейуі қысымға тура пропорционал болғандықтан, катализатор өнімділігі артады;
бірақ қысымның
жоғарылауы
катализатор шығымын көбейтеді. Демек, бұл
жағдай қондырғы құны мен қышқыл құнын арттырады. Сондықтан өндірістегі азот қышқылының
қысымы 0,2-1,0 МПа
шамасында болады.
Газ қоспасының құрамы, температураға және технологиялық процестің жылдамдығына үлкен
әсер етеді, «а»- реакцияның теңдеуі бойынша 1 моль аммиакқа 1,25 моль оттек жұмсалса, азот (ІІ)
оксидінің шығымы 65% аспайды, осы шығымды көбейту үшін іс жүзінде О
2
: NH
3
=1,8-2,0:1
қатынаста болады, егер ауа құрамындағы оттектің мөлшерімен есептегенде аммиактың әрбір
көлеміне ауаның 9,5-10,5 көлемі қажет болады.
Өндірісте естен шығармайтын жәйт – қалыпты жағдайда аммиак пен ауа қоспасының
құрамындағы аммиак 16-27% аралығында болса, мұндай қоспа – қопарылғыш келеді.
Температура жоғарылаған
сайын қопарылыс беретін интервал кеңейе түседі. Мысалы: 250
0
С температурада 14-30,5%
аммиак, егер қоспа
аммиакпен оттектен құралса, онда атмосфералық қысымында 18
0
С
температурадағы қопарылғыш
қоспа интервалы -15,3-79% NH
3
. Қысым артқан сайын төменгі шегі төмендейді.
Достарыңызбен бөлісу: