I деңгей «Артпедагогика» ұғымының сипаттамасы


Отандық аниматорлар және олардың балаларды оқыту мен тәрбиелеуге қосқан үлесі



бет31/54
Дата24.12.2022
өлшемі125,41 Kb.
#59376
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   54
18. Отандық аниматорлар және олардың балаларды оқыту мен тәрбиелеуге қосқан үлесі
Анимация — идеология құралы. Ертеректе ата-әжелеріміз ұлттық салт-сананы қиял-ғажайып ертегілермен баланың бойына сіңіріп отырса, техника қарыштап дамыған дәуірде бұл қызмет мультфильмдер мен балалар фильмінің еншісіне өтті. 50 жылдан аса тарихы бар қазақ анимациясының төл туындысы — «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмі. Ал, отандық анимация дегенде бұл саланың ұлттық нақышта дамуына өлшеусіз үлес қосып, қолтаңбасын қалдырған режиссер-аниматор Әмен Қайдаровты атамау мүмкін емес. Бүгінде Әмен ақсақалдың батасын алған ізбасарлары үшінші мегаполисті отандық анимация жүрегіне айналдырып отыр.
Оңтүстік өңірдегі анимация орталығының іргетасын қалаушылардың бірі — Керімбек Ниязбаев.
— 1999 жылы «Жебенің» тұсауын кестік. Талантты суретшілер Бегім Қаламұлы, Мақсұт Жәрімбетов сынды азаматтардың басын қостық. Анимацияға келгенге дейін жарнама өнімдерін жасап, сөзжұмбақ газеттерін шығардық. 2001 жылы қазіргі Нұр-Сұлтан қаласында «Жаңа ғасыр жарнамасы» деген байқау өтті. Онда жүлделі бірінші орынды алған соң, бағымызды анимация саласында сынауға бет бұрдық. Сөйтіп, сол жылы «Алдаркөсе мен шайтандар» анимациялық фильмін жасауға кірістік. Қаржылық келеңсіздіктерге байланысты мультфильмді 2004 жылы аяқтадық. Алайда, анимациядағы алғашқы өніміміз болған соң, Әмен Қайдаров ағамызға көрсетіп, кәсіби маманның батасын алуды жөн санадық. Ноутбугімізді арқалап, Алматыдағы Өнер академиясына келіп, Әмен ағамен жолықтық. Жұмысымыздың сапасына, оның маңызына риза болған ағамыз «Ізбасарларым, бар екенсіңдер ғой» деп көзіне жас алып, батасын берді,- дейді К.Ниязбаев өткен күндер еншісінде қалған еңбекті күндерді еске алып.
Бүгінде «Жебе» студиясы түсірген «Құтқарушы Ақылбек» мультсериалының 3 бөлімі «Балапан» арнасынан көрсетіліп жүр. Биыл тағы 6 сериясы бүлдіршіндерге жол тартпақ. Сондай-ақ, «Қыз Жібек» толық метражды анимациялық фильмі өндірісте. Айта кетейік, бұған дейін жебеліктердің «Қазақфильммен» бірлесіп жасаған «Айгүл», «Бағдаршамның хикаялары», «Сақ» студиясымен бірлескен «Қанатты барыс» сынды бірқатар туындылары жас көрермендердің көзайымына айналған.
Тәуелсіздіктің 30 жылында мегаполисте үш анимациялық студия қалыптасты. Алғашқысы – «Жебе» студиясы болса, екіншісі 2006 жылы одан бөлініп шыққан «Анимастер» студиясы. Үшіншісі — 2008 жылы бөлек отау тіккен «Сақ» студиясы.
М. Жәрімбетов жетекшілік ететін «Анимастер» студиясы көптеген отандық мультфильмнің жарыққа шығуына өзіндік үлесін қосуда. Сондай-ақ, «Алақай» балалар анимация студиясын қалыптастырып, жас аниматорларды тәрбиелеп келеді. Олардың авторлық туындыларын халықаралық фестивальдерге қатыстырып, анимация әлемінде тәуелсіз елдің жаңа буынын қалыптастыруда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет