127
тұрады, Ай жолы да
оған жуық, сондықтан күн сәулелері Айдың астыңғы төменгі бетін ала
жарық береді де, бізге Ай шалқалап жатқан сияқты көрінеді. Сөйтіп, жаңа Ай орағының
орналасу қалпы мен ауа райының арасындағы бұл кызық іліктестік Күн мен
Айдың аспандағы
жолдарының әр мезгілдегі өзара орналасуына байланысты.
6. Атан түйе мен шіркей қандай болса, үлкендігі жағынан алғанда Күн мен Ай да сондай. Ай
бетіндегі қарауытқан дақтар ойпаттау жерлері екен.
7. Адам баласының ұзақ жасаған тарихында оның көп іздеген аспан шырағы Ай болатын-ды.
Ес білмейтін сәби де керім Айға қол созып аймалайды. Малшы, керуенші, аңшы, қарақшы бәрі
де Айды бақты. Ойшыл, сыншылдар да тіпті еріккенде Айға қарады. Кәне, ойланайықшы, «Мен
ұрлық қылғанда ай жарық болды»; «Ай қарап тұрсың ба?» дегендей сөздер де бар емес пе?
Осыдан 350 жылдай бұрын Галилей тұңғыш рет ойлап тапқан кұралымен Ай бетінен тауларды
көрдім, деп жарияласымен-ақ Айға ынта ерекше күшейді.
8 Өмір бақи меңіреу жатқан кең дұниенің түкпірлерін шарлауда адам перзенттерінің аяғы
тұңғыш рет Ай бетін басатыны сөзсіз. Ай келешекте космос жолаушылары үшін бірінші бекет
болып табылмақ.
Достарыңызбен бөлісу: