I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



Pdf көрінісі
бет227/367
Дата17.10.2022
өлшемі4,57 Mb.
#43719
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   367
20. 
Айдың тууына байланысты халық 
әрекеті. 
A. Жыл мезгілінің ауысуын болжаған 
B. Жаздың 
жаңбырлы 
болатынын 
болжаған 
C. Ауа райын болжаған 
D. Болашағын болжаған 
E. Құстардың қайтуын болжаған 


191 
1412 нұсқа 
1-мәтін 
Қазақ халқының ұлттық дәстүрлерінің ішінде бата беру ерекше орын алады. Халықтың тілек- 
бата сөздері жас ұрпақты әдепті, сабырлы, зерделі, арлы болып өсуге баулиды. Дәулетті, 
бақытты, кешірімді болуын тілейді. Тілек-бата сөздер халықтың өзімен бірге жасасып келе 
жаткан ежслгі мұрасы. Бұлар - оның рухани өмірінде тұтастығын, бірлігін, салт-дәстүрін, 
адамгершілік өсиеттерін сақтауға ерекше қызмет атқарады. 
Болашақтың иесі - ұрпағына амандық, парасаттылық, өнер-білім, құт- береке, ұзақ өмір, үлкен 
табыс тілеу - ежелден азаматтың асыл мұраты болса керек. 
1. 
Екінші азатжолдың бірінші азатжолға 
қатысы қандай? 
A. Ойды сипаттайды 
B. Ойды салыстырады 
C. Ойды қорытындылайды 
D. Ойды суреттейді 
E. Ойды дамытады 
2. 
Мәтінге сәйкес мақал-мәтел 
A. Халық каласа, хан тағынан түседі. 
B. Батамен ер көгерер, жаңбырмен жер 
көгерер. 
C. БІрлік болмай, тірлік болмас. 
D. Көп - корқытады, терең - баттырады. 
E. Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады. 
Ерте көктем шығысымен-ақ әкем қыс бойы көміліп жатқан жүзім бұтақтарын ашып, оны 
ағаштан иіп жасалған арнайы белдеулерге асып қоятын. Бұл өте күрделі, нәзік жұмыс. 
Қысымен жер астында жатқан жүзім бұтақтары кейде топырақ астында жатып-ақ бармақтай- 
бармақтай бұртік шығарып қалады. Оны абайсызда жұлып түсіруге болмайды. Әкем топырақ 
астында көзге көрінбей жатқан адам саусақтары секілді жүзім бұтақтарының қай тұста, қалай 
жатқанын алақанымен сипалап білетін. Сол себепті көктемдегі жүзім ашу ісіне өзінен басқа тірі 
пендені жолатпайтын. Мұндайда әкем жүзімнің әр бұтағын қолымен сипалап, «Ә, оянып 
қалдың ба, жарайды, сен де жарық дүниеге шыға ғой», - деп өзінен-өзі күбірлеп сөйлеп жүретін. 
Әкем үш гектардай жерді алып жатқан жеміс бағындағы алма, өрік, шабдалы, тағы басқа 
мыңдаған түп ағаштардың әрбіреуінің кай жерде, қалай тұрғанын, неше жаста екенін, өткен 
жылы неше бұтағы кесілгенІн, қанша жеміс бергенін, биыл кайсысына күтім кажеттігін жатқа 
білетін. Сол себепті ол бақты аралап жүрмей-ақ өзі көздеген жеміс ағашын бірден тауып, оның 
артық бұтақтарын кесіп, құрт түскен жапырақтарына дәрі сеуІп жүретін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   367




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет