192
Ертеңіне кІшкентай ханзада тағы бұрынғыша еркелейді. Ұстазы доғаруын айтқанында тағы да
әкесімен қорқыта бастады. Сол сәтте ішке патша кіріп келеді. ¥стаз ашуланып патшаға ұрсып
береді, бұлай жайбарақат кіруге болмайтындығын, есікті қағып рұқсат сұрап кіру керектігІн
айтып қуып шығады. Патша басы салбыраған күйде кешірім сұрап шығып кетеді. Бұл
жағдайды бақылап отырған ханзаданың тілі тұтылып не айтарын білмей абдырап қалады.
Сеніп отырған әкесі көз алдында ұрыс естіген еді. Көздері алақ-жұлақ етіп отырғанында, есік
қағылып патша кешірім өтініп, рұксат сұрап ішке кіредІ.
Жоспар керемет түрде жүзеге асқан еді. Осы күннен бастап ханзада еркелігін доғарып,
ұстазының айтқанын екі етпейтін болыпты.
Достарыңызбен бөлісу: