I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



Pdf көрінісі
бет325/367
Дата17.10.2022
өлшемі4,57 Mb.
#43719
1   ...   321   322   323   324   325   326   327   328   ...   367
2359 - Нұсқа 
1-мәтін 
 
Осы күнгі құстардың ең ірісі және ең жүйрігі - түйеқұс. Оның биіктігі екі жарым метр, салмағы 
отыз алты килограмға дейін жетеді. Мойны мен басы мамықсыз болады. Аяғы екі саусақты
қанаты нашар жетілген. Қоразының түсі қара, оның қанат, құйрық қауырсындары ақшыл. 
Мекиенінің түсі қоңыр болып келеді. 
Түйеқұстар топтанып жүреді, олар құмды даланы мекендейді. Түйеқұстар өсімдіктің ұрығын, 
жемісін, ұсақ жәндіктерді жейді. 
Түйеқұстың жүйріктігі сонша, ол ит, түлкі, қояндардан озып кетеді. Оның бір айлық 
балапанының өзі сағатына елу километр жылдамдықпен жүгіреді. 
Түйеқүстың етін жейді. Ал қанат, қауырсындары әсемдікке пайдаланылады. 
1. Түйеқүс қандай жерді мекендейді? 
A) Орманды алқапты 
C) Тоғай ішін 
E) Құмды даланы 
B) Егінді даланы 
D) Өзен жағасын 
2. Түйеқұстың басқа құстардан ерекшелігі 
A) Түсі қара 
C) Еті пайдалы 
E) Ең жүйрігі 
B) Мамығы пайдалы 
D) Қауырсындары ақшыл 
2- 
мәтін 
 
Арқар - қой тұқымдасына жататын жануар. Өзінің денесі сымбатты, биіктігі 125 сантиметрге, 
салмағы 200 килограмға дейін жетеді. Жазда арқасы мен бүйірі коңыр, бауыр жағы акшыл 
түсті келеді. Еркегінде де, ұрғашысында да мүйіз болады. Құлжасының мүйізі ірі, бұралып 
иілген, айшықты, аналығынікі нәзік, өте қысқа, бозғылт қоңыр түсті болады. Мүйізіндегі 
сақинаға қарап жасын анықтайды. 
Арқар негізінен Орта және Орталык Азияның тауларын, Азияның оңтүстігіндегі тауларды 
мекендейді. Арқар — биік тауларда тіршілік етуге бейім, аязға өте төзімді жануар. 
Арқар көбінесе үйір-үйірімен жүреді. Көбіне, көгалды шоқылардың арасындагы далалы өңірде 
жайылады. Қыста салқын түссе, таудың етегіне, көктем мен жазда таудың субальпілік 
белдеуіне қарай ауысады. Бұл мезгілде олар 10-15-тен топтанып жүреді. Тек жазда көбею 
кезінде бөліне бастайды, кебіне егіз туады. Аркарлардың басты жауы - қасқыр мен барыс. 


302 
Арқар дәмді ет, сапалы тері беретін аң болып саналады. Алайда саны жылдан-жылға азайып 
барады. Сондықтан казір оны аулауға тыйым салынған. Қазакстан Ғылым академиясының бір 
топ ғалымдары арқарды меринос қойымен будандастыру аркылы казақтың асыл тұқымды 
арқар-меринос қойын шығарды. 
3. Қазақстан ғалымдары қандай ғылыми жаңалық ашты? 
A) Арқардың тіршілік ету ортасын айқындады 
B) Арқар терісінің сапалылығын дәлелдеді 
C) Арқардың мүйізіне карап жасын анықтады 
D) Арқардан төрт түлік түрін шығарды 
E) Арқардың төлдеу ерекшелігін көрсетті 
4. Аркардың негізгі жауы нелер? 
A) Шөп қоректілер 
C) Үй жануарлары 
E) Жұптұяқтылар 
B) Жыртқыш кұстар 
D) Жыртқыш аңдар 
5. Неліктен арқарды аулауға тыйым салынған? 
A) Саны жылдан-жылға азайып бара жатқандықтан 
B) Мүйізі үлкен болғандықтан 
C) Егіз төл беретіндіктен 
D) Сирек төлдейтіндіктен 
E) Меринос қойымен будандастыратындықтан 
6. Арқар қандай жерлерді мекендейді? 
A) Құмдауыт ойпаттарды 
B) Жазық даланы 
C) Eric алқаптарын 
D) Шөлейт жерлерді 
E) Тау бөктерлерін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   321   322   323   324   325   326   327   328   ...   367




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет