64
бір сөзінен бір сөзі сорақы болды-ау! Бұл не айтқаны?» - деп ойлайды.
Жолда бір елге кездсесді. Бұл елдін адамдары дүниеден өткен кісіні жерлеуге апара
жатыр екен. Жігіт:
- Ата, мына кісі өлген бе, өлмеген бе? - деп сұрайды. Қарт шыдай алмай:
- Өлмесе жерлемейді гой! - деп жігіттің бетін қайырып тастапды. Жігіт үндемейді.
Олар кабірге бірге барады. Шыққаннан кейін:
- Ата, әлгі кісі өлмеген екен, дейді. «Я, кұдай, жерленген адам қалай тірі болады?»,-
дейді карт ішінен.
Күн
кеш болады, екеуі қарттың үйіне келеді. Қонағын үйіне кіргізеді де, қызын
шақырып алып:
- Шырағым, үйге бір жігіт келді, мейман ет! Бірақ сүйкімсіз мінезі бар. Сөзінде
кесапаты зор адам, - дейді. Қыз қонақпен сойлесіп көрсе, сөзі мағыналы екен. Қыз:
«Япыр-ау, әкемнің айтканы осы кісі ме екен?» - деген оймен әкесіне келеді де:
- Әке, сізбен неше кісі келді? - дейді.
Әкесі:
- Жалғыз, - дейді.
Қыз:
- Онда сөзінде кесапаты зор деген адамыңыз осы болса, мұнан қандай кесапат
көрдіңіз? - дейді.
Қарт:
- Ойбай-ау, оның сөйлеген сөзінде кесапатсыз бір сөз жоқ. Әуелі ол: «Жол
қысқартайық», - деді. Мен: «Жол қалай қысқарады?» - деп едім. Ол: «Бірімізді-біріміз
кезек арқалап отырайық», - деді. Мұнысы былай тұрсын. Орылмаған егінді көріп: «Ата,
мына егін желініп қойган ба, желінбеген бе?» - деп сұрады. «Орылмай
тұрған егінді кім
жеп қояды?» - дедім мен. Бұл мұнымен тұрсын. Бір ауылдан қаза тапқан кісіні көріп:
«Ата, мына кісі өлген бе, өлмеген бе?» - дейді. Онан шығып келе жатыр едік: «Ата,
жаңағы адам өлмеген екен», - деді. Міне, мен оның осындай төрт кесапатты сөзін
естідім, - дейді.
Сонда қыз тұрып:
- Әке, бұл сөздер зор магыналы сөздер ғой. Сіз оның айтқан сөзіне тусінбеген екенсіз.
Оның бірінші айтқаны: «Кезекпе-кезек әнгіме айтып отырайык, жол қысқарсын»,-
дегені. Екіншісі: «Егін байдікі ме, кедейдікі ме?» - дегені. Байдікі болса - өз көлігімен,
кісі жалдап жыртып, өз тұқымын себеді, өнімін
ертең өзі алады, желінбеген болып
саналады. Кедейдікі болса, ол сорлы тұқымды несиеге сатып алады, жерді көлік жалдап
жыртады, түскен өнімі борыштан аспайды. Сондықтан ол шикідей жеп қойғанмен
бірдей болады. Үшіишісі: «Баласы бар ма?» - дегені. Балаларын көрген ол: «Өлмеген
адам екен»,- дегенді айтқан. Сіз ол жұмбағын шеше алмаған екенсіз, - деген соң, қарт
қателігін мойындап, жігіттің қолын алып:
- Мен сенің антқан сөздеріңе түсіне алмай, ішімнен саған қатты ренжіп едім. Олай
емес, сен
ақылды жігіт екенсің, - деп, қызын соған беріпті.
Достарыңызбен бөлісу: