I теоретические основы логопедии



бет126/203
Дата03.02.2023
өлшемі2 Mb.
#64963
түріОқулық
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   203
Байланысты:
I теоретические основы логопедии

Дауыстың функционалды бұзылыстары кең тараған және алуан түрлі.
Оларда көмейдің анатомиялық және асқыну өзгерістері байқалмайды. Функционалды патологиялардың себептері әр түрі: дауыстың қалжырауы, дауыстың дұрыс қойылмауы, әр түрлі инфекциялық ауырулары және психикалық факторлардың әсері.
Функционалды өзгерістердің ұзақ уақытқа созылуы, көмейдің шырышты қабығының жалған органикалық өзгешеліктерін - қызаруын (гиперемиясын), дауыс қатпарларының қалыңдауы мен іскендігіне ықпал етуі мүмкін. Бұның бәрі функционалды бұзылыстарды дұрыс анықтауын қиындатады.
Перифериялық функционалды бұзылыстарға фонастения, гипо- және гипертонусты афония және дисфония жатады.
Фонастения («phone» - дыбыс, дауыс, «astheneia» - әлсіздік, дәрменсіздік) – сөйлеу қозғалу аппаратының табиғи зақымдануының болмауы кезіндегі дауыс қалыптасуының бұзылуы. Көбінесе шамадан тыс дауыс зорығу салдарынан болады. Психогендік сипат алуы мүмкін. Бұл бұзылыс «дауыс» мамандарында байқалады. Фонастения тыныс алу мен фонацияның үйлестігінің бұзылуымен, дауысты күшейту және төмендету мүмкіндігінің болмауымен сипатталады. Фонастенияның ауыр түрлері афонияға айлануы мүмкін.
Әдебиеттерде фонастенияның пайда болу себептері жайында бірыңғай көзқарас жоқ. Кейбір авторлар себептердің арасында психикалық жарақаттар мен шамадан тыс эмоционалды жүктемелерді атаса, басқалары тыныс жолдарының асқыну ауырулары кезінде дауыстың сақтану тәртібін ұстанбаудан дейді.
Гипотонусты дисфония (афония) екі жақты миопатикалық парездің салдарынан, яғни көмейдің ішкі бұлшық еттерінің парезімен шартталған. Олар кейбір инфекциялардан кейін (тұмау, дифтерия), сонымен қатар дауысқа артық күш салу нәтижесінде пайда болады. Дауыс перделерін тарылтатын бұлшық еттері зақымдалады. Бұл жағдайда дауыс перделері толығынан қабыспайды, олардың арасында саңылау қалады. Дауыс ауытқуы жеңіл қарлыққаннан дауыстың шаршауы, мойын бұлшық еттерінің, желкенің және кеуде қуысының ауыруымен білінетін афонияға дейін көрінуі мүмкін.
Дауыстың гипертонусты (спастикалық) бұзылыстары көмей бұлшық еттерінің тонусының жоғарлауына байланысты. Фонация кезінде тоникалық құрысу басым болады. Гипертонус дауыс және вестибулярлық қатпарларын зақымдауы мүмкін. Фонацияда тырысу кезінде дауыс мүлдем шықпауы мүмкін немесе бұзылған, қатаң дыбыс шығады.
Ринофония мен ринолалия дауыс бұзылыстарының арасында жекеше орын алады, өйткені олардың патофизиологиялық механизмі жұмсақ таңдайдың функциясының органикалық немесе функционалды сипатында дұрыс болмауында. Жабық ринофония кезінде мұрын жолды дауыссыздар ауыздық резонансқа ие болады, дауыстылар үнін, дауыс табиғи тембірін жоғалтады. Ашық ринофония барлық ауыз жолды дыбыстардың патологиялық назализациясымен сипатталады. Дауыс әлсіз, қарлығып шығады. И. И. Ермакованың (1984) деректері бойынша ринолалия кезінде 70- 80% фонестения мен гипотонусты дисфония байқалады.
Сонымен, балаларда және жасөспірімдерде дауыстың функционалды бұзылыстары этиологиялық факторларға, жасына, жынысына қарай әр түрлі көрінеді. Барлық функционалды бұзылыстарды көмейдің және дауыс қатпарларының құрылысында тұрақты анатомиялық ақаулардың жоқ болуы біріктіреді. Көмейдегі ларингоскопия арқылы анықталған өзгерістер (гиперемия, ісіктену, қалыңдау, дауыс қатпарларының толық қабыспауы, т.с.с.) өткінші сипатта болып, дәрімен емдеуден, дауыс тыныштығын
сақтаудан кейін және логопедиялық (фонопедиялық) жаттығулардан кейін толық жойылады. Дауыс гигиенасы мен оны сақтандырудың да маңызы зор. Орталық функционалды бұзылыстарына функционалды немесе психогенді афония жатады. Бұл бұзылыс адамның психикасын жарақаттайтын жағдайда аяқ асты пайда болады. Ол, әдетте, истериялық реакцияларға бейім адамдарға тән, қыздар мен әйелдерде жиі кездеседі. Дауысы мүлдем жоқ болғанымен үнді жөтел мен күлкі сақтаулы болады. Бұл маңызды диагностикалау белгісі деп саналады. Функционалды афония ұзаққа созылуы және дауысты қалпына келтіргеннен кейін қайталануы мүмкін.
Дауыстың бұзылуын осылай органикалық және функционалды бөлуі фониаторлық емдеу және логопедиялық сабақтардың әдістерін таңдауын болжауда маңызы зор. Мысалы, дауыстың функционалды бұзылыстары көмейдегі дауыс қатпарларының функциясының өткінші өзгерістеріне байланысты болады, сондықтан, логопедиялық ықпалдың арқасында бұрынғы дауыс қалпына келтірілуі мүмкін. Органикалық бұзылыста көмей, дауыс перделерінің құрылысында ауыр патологиялық-анатомиялық өзгерістер орын алады, сондықтан дауыстың коммуникативті функциялары қалпына келтірілгенімен оның күшінің, жоғарлығының және тембрінің сапасы қалыпты дауыстан өзгеше болады.
Дауыстың бұзылуын терең зерттеуі науқастарды әр түрлі мамандардың кешенді тексеру нәтижесінде ғана мүмкін болады. Сонымен, дауыстың бұзылуын клиникалық (фониаторлық, отоларингологиялық, неврологиялық), логопедиялық және психологиялық тұрғыдан тексеру аса маңызды. Дауыстың бұзылуын медициналық, логопедиялық және психологиялық аспекілерден қарастыру ауытқудың түп негізін тереңірек анықтауға және оны жеңудің тиімді жолдарын, әдістерін шығаруға мүмкіндік береді.
Дауыс бұзылуын медициналық аспектіден талдағанда мынаны ескереміз: сөйлеу анализаторының қайсысы бұзылған (сөйлеу-қимыл, сөйлеу-есту); анализатордың қай бөлігі бұзылған (шеткі немесе орталық); бұзылу сипаты қандай (органикалық немесе функционалды). Сонымен қоса ақаудың пайда болу уақыты ескеріледі. Дауыстың органикалық және функционалды бұзылуының көбі баланың кішкене кезіндегі даму үрдісінде, оның тұлға болып қалыптасу, сөйлеу функцияларының қалыптасу кезеңінде жүре пайда болады. Ескертетін бір ғана, ол дауыстың орталық органикалық бұзылыстары туа біткен және жүре пайда болған болулары мүмкін (афония, анартрия, дизартрия кезіндегі дисфония), сонымен бірге жұмсақ таңдайдың ақауларының салдарынан (ринолалия, туа біткен естуінің зақымындағы дисфония) дауыстың перифериялық (шеткі) бұзылыстары. Даустың барлық функционалды бұзылыстары баланың сөйлеу тілі қалыптасу үрдісінде, не болмаса сөйлеу тілі қалыптасып болғаннан соң пайда болады. Кейбір жағдайда дауыс бұзылысы сөйлеу тілінің басқа бұзылыстарымен тіркесу түрінде кездеседі (дизартрия, ринолалия, естудің төмендеуінің салдарынан сөйлеу тілінің бұзылуы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет