І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш



бет22/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   156
Әдебиеттер


  1. Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы. Алматы: Рауан, 1991, 152 б.

  2. Аблақов Ә., Исаев С., Ағманов Е. Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің дамуы мен лексикалану процесі. Алматы: Санат,1997.- 123 б.

  3. Телия В.Н. Семантический аспект сочетаемости слов и фразеологическая сочетаемость.//Принципы и методы семантических иследований.-246,249 стр., Москва: Наука, 1976.

  4. Ермекова Т. Сөйлем жүйесіндегі ішкі және сыртқы семантикалық байланыстар, ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №3(102).2007, 37-42 б.

  5. Апресян Ю.Д. Лексическая семантика. Москва, 1974, 64 стр.



ТУЫНДЫ СӨЗДЕРДІҢ ЭТИМОЛОГИЯСЫ


Емешова Гүлдариға Ерболқызы (Қазақстан)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: Салқынбай А.Б.ф.ғ.д, проф.

Қазақ халқының өткен ғасырлардағы тарихын, жай-күйін басқа халықтармен жасаған қарым-қатынасын тіліміздің қорындағы сөздерінің түп-төркінін тереңірек үңіле зерттеп, табу арқылы білеміз. Себебі, сол халықтың ерте кезіңдердегі салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі, өмір сүру дағдысы және рухани байлығы оның тіл лексикасынан көрініс табады. Сондықтан да этимологиялық зерттеулерде тіл білімінің саласын тарих, этнография, әдебиет, археология ғылымдарымен байланыстыра зерттейді.
Сөз төркінін жан-жақты қарастыра отырып бірнеше жақтан қарастыруға болады: ертеректегі сөздің төркініне тоқтала келіп, бұл өзге тілден енгендігін немесе тарихи тұрғыдан түп-тамыры түрік сөзі болғанымен қазіргі қазақ тілінде өзгеріске түскен тұлғалары арқылы анықтауға болады. Сондай-ақ көне түркі тілдерінде немесе қазіргі түркі тілдерінде мағынаға ие түбірлер қазір қолданысқа енбей жүрген бір шоғыр қазақ сөздеріне де негіз болып табылады.
Қазіргі қолданып жүрген сөздердің барлығы дерлік сыртқы пішіні тұлғасы жағынан ықшамдалып, өзгеріске түскен. Дербес сөздер мен сөз тіркестерінің өзгерістерге ұшырай сыртқы кейіптерін толығымен, я жартылай өзгертіп, қазіргі түрге жеткені секілді, әр алуан өзгерістердің нәтижесінде және әр қилы грамматикалық абстракцияның арқасында бірте-бірте сыртқы түрлері мен ішкі мағыналары жағынан дамып, пайда болған көмекші сөздер мен қосымшалар да аз емес екені белгілі.
Тіл-тілдегі айғақтарға қарағанда, бірқатар сөздер тек сыртқы формасын өзгертіп қана қоймай, ішкі мазмұныда өзгеріске түскен. Яғни, сыртқы формасының өзгерісі сөздің алғашқы мағынасының екінші басқа мағынаға ауысуына әсерін тигізген. Мысалы, қазіргі қазақ тілімізде “жұрағат” деген сөз бар.Ол өрен-жаран, үрім-бұтақ, ұрпақ, тұқым, кейде әулет деген мағынаны білдіреді. Ал осы сөз XI ғасырда ұрағыт түрінде айтылып, қатын (әйел) мағынасында қолданылған. Ол қазіргі тіліміздегі қатын мағынасында Махмұт Қашғаридың үш томдық сөздігінің үшеуінде де жұмсалған. Ал екінші мағынасы сол кездегі түркі жұрттарының ақсүйектерінің қыздарының атауы ретінде қолданылған.
Сол кездегі түркі тұқымдас халықтардың тілінде қыз деген сөзде болып, жалпы қыз атаулының, яғни бүкіл бұқараның қызының атауы мағынасында болған.
Мұнымен қатар, X-XI ғасырлардағы түркі тайпаларының тілдерінде қырқын деген де сөз болған. Бұл сөзде қыз мағынасында жұмсалғанымен, төренің де, қараның да қызының атауы болмаған. Құлдың, я күңнің қызын атаған. Демек, сол уақыттарда қатұн, қыз, қырқын деген үш сөздің үшеуі де қатар, жарыстырыла қолданылып жүрген. Махмуд Қашғаридың сөздігінің II томында мына бір шумақ өлеңде осы қырқын сөзі кездеседі:
Тунғур Қадһын булушты
Қырқын тақы қолушды
Емди тишим қамашты
Алты Торғайымны
Бұл өлеңнің аудармасы мынадай:
Құда мен қайын жиналып келісті;
Менімен тағы да қырқын (күң қыз) айырбастауға шарттасты;
Тісім уылып, бастырмайтын болды;
(өйткені) Тұрымтай деген күң қызымды алып қойды.
Сонымен бір кездегі қатын я әйел деген мағынада қолданылған ұрағұт деген сөз кейін өзінің бастапқы мағынасынан басқа тұқым (жұрағат) деген мағынаға ауысқан. Ал ертеректе ақсүйек қызы атанған қатұн деген сөз кейінгі замандарда ерге шыққан әйел деген мағынаға ауысқан. Ал осымен байланысты, әйел деген сөз парсы тілінен ауысқан бастапқы түбірі – ғаял болған.
Ертерек кезде құлдың, я күңнің қызы деген ұғымға атау болған қырқын деген сөз кейінгі замандарда қыз деген сөзге қомсыну, кеміту мағынасын үстеу, я жамау үшін қолданылатын болған, сөйтіп, өзінің әуелгі жеке-дара дербестігінен айырылып, тек қос сөздің белгілі бір сыңары (компоненті) ретінде ғана жұмсалатын, жеке қолданылмайтын сөз болып қана сақталып қалған [1. 81-84].
Көнектей. Моңғол тілінде көнек – құдыққа қауға ретінде салатын, ағаштан, не теріден жасалған шелекті айтады. Түрікмен тілінде көнек – тұз салатын тері қап; өзбек тілінде – қымыз құятын мес. Қазақ тілінде көнек сөзі осы күйінде кездеспейді. Бірақ көн-терісі деген тіркес бар. Осы көн, көнектей, көнек сөздерін бір түбірлес ретінде алып қарауға болады. Көн сөзі – ойрот, азербайжан және өзбек тілдерінде иленген тері деген мағынада әлі күнге дейін қолданылатын есім сөз.
Сол сияқты ескі түркі тілінде де көн сөзі осы мағынада жұмсалған. Ол қазақ тілінде тері сөзімен тіркесіп қолданылады. Осының бәрі көнектей сын есімінің түбірін көн (тері) деп қарауға негіз береді. Бұл арада “көн сөзі тері деген мағынада қолданылады” дегенде мына жағдайды ескеруді қажет етеді. Қазақ тілінде тері сөзі шкура ұғымында аңның сол күйіндегі терісін де, иленген материал ретіндегі ұғыын да береді. Ал ескі түркі тілінде және жоғарыда айтылған түркі тілдерінде екі түрі (тері-шкура, көн-выделенная кожа) қолданылған.
Осы ұғымдарға назар сала отырып, оны қазіргі тіліміздегі көну, көнбіс сөздерімен байланыстыра салыстырсақ, “айтқанын тыңдату” “төзімді” “істету” сөздерімен де мағына жағынан алшақтамайды.
Қазақ тілінде көн түбірі сақталғанымен, ол тек көн терісі деген тіркеспен және көнектей тұлғасының құрамында ғана сақталған. Сондықтан ол тарихи түбірлер қатарына қосылады [5. 243].
Алқа қырғызша – дервиштердің діни ритуал кезінде алқа-қотан құруы, бащқұртша – сырға, татарша да – сырға. В. В. Радлов бұл сөзді сырға, моншақ деп түсіндіреді. Ал қазақ тілінде алқа – әйелдер мойнына, омырауына сәнге тағатын алтын-күмістен істелген әшекейлі зат. Алқа ылғи алдыңғы жаққа, омырауға тағылады. Егер оны мойынға салса да арқаны емес, алдыңғы кеудені безеу мақсаты көзделеді. Көптеген түркі тілдерінде ал сөзі қолданылады, ол бір нәрсенің алдыңғы жағы. Бұл түбір көне түркі жазу нұсқаларында да бар. Демек, алқа сөзінің түбірі – ал, сөз соңындағы –қа – жұрнақ болу керек. Қазіргі қазақ тіліндегі алға, алды, алғы сөздерінің де өрбіген түбірі осы ал сөзі деп берілген этимологиялық сөздікте [6. 33-34].
Ал Бибіайша Нұрдәулетованың еңбегінде алқа сөзі “ақын-жырау, жыршылардың ортасы” деп көрсетілген. Ал қазіргі таңда бұл сөздің бұрынғы мағынасы кеңейіп, “құрбы-құрдастардың жиналған ортасы” деген ұғымда да қолданылады [7. 117].
Қазақ тілінің тарихы тым ертеден басталады, яғни оның түп-төркіні тереңге бойлаған. Сонау замандардағы барша түркіге ортақ ескерткіштер Орхон, Енисей, Талас жазулары тіліміздің негізгі бастау алған қайнар көзі. Сол уақыттан бастап осы заманға дейін халқымыздың басынан өткен әр түрлі тарихи төңкерістер кезінде де түркі тілдері сан алуан өзгерістерге ұшырап, сүрленіп, қашалып жеткен. Түркі тілдері біршама тармақтарға ыдырап кетті. Ыдырау нәтижесінде кейбір туыс тілдер бір-бірінен алыстап танымастай өзгеріске ұшыраса, кейбірі өз жақындықтарын сақтап қала алды. Қыпшақ тармағынан шыққан қазақ тілінің лексикасы да бірде жұтала жаздаса, бірде өрістеп тіл жаңа сөздермен байыған үстіне байи үсті.
Қазіргі таңда тіліміздің лексикасы өте бай. Бірақ барлығы бірдей өзіміздің төл сөздеріміз деу мүлде қисынсыз. Өзге тілден енген сөздерді бөлек қарастырсақ, өз төл сөздеріміздің түп-төркінін зерттеу барысында сол көне түркі тілінің лексикасына үңілеміз. Көне түркі тілдерінің сарқыншақтары ғана емес, тұтас элементтері де тілімізде сақталған. Себебі, сөздердің этимологиясына ерекше назар салып қарасақ тіліміздегі түбір сөздердің өзінің бастауы осы аса құнды дүниеден бастау алған.
Қазақ тілін көркейтіп, гүлдендіріп тұрған әрбір сөзіміздің түп-төркінін зерттеп, барша қазаққа паш ету – басты міндет, көңілге мақтаныш!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет