І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш



бет24/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   156
«Қаның қарайды» фразеологизмі шебер, ұйқаса қолданылған. Ақынның бұл тұрақты тіркесті қолданудағы мақсаты: кейіпкердің ашулы кейпін бейнелеу болып табылады. Автор бұл тілдік бірлікті өлең жолында қолдану арқылы бергісі келген эмоциялық жағдайды оқырманға тиімді және ұтымды жеткізе білген.
Дегдар дарынның келесі бір тілдік бірлікті ұтымды қолданған тұсы:

  • Желтоқсан туса – жел шұнақ,

Салады –ай ол да лаңды.
Мен деген ерге берсін –ақ

  • Қайран, біздерге біткен шыдамды [4,10].

Ақын Есенғали Раушанов бұл «Шөл. Арман» атты өлеңінің берілген шумақтарында «жел шұнақ» тұрақты тіркесін қолданған. Мұнда ақынның шеберлігі тілдік бірліктердің орнын ауыстырып қолдануы. Яғни «шұнақ жел» фразеологизмін өлең ұйқасына үйлестіре «жел шұнақ» деп ауыстырып, инверсия құбылысын тиімді пайдаланған. Яғни, ызыңдап соққан желді, қыстың сол бір мезеттегі көрінісін осы тіркес арқылы оқырман көз алдына келтірген.
Аталған туындының келесі бір шумағы да осындай тіркестің оңтайлы қолданылуы есебінен, ақынның сөз қолдану шеберлігінің жоғарылығынан туған. Ол мына жолдар:

  • Ақ бұлт кетті жөнімен,

  • Көк бұлт нөсер төкпеді ол.

  • Алғидың ала шөлінен

  • Ағамыз жайды көкке қол [4,10].

Мұндағы қлданып отырған тұрақты тіркес «көкке қолын жаю» тіркесі. Яғни Алладан тілеу мағынасында қолданылған. Фразеологизм құрамындағы сөздер тіркесі бір–бірімен орын алмастыра қолданылып, өлең ұйқасына үйлестіріле икемделіп тұр. Фразеологизмдердің көркем әдебиетте, әсіресе, поэзияда қоланылуының бір ерекшелігі осында, оның құрамындағы сөздердің орнын алмастырып қолданғанда тілдік бірліктің мағынасы өзгермейді. Ақын Есенғали өз шығармашылығында осы берілген мүмкіндікті барынша тиімді қолдана білген.
Сонымен қатар, ақын «1932 жыл. Қазақстан» атты тарихи туындысында, тарихи туынды деп атауымның себебі, бұл өлең жолдары 1932 жылғы тарихи оқиға салдарына арналған. Ақын бұл шумағында фразеологизмді қолдану арқылы сол кездегі халықтың жағдайын оқырман көз алдына келтіріп, санасына ой сала отырып өлең жолдарын әсерлі етіп жеткізген. Оған дәлел келесі жолдар:

  • «Ел қырылған» деседі мына дөңде,

  • Не деймін мен осынау тұл әлемге?

  • Кәрі аспан...

  • Кәдімгі дөң...

  • Қараша айы...

  • Түк те жоқ көз тоқтайтын бұдан өңге [4,11]

Бұл шумақтың екінші жолында кездесіп тұрған «тұл әлемге» тұрақты тіркесі, «ешкім де, ештеңе де жоқ бос әлем», «қаңыраған дала» деген мағынаны беріп тұр. Ақынның бұл тілдік бірлікті қолданудағы басты мақсаты: оқуырман қауымның көз алдына сол қиын –қыстау аштық заманын, сол замандағы ауылдың күйінен хабардар беріп, әсерлі де әсем жеткізе білу.
Дегдар дарын ақын Есенғали шығармашылығында мұндай тілдік бітліктер орын алған жолдарды көп кездестіруге болады. Мәселен, мына жолдар да айтылған сөзімізге тұздық бола түспек.
Таңдайында өлеңі,
Маңдайында соры бар,
Қазақ жүріп келеді
Қоналқы іздеп жолығар
Және де:
Жарасы отыр сыздап ақ,
Қинайды ұзақ, беу, неге.
«Тойдың шырқын бұзбалап»
Ұяты отыр кеудеде [4,11]
Дарынды ақын Есенғали Раушановтың қаламынан туған, «Мінез» деп аталатын бұл өлең жолдарында, ақын бір адамның мінезін беру арқылы барша хзалықты меңзеп өтеді. Ақын мұнда да тілдік бірлікті адам мінезін беру үшін қолданған. «Маңдайында соры бар», «тойдың шырқын бұзбалап» тұрақты тіркестері бұл шумақтардың мән –мағынасын ашып, маңыздылығын арттырып тұр. Шумақтың құндылығы да, көркемдік дәрежесінің жоғарылығы да осы тілдік бірліктердің тиімді де шебер қолданылуының есебінен болып тұрғаны айдан анық. Мұндағы «маңдайының соры бар» фразеологизмі басында қиыншылығы көп, қиындыққа көп тап болатын, үнемі тар жол тайғақ кешумен жүретін адам деген мағынада берілсе, өлең жолының екінші шумағында келтіріліп, қолданылған «тойдың шырқын бұзбалап» тұрақты тіркесі. Бұл тіркес өлеңнің осы шумағының маңызын арттырып тұр. Осы тіркестің мағынасын түсіну арқылы ғана біз өлеңнің құндылығының жоғарылығын түсінеміз. Бұл фразеологизмнің беретін мағынасы «тойдың қызығын бұзып, тойдың барысын бөліп» деген мағынаны бергенімен ақын мұнда бұл тіркесті керісінше мағынада қолданып тұр. Яғни, тойдың қызығын бұзбас үшін ауырған жерінің сыздағанын сездірмей, іштен тынып отырған адамның жай–күйін беріп отыр. Дарынды ақын бұл тіркестің кері мағынада қолданып тұрғанын білдіру үшін тілдік бірлікті тырнақшаға алып («тойдың шырқын бұзбалап») көрсеткен.
Ақынның «Естелік» атты өлеңінің мына шумағындағы тілдік бірліктер де оңтайлы қоланылған:
Кірпігінде мұз еріп,
Нар діңкесін құртатын.
Сол балалар біз едік
Қазық аяқ,
қу тақым [4,58].
Есенғали Раушанов өлеңнің аты айтып тұрғандай, аталған өлең жолдарында жастық шағына, балалық кезіндегі есте қалған естеліктеріне ой жүгіртіп өтеді. Ақын әсерлі туындысы арқылы тек өз балалығынан естелік айтып қана қоймай, оқырманның көз алдынан да балалық бал күндерін елестетіп өткізеді. Балалықтың балғын желін өз оқырман қауымының санасында естіреді. Ақын Есенғали мұнда «Нар діңке» және «Қазық аяқ, қу тақым» секілді тұрақты тіркестерді қолданған. Дегдар дарын иесінің аталған тілдік бірліктерді пайдалануының басты себебі, бұл фразеологизмдер балалықтың қайталанбас ерекшеліктерін бейнелеуге өте тиімді және ұйқасты да әсерлі. Дегдар дарынды ақын Есенғали шығармашылығында фразеологизмдер түрлі тақырыптарда, түрлі сарындарда келген өлең жолдарының көбінде ждерлік орын алған.
Қорыта айтсақ, көрнекті әдебиетші, ғалым Зейнолла Қабдолов айтқандай: «Сөз өнері жалпы мағынасындағы жай әдебиет емес, көркем әдебиет екендігін тектен –тек деуге болмайды. Оның барлық эстетикалық байлығы әдеби шығарманың көркемдігі арқылы ғана жасалады. Суреткерлік шеберлік, шеберліктен туатын шедевр (көркемдіктің көкесі)... –осының бәрін тек қана осы арадан іздеу керек» [5,24]. Дарынды ақын Есенғалидың шығармашылығы да осы әдебиет шедеврлерінің қатарынан десек қателеспеспіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет