Әдебиеттер
1. Мырза Әли Қ. Таңдамалы туындыларының көптомдығы. 6-том. – Алматы. Қазығұр, 2001.
2. Қазақстанның қызыл кітабы. 1-том. Жануарлар. 1-бөлім. Омыртқалылар. 3- ші басылым. – Алматы. Қонжық, 1996.
3. Экологический альманах. №1. 1996. стр.43.
4. Мырза Әлі Қ. Таңсық тақырыпты ақын-жүрек қара сөзбен жырлайды. // Егемен Қазақстан. №133.2007.
5. Мырза Әли Қ. Таңдамалы туындыларының көп томдығы.12-том. – Алматы. Қазығұрт, 2001.
Думан Рамазан – әңгімелерінің көркемдік ерекшелігі
Құдасова Ш. (Қазақстан)
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Ғылыми жетекшісі: Г.К.Тәңірбергенова
Думан Рамазан – тәуелсіздік жылдарындағы әдебиетіміздің негізгі өкілі, прозашы, драматург. Жазушының әңгімелері өз дәуіріндегі өзге қаламгерлер шығармашылығы іспетті жалаң түршілдікке салынбай, көрген-білгенін, сезіп-түйгенін шынайы, қоспасыз, жүректен өріле шығуымен дараланып келеді. Оның әңгімелері бүгінде талданып, жүйелі зерттеле бастауы, түптеп келгенде, прозасының қуаттылығын, тілінің көркемдігі мен дәлдігін, өткірлігін мойындау болып табылады. Жазушы шығармашылығы өте бай. Авторды өзгелерден ерекшелейтін стилі, жазу мәнері мен өзіндік қиялы көрініс тапқан: «Махаббат мұңы», «Құса», «Күйік», «Қос ішек», «Көкжал», «Келін», «Жылап аққан тамшылар», «Көз жасы», «Көгершін», «Жаралы аққу», «Жүрек қалауы», «Жер астында», «Жандос» және т.б. көпшілікке танымал әңгімелері.
Сонымен қатар, «Көкжал», «Хан Кененің қазасы», «Алланың өмірі» сияқты прозалық еңбектер мен әдеби, тарихи зерттеулердің авторы. «Кенесары» атты деректі фильмнің сценарийін жазып, кеңесші ретінде де автор өзінің сан қырлы талант екендігін дәлелдеп шықты.
Өз зерттеуімізде біз қаламгердің «Жан» атты әңгімесін жан-жақты қарастырып, қаламгердің өзіне ғана тән болмысы мен табиғатын танытуға тырыстық. Шығарманың бас кейіпкері Жұлдызжан арқылы «Өлілер мен тірілер әлемі» арасындағы паралель әлемнің қыр-сырын танып, өзге бір кеңестіктің жайын таниды оқырман. «Жастайынан атын естіп, шығармаларын жата-жастана оқып өскен жазушы ағасы кейінгі кездері күндіз есінен, түнде түсінен шықпайтын болды. Екеуі бір ауылдан. Ол орта мектепті бітірісімен арман қуып Алматыға аттанып, оқуға түсіп, оны үздік тәмамдағаннан кейін білдей бір баспаға редакторлық қызметке орналасып, дәм-тұз бұйырып, астанада тұрақтап қалып қойған» [1,1].
Негізінен әңгіме бірі өлі, бір тірі қос жерлестің кешегі және бүгінгі өмірінің мұражайда ұшырасуынан бастау алады. Одан әрі кейіпкерлердің диалогы:
– Сәлеметсіз бе? – именшіктей басып ішке кірді.
– Амансыз ба? – деді қыз жылы жүзбен, – мұражайды тамашалауға келдіңіз бе?
– Иә, – деді сұлуға сұқтана қарап. – Әдемі екенсіз! – Ой, рахмет! – Көзі күлімдеп кетті. – Жүріңіз! Ол аяғын ақырын басып, артынан ілесті. – Мыналар жазушы өмірінен сыр шертер суреттер, – деді қыз кіре берістегі қабырғаға ілінген фотосуреттерді көрсетіп. – Міне, мынау – жазушының туған үйі... [1,2].
Жұлдызжанмен қыздың әңгімесі одан әрі өрби береді. Қыз әрбір бөлмеге келіп таныстырған сәтте Жұлдызжан құдды бұрындары бұл жерге бір рет келіп, осында болғандай күй кешеді, тіпті көз алдына жазушы елестеп алдында тұрғандай көрінеді.
– Жазушы жайлы жақсы білетін сияқтысыз ғой?!
– Иә, бір кісідей білемін! – Бойын мақтаныш сезімі биледі
– Олай болса сізге айтып түсіндірудің қажеті жоқ шығар? Мүмкін өзіңіз көре берерсіз?!
– Жоқ, мен мұнда бірінші рет келіп тұрмын. Сондықтан кейбір жайларды айтып түсіндіргеніңіз артық болмас. Әрі жауабын таба алмай жүрген сауалдарым да бар.
– Онда жақсы. Мынау – ас үй, – деді алғашқы бөлмеге кіре беріп, – осындағы дүние-мүліктің бәрі бәз-баяғы қалпында тұр. Ештеңе өзгертілген, жаңартылған жоқ!
Кенет ас үстеліне зер сала қарай беріп еді, көз алдына оны жағалай жайғасқан жазушының жанұясы елестеп кетті. Өзі, жұбайы, ұлы мен қызы емен-жарқын шүйіркелесіп отыр. Бұл көрініс жарқ-жұрқ еткен найзағайдың жарқылынан пайда болғандай қас-қағым сәтте елес берді де, жоқ болды. Жұлдызжан не болғанын өзі де түсіне алмады, бірақ ештеңе сездіргісі келмеді [1,3].
Әдетте көркем туынды, әсіресе әңгіме сынды шағын жанр автордың баяндауынан тұрады. Байқағанымыздай, мұнда оқиғаның желісі, кейіпкердің ішкі жан-дүниесіндегі арпалыс диалог арқылы суреттелген. Оның өзі әсерлі. Оқырманын «енді не болар екен?» деген ой тұңғиыққа тартып, елітіп әкете береді. Бұл дап бір шеберліктің үлгісі болса керек.
«Жұлдызжан жаңағы көріністің әсерінен арыла алмай, мең-зең күйде мәңгіріп отырып, тағы да ой теңізіне шомып кетті: «Бүгін маған не болды өзі?! Көзіме не көрінді?! Адам ба, әлде жын-шайтан ба? Бұл неғылған ару? Өзі сондай сұлу екен! Перінің қызы емес пе?! Жазушының әйеліне ұқсайды екен? Әй, тұра тұр... енді есіме түсті. Бұл шынымен сол ағамның үйіндегі жеңгей ғой! Бірге түскен суреттерін талай көргем. Иә, бұл сол, жазушының бәйбішесі. Ол менің көзіме не үшін көрінді? Мұнда қандай құпия-сыр бар? Әлде мені шынымен жын-шайтандар иектеп алғаны ма» [1,9]?! Өң мен түстің арасындағыдай мұндай оқиғалар ақиқатында болып та жатқан шығар, бірақ мына үзіндіден шынымен, осындай жағдайлар өмірде болды деген ойға әбден сенуге де болады. Тіпті, сенімсіздіктің өзі бір құпия ойға жетелейді. Өйткені, жазушы оқиғаны нанымды етіп баяндайды.
Бір деммен оқылып шығатын әңгіменің басты сипаты – оқырманды тез еліктіріп әкетуінде. Қазіргі таңда, оқушы қауымды таңқалдыру өте қиын. Сана өзгерген. Құндылықтар әр түрлі. Бірақ Думан сынды жан-жақты, ізденімпаз қаламгердің шығармаларын оқымау – жас буын үшін бір кемшін дүние деп есептейміз.
«Бұл бір сәтсіз күн болды-ау! Мына көгершінге не жоқ?! Иығыма шығып алып, тайраңдап тұрғанын қарашы! Тап бір менің асыранды тотықұсым сияқты, қорқу, үрку, жатсыну жоқ. Әй, бірақ, мен білсем, бұл тегін көгершін емес. Бойынан біртүрлі бір жылылықты сезініп тұрмын. Көзінде көп сыр бар-ау!.. Қасиетіңнен айналайын, адалдықтың ақ періштесі, не айтқың келіп тұр, сарнашы бір көсіліп. Тыңдайын бір зейін қойып. Айтшы, кәне, не дейсің?». Үзіндіден жас қаламгердің ішкі толғанысымен қоса, өзіне артылар жүктің қаншалықты ауыр екендігін бар болмысымен сезінген қиналысынан байқаймыз. Әрине бұл өткен шақтың болашаққа берген бір бағыты, жолдамасы болар бәлкім. Мұндағы нақты бір жайт – автордың қалам иесі болудың жауапкершілігінің маңызын түсіндіруі болып табылады.
«Ол назарын көгершінге қайта аударды. О тоба, құстың көзі жасаурап тұр. Ойланып та үлгермей жатып, көгершіннің мөлт-мөлт еткен жанарынан бір тамшы жас үзіліп түсті. Тағы бір тамшы... Жанары жасқа толып кетті. Мөп-мөлдір мойыншақтар бірін-бірі қуалай, сынаптай сырғып барады [1,9]. Кейінгі әңгімелерде автордың көгершінмен кездесуі, оның жақсы ырым екенін автор астарлы түрліше көркем жеткізіп, бүгінгі өміріміздің суреттерін беруде түрлі амалдарды, суреткерлік құралдарды осы туындыда қолданған.
Қоғам өмірінің арқауы – материалдық өнім. Тіршілік тірегіндей сол дүниені жайғастыруда кейіпкерлер түрлі күйде, сан әрекетте шыңдалып, ысылып – кәмілденіп жатады. Кейіпкерлдердің психологиясын сиымды етіп жасау үшін көңіл қоймасында өмір кездестіретін талай адамның психологиясы дайын болуы керек [2,163]. Аталған әңгіменің түйіне, яғни бітім-болмысына тоқталар болсақ: «Көңілі сеңдей бұзылып қоя берді. Жанарына жас іркілді. Арт жақтағы бос тұрған орындыққа сылқ етіп отыра кетті. Маңдайынан суық тер бұрқ ете қалды.
Көз алдына бағанағы әйелдің бейнесі қайыра елес берді. Қан-сөл жоқ, сұп-сұр, сұп-суық. Қудай қуарған жүзінен өлімнің табын танығандай болды. Жұлдызжан шошына селк ете түсті. Жүрегі дүрсілдеп кетті.
– Біссіміллә... біссіміллә!.. – Іштей күбірлеп, көзін жұма берді.
– Құдайым сақтай гөр!.. Құдайым сақтай гөр!.. [2;13].
Жалпы Думан Рамазанның қай әңгімесін оқысақ та, оны көз алдымызға өзгеше бір көркем әлемді елестетіп, оқиғаның ішіне кірігіп, кейіпкермен бірге жанталасып, іштей бір толқынысқа тап боласыз. Бұл да қаламгер шеберлігінің бір сипаты. Тіршіліктің бір мәні – өткеніңнен қорытынды шығарып, нәтижеге ұмтылу. Одан сабақ алу керектігін біз ақ көгершін символы арқылы ұққандай боламыз.
Қорытындылай келе айтарымыз, Думан Рамазан – дәуірінің озық ойлы, жүйрігі, шығармаларынан қаламгердің дүние мен болмысты танып көркемдеуінен оқырманын баурап алатын, оны бей-жай ой өрнегін, түйінді байламын көреміз.
Достарыңызбен бөлісу: |