Әдебиеттер
Ахметова К., Күн шыққанда күліп оян. Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: «Ана тілі», 1996.-302 б7
Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: TST – company, 2006. – 360 б.
2. Ахметова К., Мейірім: Өлеңдер мен поэма. Алматы: Жалын, 1981.-152б-/ «біздің лауреаттар»/.
3. Ахметова К., Асанов Қ. Махаббат: Өлеңдер. - Алматы: Дәуір 2006.- 224бет
4. Ахметова К. Арғымақтар даласы: Өлеңдер. - Алматы: Жалын, 1987-192бет
5. Ахметова К.,Құт.Тәуелсіздік жырлары. – Алматы. ЖШС РПБК «Дәуір», 2005-144б.
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ ЖӘНЕ ДӘСТҮР САБАҚТАСТЫҒЫ
Кусаинова Айгерім (Қазақстан)
М.Қозыбаев атындағы СҚМУ,
Ғылыми жетекшісі: Кокбас Жазира
Қай заманда да болсын ескі мен жаңаның, өткен мен бүгіннің, бүгін мен ертеңнің арасындағы жалғастық, байланыс үзіліп көрген емес. Бұл табиғаттың, қоғамның өмір сүру - эволюциясы заңы. Бұл әдебиетте де бар құбылыс. Поэзия- әдебиеттің көне саласы, бірақ, жасаған сайын жасара түсетін жанды саласы. Ал лирика – поэзияның қызғалдақ тектес түрі. Ол, өзін аялаған ақын, бағбанның игеруіне, мәпелеуіне яғни шеберлік талғамына, ой-өріс қабілетіне ауа райына /қоғамның жай-күйіне/ құлпырып немесе бұйығы күйде өмір сүреді.
Бүгінгі қазақ поэзиясы кемеліне келіп, келбеті толысқан дер шағында. Қазіргі қазақ поэзиясының келбеті тоғысып, ақындарымыздүниеге талай жақсы туындыларын өмірге әкелді. Кеңес заманында қанат байлап, тірліктің қым – қуыт ортасына қызу араласып кеткен ұлттық поэзиямыз бұл күнде бұрыннан бар дәстүрлерді жалғастыра, жаңғырта отырып, жаңа қоныс, соны өрістерге шығарды.
Қазақ жырының туын жоғары ұстап келе жатқан Әбділда Тәжібаев, Қалижан Бекқожин, Хамит Ерғалиев, Жұбан Молдағалиев, Сырбай Мәуленов, Ғафу Қайырбеков секілді көрнекті ақындар қолынан шыққан ең үздік еңбектер поэзиямызға қосылған үлкен жетістік болып есептеледі. Елуінші жылдардың соңы мен алпысыншы жылдардың белесінде поэзия туындылары өзінің көркемдік қуатының өсуімен, ұшқырлығымен, жұртшылық ішінде кең таралып, халық арасында үлкен ықпалға ие бола бастады. Осы кезеңдегі қазақ әдебиетінің шығармашылық жолын түрліше сипаттағы екі белеске бөліп саралауға болар еді. Яғни елуінші жылдардың соңғы ширегі мен алпысыншы жылдардың бастапқы тұсында басталған рухани серпілістің, Кеңес әдебиетінің тұсында «жылымық» деп аталған кезеңдегі жаңғыру, қайта өрлеу жылдары туғызған жырлар мен «дамыған социалистік қоғамның» тоқырау тұсындағы «тартыссыз әдебиет дәуірі». Ал сексенінші жылдардың орта тұсында басталған қайта құру, жариялылық кезеңіндегі шығармашылық ізденістер мен тың тебіреністер екі ғасыр арасындағы қазақ поэзиясының ауыспалы кезеңіндегі серпілісті толғамдарға жол ашты.
Қазақ өлеңінің тақырып аясы мейлінше кеңейді, мазмұндық өрісі де өркендеді. Ауыл суреттерінен бастап қала, өндірістің түрлі әлеуметтік – психологиялық мәселелеріне дейін, этнографиялық өрнектерді де қамтыған өлеңдер жарық көрді.
Поэзия қуаты - сезім қуаты. Адам рухын асқақтатқан сол сезім құдіретінен поэзия жаратылады. Ол - ақылдан да, әлемдегі бар тіршіліктен де биік өзіне бас игізетін тылсым күш. Осы бір тылсым күшке қуат берген ақын Ерік Асқаров деп ауыз толтырып айтуымызға әбден болады. ХХ ғасырдың 80-90 жылдарындағы айтыс өнерінің дамуына үлкен үлес қосқан ақын өзекті де келелі мәселелерді батыл айта білді. Айтыспен қатар әдебиеттің әр алуан жанрына қалам тербеген бұл азамат туралы айтылар естелікте мәнді болмақ. Айтыс өнерімен қатар жазба поэзияның сәнін кіргізіп, әдебиеттегі дәстүр сабақтастығын жалғады.
Дәстүр мен жаңашылдық - әдебиет пен өнердің дамуы барысында сабақтастық пен жаңаруды, мұрагерлік пен қайта жасауды, бұрынғы мен соңғының байланысын білдіретін ұғым [1.4]. Дәстүрге ғасырлар бойы қалыптасып, сұрыпталған әдет-ғұрыптар, жол-жобалар көзқарас түсініктер жатады. Жаңашылдық-өткен өмірдің, кешегі күннің тәжірибесі мен жемістерінің ішінде мән мағынасы бай, дәрежесі жоғары заман талабына жауап беретін бұрынғы соңғының тар шеңберінен шығып, болашаққа кең жол ашатын аса маңызды ізденіс әрекеттер.
Ерік Асқаров шығармашылығы дәуірінің әдеби үдерісімен, оның даму өресі, көтерген проблемаларымен тарихи, саяси оқиғалармен тығыз бірлікте, тұтастықта болады. Ерік Асқаров – көркемдеу құралының не түрлі жақсысын, соны да құнарлысын тауып, қолданып, өзінен бұрынғы ақындық дәстүрді ілгері дамытқан, қазақ поэзиясында ақындық тілдің жетілуіне Абай, Мағжан, Сұлтанмахмұт, Төлегеннен кейін, зор үлес қосқан, жаңалық әкелген ақындардың бірі. Оның поэзияға қосқан жаңалықты іліп әкетіп, өз шығармаларында кеңінен, мейлінше молынан қолдана алған ізбасар шәкірттері болуы заңдылық еді.
Алдыңғы толқын ағасы Т.Айбергеновтен алған ұлы дәстүрді соңынан ерген інісі Алмас Темірбай да Ерік ақынның дәстүрін жалғастырып, дәстүр мен жаңашылдықты ұштастыра білген, өлең-жырларында қазақтың оралымды бай тілінің көркемдік құралдарын мол да шебер пайдалана алған тіл қолданыстары ерекше ақындар.
Халық даналығының жемісі тәрізді дайын эпитеттерді Ерік Асқаров та, одан үлгі алған Алмас Темірбай да ұтымды пайдалана алған. Ерік Асқаровтың шеберлігінен жалықпай үйренген Алмас Темірбайдың тіл орамы аса икемділігінің нәтижесінде мынандай үйлесімді, нақты бір дәлдікке негізделген эпиттеттерді туғызған. Мысалы: «өмір-пьеса», «өрмекші-өмір», «жылаңқы бұлт» эпитеттері образға айналып тұрса, «жымысқы жел», «күңкіл ақыл», «кер сөз», «сайқымазақ самал», т.б. эпитеттер жанданып, құбылысты кейіптеу ұғымына айналған. Сонымен қатар, Ерік Асқаров ізімен Алмас Темірбай күрделі эпитет жасауда дәлдігімен оқырманын иландыра алған. Мысалы: «костюм киген ақындар», «күпі киген өлеңдер», «соқыр болжам». Мұндай мысалдардың қатарын әлде де ұзартуға болады. Келтірілген айқындаулардың нақтылығы – Алмас Темірбайдың қазақ әдебиеті классигі деп атауға лайық тұлға Ерік Асқаров поэзиясына көбірек үңілгендігінің белгісі.
Ал, айқындаулар Алмастың көбінесе табиғат суретіне қатысты ұшырасады. Ақын табиғатты суреттегенде айқындауларды мезгілді, құбылысты көрсету мақсатында пайдаланған. «Таң» өлеңінде теңеулермен бірге айқындаулар да осы мезгілдің өзіндік бояуын танытады. «Бозала таң», «тып-тыныш дала», «ұйықтаған бұлт», «ұйытқыған жел» айқындаулары таңның суретін көз алдымызға әкеледі.
Ұйықтаған бұлттар ұйтқыған желмен жайылып,
Тазарды аспан нұрына талғақ шайынып. [2, 11].
Көркемдеу құралдарының ішінде эпитеттің табиғатының өзі қызық екен. Бұл өлең қиыстырудағы инверсиялық заңына бағынып, тармақтың - өлең жолының басында да, ортасында да, аяғында да келе береді. Мысалы, Ерік Асқаровта:
Жас тұлпар тұра алар ма өрге шаппай,
Жас қыран отырар ма қанат қақпай,
Жас жігіт жалын жігер жай жата ма,
Маздатып өмірінің отын жақпай, -[3, 16].
Алмас Темірбайда:
Жасыл белдің көктеген жалбыздары.
Жайдақ жолдың бойына сіңіп жатқан,
Жалқын кештің сәулесі жалғыз-жарым,
Жорға көлдің жым-жылас ағыстары [2, 53]-деген
жолдардағы эпитеттер түгелдей әр жол, әр тармақтың басында келіп тұр. Бұл да болса ақындардың сөз құдіретін қиыстыра алғандығы деп бағалауға болады. Ерік ақынның қаламынан туған, тыңнан жасалынған соны теңеулердің Төлеген Айбергенов пен Алмас Темірбайдың сезіміне жіті әсер етіп, қиялдарын шарықтатқандығын олардың мынандай өлең жолдарынан байқауымызға болады.
Алмаста:
Тағдыр –театр, өмір – пьеса тәрізді
Актермін мен аңдып басар әр ізді.
Пьеса қанша созылғаны сөз емес
Оны қалай ойнағаным маңызды?! [2, 104]
Төлеген :
Өмір деген - көк мұхиттың толқыны...
Өмір деген - пәк жаралған махаббат..
Өмір деген – мәңгі гүлдеп жанатын,
Құштарлықтың толғағы мен көктемі [4, 95-б].
Өлеңнің көркемдік шырайын арттыру мақсатымен ақындарымыз дәстүрлі эпитеттерді қолданған. Бұлар өзінің айқындайтын сөздерімен қабыса байланысқан зат есімдерден болған эпитеттер. Көріп отырғанымыздай ақындар қолданған эпитеттер шумақ басын да, ортасында да, соңында да қолдана берген.
Достарыңызбен бөлісу: |