І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш



бет55/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   156
Әдебиеттер

1. Бауыржан Момышұлы, екі томдық шығармалар жинағы. Алматы, «Жазушы», 2004ж.


2. Ұшқан ұя, Алматы, «Атамұра», 2003.
3. Ақиқат пен аңыз. Алматы, «Атамұра» 2004.
4. Шуақты күндер. «Алматыкітап», 2008
5. Мен – халқымның Бауыржанымын. Алматы, 2013.
6. Интернет көзі: http://www.qasym.kz/; http://anatili.kazgazeta.kz/; http://writers.kz/
7. № 15 қазақ әдебиеті газеті

ӘОЖ 81’25


РЕАЛИЯЛАРДЫҢ АУДАРМАДА БЕРІЛУ ЖОЛДАРЫ

Сейтхан А.Қ. (Қазақстан)
Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ

Реалияларды аудару аударма үдерісінде көп қиындықтарды тудырады, себебі көп жағдайда түпнұсқа тілінде белгіленген құбылыстар мен заттар аударма тілінің мәдениетінде кездеспейді. «Реалияларды аудару» түсінігі екі жағдайда шартты: реалия аударылмайды (сөздік тәртібі бойынша), және ол (контекстте) аударма емес тәсілдер арқылы беріледі» деп жазады болгарлық лингвистер С.Влахов пен С.Флорин [1]. «Егер аударылмайтындығы жөнінде айтатын болсақ, шындығында дәл реалияның өзі аударылмайды» дейді Л.Н.Соболев [2].


Сонымен қатар, «қандай тәсілмен болса да, мейлі сипаттау жолымен болса да басқа тілге аударылмайтын сөз жоқ» [3] – бұл сөздік аудармаға қатысты, «жекелеген элементке қатысты жүзеге асырылмайтын дүние күрделі тұтасты алғанда жүзеге асады» [3] – бұл контексттік аудармаға қатысты. Сондықтан, мәселе реалияны аударуға бола ма, болмай ма деп емес, оны қалай аудару керек деген сұраққа әкеледі. Ілеспе аудармашы үшін ең күрделі мәселе аударма барысында реалияларды аудару болып табылады.
Аудармашы алдында тұрған бұл шешілмеген күрделі мәселе көптеген тіл мамандары мен аударма теоретиктерінің назарын аударып келеді. Реалияларды аударудың негізгі екі қиындығы бар: аударма тілде сәйкес сөзінің болмауы (эквиваленті, аналогы) және реалияның мағынасымен (семантикасымен) қатар оның ұлттық және тарихи коннотациясын берудің қажеттілігінде [1].
Бірақ кейбір реалиялардың аударма тілінде дара сәйкестіктері бар («House of Commons» - «Жалпы палата»). «Дара сәйкестіктер көп жағдайда түпнұсқа тілінде берілген бірлік басқа тілге дәл сол бірлік арқылы аударылуын білдіреді» [4]. Дара бірліктері бар мұндай реалияларды аудару барысында қиындық болмайды.
Аударманы дәл жеткізудің тәсілін таңдауда және реалияның семантикалық және коннотативтік мағынасын тыңдаушы мен оқырманның санасына жеткізуде түпнұсқа мәтін авторының немесе сөйлеушінің (шешеннің) реалияларды жеткізу тәсіліне ерекше көңіл бөлу қажет. Көптеген авторлар реалияларды аударудың арнаулы тәсілдерін ұсынады; олардың бірқатарының ортақ ұқсас белгілері болғанымен құрамы жағынан ерекшеленеді. Берілген жұмыста В.С.Виноградов, С.Влахов пен С.Флорин ұсынған реалиялардың аударма жолдарына жеке-жеке тоқталмақпыз.
В.С.Виноградовтың реалияларды аудару жолдары
Зерттеуші реалияларды аударудың бес түрлі жолын береді:
1. Транскрипция (транслитерация). Транскрипцияланған сөздер мәтінде алғаш кездескенде олар әдетте сілтеме немесе түсіндірме сөздермен беріліп отырады; олар мәтінге енгізіліп отырады. Мысалы, лира, франк, сантим, песо - ақша бірліктері; гондола – қайықтың түрі; ротонда - дөңгелек құрылыс.
2. Гипо-гиперонимиялық аударма. Аударманың бұл тәсіліне түпнұсқа тіліндегі реалияның амалдық ұғымын білдіретін сөз бен аударма тіліндегі туыстық түсінікке сай немесе керісінше келетін сөздер арасындағы эквиваленттілік қатынасын орнату, бекіту тән болып келеді. Мысалы, испан тілінде нопаль-кактус түрі, кебрачо-ағаш түрі немесе грана-шарап түрі аудармада олардың тіл-аралық тектік гиперонимдері өзара қатынаста болады.
3. Үйлесім. Жоғарыда көрсетілген тәсіл мен осы тәсілдің айырмашылығы - ұқсастырылған, жуық сөздер деп «бағынған немесе бағындырылған сөздер емес, туыстық қатынасына байланысты матасқан» ұғымдарды атайды». Мысалы, бомбачи - шалбар, боличе - кегель, ранчо - лашық үй.
4. Перифристикалық (сиапттама, дескриптивті, экспликативті) аударма. Бұл жағдайда түпнұсқадағы сөз бен аудармадағы сөз тіркесінің арасындағы сәйкестік, оның беретін мағынасы алынады: альпаргаттар –кендір жіптен жасалған немесе маталдан жасалған сандалилер, пучеро – сиыр еті қосылған көже. Бұл тәсіл транскрипциямен жиі сәйкестендіріледі. Сондай-ақ, сөзбе-сөз түсіндірмелерді ауыстыра алады. Ал бұл өз кезегінде автор сөзін барынша жанды етіп, түпнұсқаға жақындата түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет