І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш


ҚАЗАҚ ТІЛІ - ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ РУХАНИ БАЙЛЫҒЫ



бет52/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   156
ҚАЗАҚ ТІЛІ - ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ РУХАНИ БАЙЛЫҒЫ

Сағатбек Айболат
Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ
Ғылыми жетекшісі: Айтжанова.С.С., ф.г.к.

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып саналады.


Қазақ тілі - әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, тілдердің бірі.
Тіл қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдіретті.
Тіл әрбір азаматқа ана сүтімен беріліп қалыптасады. Ана сүтімен бойға енген қасиеттер туған тілдің арқасында дамиды. Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталуы керек. Айналада адамдарға, өзіңнің өскен ортаңа, Отанға деген ерекше сезім мен көзқарас та туған тіліңді білуден басталады. Тіл – халықтың рухани, мәдени байлығының дамуының құралы.
Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан –ұрпаққа мирас болып қалып отырған баға жетпес асыл мұра. Ана тілдің қасиеті туралы қанша айтсақ та таусылмайды. Азаматтың қолындағы барлық асыл заттары тозады, жоғалады, ал тіл тозбайтын ең қымбат мұралардың бірі. Қазақтың біртуар ақыны М.Жұмабаев: “Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады” - деген. Тіл байлығы - әрбір ұлттың мақтанышы. Әр азамат өзінің ана тілін, көзінің қарашығындай қарауы және ана тілінің орынсыз шұбарлануына қарсы тұруға тиісті.
Амал не, туған тілімізді шұбарлап, аралас сөйлейтіндерді жиі кездестіреміз. Басқа халықты айтпағанда, өз ішіміздегі шала қазақтарды таза қазақ қылатын кез болды. Бүгінде де кейбіреулердің қазақ тілін білмеуі, білсе де сөйлемеуі – қазақ тілін жақсартып, биік белестерге көтермеуіміздің қатерлі дерті болып табылады. Туған тілден безінген азаматтарды көргенде Паустовскийдің “Туған тіліне жаны ашымаған адам жәндік” -деп ашына айтқаны ойға оралады. Елінің болашағын ойлаған әр азамат ана тілінің болашағын да қолынан келген көмегін аямауы тиіс. Өкінішке орай, соңғы кезде көптеген қазақ жастары өз ана тілін бұрмалап сөйлеуді әдетке айналдырған. Ата-ананы қаділеу қалай керек болса, өз ана тілімізді қадірлеуді, қастерлеуді, аялауды қолға алайық. Төл тілінде сөйлеуден безу – ана сүтін беріп өсірген анаңды ұмытумен бірдей.
Қазақстан - әлемдегі ең мықты, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену үшін қазақ тілін жоғары мәртебеде ұстауы керек.
Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдерінің өз тілдерін сақтауына, дамытуына жасалып жатқан қамқорлық баршылық, бұл – жақсы. Менің қанағаттанбаушылығым қазақ тіліне, мемлекеттік тілге байланысты. Жалпы, біздегі тіл мәселесі дегенде, әңгіме тек қазақ тілі туралы болуы керек қой.
Тілші ғалымдардың айтуына қарағанда, жыл сайын дүние жүзінде шамамен 25 тіл жойылады екен. Әрине, қазақ тіліне ондай қауіп әзірге төніп тұрған жоқ. Сондай-ақ бір миллион адам сөйлейтін тіл өлмейді дейтін тағы бір пікір бар.
Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту тұрғысында айтсақ, бұл жерде алдымен намыс жетпейді, жеті атасынан бері қазақ болып келе жатқандардың, Қазақстанды мекен етушілердің қазақша білмеуі – сол намыссыздықтан. Ал мемлекетке қызмет ететін, қызмет етуге тиіс қызметкерлер мен шенеуніктердің сол мемлекеттің тілін білмеуі – ниеттің жоқтығынан. Президент “Ана тілі” газетінде айтты ғой, мына әкімқаралар мен министрлер сол айтылғандарды асыра орындамаса да, жетеғабыл етсінші. Жетіп жатыр. Бірақ соған ниет жоқ. Ең бастысы, көзқарасты өзгерту қажет: намысты оятып, ниетті түзеу керек.
Не құрылым, мемлекеттік тілді жылдам, әрі жетік меңгерсек, сол құрылым бәсекеге қабілетті бола аламыз. Өмірімізде соғұрлым жарқын, табыстарымыз да еселей түседі деп сенемін.
Мемлекеттік тілдің дамуы жылдан жылға артып келеді. Алайда кемшіл тұстарыда жоқ емес. Осы орайда төмендегідей дамытудың үш негізгі бағытын ұсынамын. Сонда ғана мемлекеттік тіл өз деңгейінде дамыйтын болады.
Атап айтатын болсақ:
Бiрiншi бағыт — мемлекеттiк тiлдi меңгеру. Мақсаты: Мемлекеттік тіл -ұлт бiрлiгiнiң басты факторына айналдыру қажет.
Екінші бағыт — мемлекеттiк тiлдi көпшiлiктiң қолдануына қол жеткiзу және оның пайдаланылу аясын кеңейту. Мақсаты: Мемлекеттік тiлдiң көпшiлiктiң кеңiнен қолдануына қол жеткізу керек.
Үшiншi бағыт — қазақстандықтардың тiл мәдениетiнiң деңгейiн арттыру. Мақсаты: Дамыған тiл мәдениетi — зиялы ұлттың әлеуетiн дамыту қажет. Сондағана біз өз тілімізді ұрпақтарға сақтап қала аламыз.
Өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ, әсем ырғақты — Қазақ тілінің мерейі үстем, тұғыры биік болуы үшін аянбай тер төгейік, ұрпақ алдындағы азаматтық парызымызға адал болайық.
Қазақ болып туғаны үшін және әлемдегі ең бай, ең сұлу тілде сөйлегені үшін өзін бақытты сезінетін азаматтар қатары артып, белсенділік күшейе берсін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет