І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш



бет89/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   156
Әдебиеттер

1. Сариева Р.Х. Мұрағат және тарих: (мақалалар, баяндамалар). – Архив и история (статьи, выступления). – Алматы : Арыс, 2004. – 292 б.


2. Қостанай облысының мемлекеттік мұрағаты кітапшасы. Қостанай, 2013. www.kostarchiv.kz.
3. Сексенбаева Г.Центральный государственный архив кинофотодокументов и звукозаписей Республики Казахстан: история и современность. // Қазақстан мұрағаттары. – 2005. № 1(1). – 175 с.
4. «Мұрағат мекемелерінің жарияланымдық қызметі: бүгінгісі мен болашағы» атты республикалық ғылыми-практикалық семинар материалдары. – Астана, 2007. – 169 б.
ЕЖЕЛГІ ЕМІЛ ҚАЛАСЫ


Қабыл Аян (ҚХР)
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: Нусупбаева С.А.

Сонау есте жоқ ерте заманда көшіп-қонып жүрген халықтың территориясы тарихта үздіксіз өзгеріске ұшырап,талай таран-таражға түсіп отырған.Сол себептен де халқымыздың біразы бүгінгі күнге дейін мемлекеттің басқа территориясында қоныстанып жатыр.Бұл сөзіме мысал менің туған жерім Қытай мемлекетіндегі Шыңжаң Тарбағатай аймағы. Бұл аймақта қазақ халқы жиі қоныстанған және сол өңірдегі әр ұлт халқымен тығыз байланыста болған кең көсілген байтақ жерімнің көп тарихи кезеңдерінің бірін тілге тиек етпекпін.


Сондай тарихи, байырғы қалалардың бірі Еміл. Шыңжаң автономиялы районы Дөрбілжің ауданы Желағаш қыстағы қатынас жолының оң жақ беткейінде, Еміл жайылымының солтүстігі, Дөрбілжің ауданына жақын 14 шақырым жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 565,6 м биіктікте.
Еміл байырғы қаласы автономиялы райондық мәдениет қорына жатады. Еміл қаласы ұзындығы 200 м, кеңдігі 1800 м. Жалпы көлемі шамамен 3,6м². Байырғы қала қалдығы жер бетінен 3-4 м биіктікте. Ал Еміл өзені болса осы байырғы қаланың батыс солтүстігінде ағып жатыр. Су байлығы мол, жері кең байтақ өзеннің оңтүстігінде Орқашар таулары көрінеді. 2009 жылы тарихи қаланы өңдеумен қорғау жұмыстарын жүргізіп, тастан ескерткіш тұрғызылды.
Үгедей хан ескерткіші және самалдықтары ұлттық ерекшеліктерге ие тарихи мәдениет символы болып тұр. Бүгінгі күнде Батыс Солтүстік жоғары оқу орнымен Тарбағатай Дербілжің аудандық мәдениет басқармасы бірлесіп Еміл байырғы қаланы ашу, зерттеу жұмыстарын қадағалауда. Тарихи деректерден қазірге дейін шамамен 180 жылдан астам тарихы бар.
Қытайдың «Иуан Шы» жазбасында төрткқл әлемге аты жеткен , әлемнің жартысын жаулаған Шыңғысханның батысты жаулауы және жаулап алған жерлерін төрт баласына бөліп беруді жазған. Сондағы «Еміл өзені маңы» үшінші ұлы Үгедей ұлысына қарайды. Тарихта бұл Үгедей хандығы деп аталады.
Бас әкімшілік орны Дербілжің немесе Еміл деп аталады. Қарайдын жер аумағы Тарбағатай аймағы және Алтай жерімен Моңғолияның батыс бөлігі қарайды.
Үгедей хан өз кезегінде жасағымен келіп, Еміл өзенінің оңтүстік жағалауына биік қорған тұрғызып, төрт бағытқа беттеген қала салған, оған Еміл қаласы немесе Дербілжің деген ат қойған.
Сонымен қатар, Үгедей хандығының нығаюына байланысты Еміл қаласы да күннен-күнге көркейеді. 1227 жылға келгенде Шыңғыс ханның қайтыс болуына байланысты Үгедей мұрагерлік жолмен үлкен хандық тағына отырады.
Үгедей Шыңғысханның ішкі-сыртқы саясатын жүргізуге кіріседі, жылдарға жалғасқан басқыншылық соғыстың қажеті үшін бұйрық беріп, әр жерден тосқауыл тұрғызып, байланыс жолдар ашып, қоймаларды жаңалап, астықты қамтамасыз етеді. Сол кездегі саясаттың шоғырлылығынан қатынас жолдардың қолайлылығы жақсарып, өнердің, кәсіптің тез дамуына жеткізеді. Бұл кезең Еміл қаласының ұшқан құстай дамуына тиімді болады.
Б.з. 1306 жылы Үгедей ханның немересі Хайду мен Хүбленің хандыққа таласуы сәтсіздікке ұшырап, Шағатай ұлысына тән болады. Үгедей ханның бірінші астанасы болған Еміл қаласы осы билік үшін талас-тартыстан кішірейеді. Еміл байырғы қаласы осы тарихтың бір өшпестей айғағы болып қалады. Бұл күнде табиғаты көркем, түрлі ұлттық ерекшелікке тән байырғы қаланың орны. Тарихи саяхат орны болып қазірге дейін 200 мың саяхатшы қабылдаған тарихи мұражай саналады. Қорыта келгенде осынау жаһанданған дүниеде өзіміздің тарихымыздан тағылым алып қана қоймай, өзге халықтың да тарихын білсек артық болмас. Өзіңнің және өзгенің тарихын білу арқылы болашақ тарихымызды айқындаймыз.
Бұл тарихи деректерден байырғы Еміл қаласының төрт бағытқа бағытталған көршілес әр халықтың күнделікті тұрмыс тіршілігіне елеулі үлес қосқан қала екенін,сонымен қоса бұл өңірдің әр мемлекет, ұлыстың байланысуына қолайлы орта болғанын білу қиын емес. Шыңжаң көршілермен байланыс орнату үшін 1994 жылы Қазақстанмен келісім шартақа отырды. Осылайша Тарбағатай Қазақстан мен Қытайдың қақпасына айналып,екі ел бірін бірі толықтырып отырды.
Талай тарихи жылдарды басынан өткерген еліміздің Қой үстіне бозторғай ұялаған таңы атып, екі елдің дамып өркендеуіне тамаша нұрын шашты. Біз жастар осындай бейбіт күннің қадіріне жете отырып,тарих тереңіне бойлап,болашаққа нық қадаммен алға басайық!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет