І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш



бет97/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   156
Отырар алқабына жүз елуден астам кішкентай қалалар кіретін. Бұл елді мекен қорған сарайларға бай болатын. Саудамен қатар, бұл аймақта білім мен ғылым саласы дамыды.
Түркістан (Яссы) ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен. Бүгінгі таңда көне қала әлемдік туризм орталығына айналды.
Суяб пен Баласағұн қалаларында жыл сайын кең көлемде сауда жәрмеңкелері өткізілетін. Әр түрлі елден жиналған саудагерлер бас қосып, сауда қарым-қатынасын орнататын. Шапқыншылық, соғыстар кезінде аталған шаһарлардың барлығы дерлік жер бетінен жоғалды. Ғалымдар осынау қалалар бүгінгі күнге дейін жеткенде Қазақстанның бүгінгі жай-күйі мүлдем басқа болар еді дегенді айтып жүр. Қазіргі таңда бұл тарихи орындардан тек қана кішкентай төбелер қалған.
Жібек Жолы б.з.д III ғасырда сауда магистралі ретінде пайда болып, XVI ғасырға дейін қызмет етті. Жібек Жолының бойында орналасқан көне қалалар бірталай соғыс, өрт, аштық, апат-ойрандардың куәсі болды. Ұлы Жібек жолының мәдениеттің өркендеуіне тигізгенықпалы зор. Сауда кезінде жол бойындағы елдердің бір-бірімен қарым-қатынас жасауының барысында олар тек тұтыну бұйымдары арқылы ғана емес,өзара мәдени жағынан да байланысқа түседі. Сатылатын бұйымдар өзінің өте тамаша,сәнді жасалуы арқылы үлкен сұранысқа ие болады. Хас шеберлер қалыптасады. Мәселен, археологиялық қазба жұмысы кезінде атақты Византия шеберлерінің қолынан шыққан тамаша күміс құмыралар Тараз қаласынан табылған. Осындай құыраларды жергілікті шеберлер де жасаған болуы керек. Қытайдың әдемі фарфордан жасаған, көздің жауын алатын ыдыстары Қазақстандағы Талғар, Испиджаб, Отырар сияқты ортағасырлық қалалардан көптеп табылған. Яғни жергілікті шеберлер де сондай ыдыстар жасауға маманданған. Бұдан елдер арасында мәдени байланыстың туа бастағандығын көреміз.Жібек жолы бойындағы мәдени байланыс, әсіресе музыка саласында ерекше байқалады. Саз балшықтан жасалған түйеүстінде отырған өнерпаздар мүсіндері жол бойындағы елдерді аралап жүріп өнер көрсеткен өнер иелері өмірінің бір сәтін бейнелейді. Археологиялық зерттеулерге қарағанда, Ұлы Жібек жолының бойындағы кейбір Тараз, Баласағұн, Испиджаб сияқты қалалардан әр түрлі діни нанымдарға байланысты мешіт-медреселердің орындары табылған. Қала тұрғындары діни наным-сенімі жағынан түрлі көзқараста болғанымен, ортақ мәдени үлгілері тұтынған. Керек кездерде олар өнер сайыстарына түсіп, ортақ өнердің дамуына өз үлестерін қосып отырған.
Қазір Жібек жолының тарихын зерттеу, оны жаңғырту, осы жол бойындағы елдердің саяси, экономикалық, мәдени байланыстарын ұлғайту қайта қолға алынып отыр. 1987 жылы ЮНЕСКО-ның бас конференциясының XXIV сессиясы «Ұлы Жібек жолын зерттеудің халықаралық жобасын» қабылдады. 1991 жылы Қазақстанда «Жібек жолы» атты Ұлттық комитет құрылды. Осы бағдарлама шеңберінде Ұлы Жібек жолының тарихын, маңызын зерттеу әр елде қолдау тауып, зерттеу жұмыстары қолға алынды. Ұлы Жібек жолы көне дәуірде де, қазір де Еуразия халқы үшін мәдени байланыс, саяси рухани мәселелерді шешуде маңызы үлкен.


Әдебиеттер

1. А. Тұңғыш «Түркілер тарихынан»


2. Заман – Қазақстан – 1995ж. №13-8-бет
3. Аманжолов К.Р. Қазақстан тарихының дәрістер курсы. 1-кітап
4. М.Қани. Қазақтың көне тарихы. – А., 1993, 187 б.
5. Мусин. Ч. Қазақстан тарихы. А, 2003, 39-56 беттер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет