І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш



бет100/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   156
Әдебиеттер


  1. Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы. Т.Қ. Жұртбай жетекшілгімен. – Астана: «Астана Полиграфия» АҚ 12-том. 2009. – 309 б.

  2. Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы. Т.Қ. Жұртбай жетекшілгімен. – Астана: «Астана Полиграфия» АҚ,13-том.2009 – 313 б.

  3. Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы. Т.Қ. Жұртбай жетекшілгімен. – Астана: «Астана Полиграфия» АҚ,14-том. 2009 – 357 б.

  4. ЖәдиШакенұлы. ШығысТүркістан мәселелері. \\Қазақ үні газеті, 10 тамыз 2010.

  5. Қыдырханұлы, У.Алаш арыстарының Шәуешекке сапары // Егемен Қазақстан. – 2008, 25 маусым

  6. Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. 1 том, А, 2004.


АҚСЕЛЕУ СЕЙДІМБЕК – СӨЗ ЗЕРГЕРІ, ҒАЛЫМ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ


Өнербекқызы Нұрсұлу (Қазақстан)
Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: Нусупбаева С.А.

Әр ұлттық тілдің сырын жете тану үшін сол тілдің өзіндік заңдылықтарын білу аз,оның түпкілікті тамыры сол тілде сөйлеуші этностың жүріп өткен тарихымен, күнделікті өмірде тұрмысына орнықтырған мәдениетімен, күнкөрісіне арқау болған жан рухымен, ой-санасымен тікелей байланысты. Сондықтан да ұлттық тілді халықтың ой танымымен, тарихымен біріктіре қарау мәселесі тіл ғылымында кең өріс алған когнивтивті лингвистика, психолингвистика, этнолингвистика т.б. ғылымдардың тууына себепкер болды. Қаламгер қаламының қуатын оның сөзінен, ойын қоғамдық ісінен,психологиясын ұлт перзенті ретінде халқын сүюінен көреміз. Ұлттық сезімінен немесе табиғи дарынның қабілетінен туған ішкі жағдайлардың әсер етуінен ол тілдік тұлға сипатына енеді.


Иісі қазақ атына қанық,бейнелеп айтсақ, еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін есімін елі жақсы білетін,туған халқы үкілеп «Алаштың Ақселеуі» деп атаған, әдеби туындыларымен кең танылған,көрікті сөз бен көркем ойымыздың аса көрнекті өкілдерінің бірі, Қазақстан Журналистер Одағының лауреаты (1979), Қазақстан Жазушылар Одағы сыйлығының лауреаты(1989), «Құрмет» орденінің иегері (2003), ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері (2004) – Ақселеу Сейдімбек-шығармашылық бақыттың шынайы биігіне көтерілген суреткер болды. Ақселеу Сейдімбек – сан қырлы тұлға. Ол – қоғам қайраткері, жазушы, шежіреші, журналист, күйші, зергер.
Өзіндік үні, айшықты кестелі тілі, ауқымды тақырыбымен қазақтың әдебиетіне де, тарихына да көптеген үлес қосқаның түрлі еңбектерінен аңғаруға болады.
Жұмыс барысында, Ақселеу Сейдімбек жайлы жазылған түрлі зерттеулер мен пікірлерді негізге алдық. Қойшығара Салғараұлының жазушының өмірі мен шығармашылығын жариялаған еңбектеріне көз жүгірттік. Одан соң, Ә.Кекілбаев «Талантты ұрпақтың тағылымды келбеті», Қ.Құрманғалиев «Ұлт қасиетінің қайнары», Ғ.Құлқыбаев «Ақселеу асулары» және де тағы да басқа мерзімді баспасөздерде жарияланған мақалалары Алаш Ақселеуінің өмірі мен шығармашылығы жөнінде деректер жинап,шығармаларына тақырыптық жағынан талдау жасауға өзіндік ықпал бола білді. Қаламгер туындыларының тақырыптық ерекшелігі – өз оқырмандарын ойландырмай қоймайтын тұнық дүние. Халқымыздың көшпелі өмірі табиғат аясында өткені бәрімізге аян. Табиғат-ананың білімімен сусындап, тіршілік көзін де табиғатпен үндестіре жүріп тапқан. Өнері де табиғат, тірлігі де табиғат жазушының өзіндік ерекшелігі осы болар деп біліп, табиғат жайлы әңгімелері мен қазақы болмысты танытар дүниелерге мол повестеріне талдау жасауға тырыстық.
Тарақтыдан тараған Байғозы батыр,Тұяқ шешеннің тікелей ұрпағы – Ақселеу Сланұлы Сейдімбек Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданына қарасты Атасу Ауылында 1942 жылы 12 желтоқсанда дүниеге келген. Әкесі Слан Екінші дүниежүзілің соғыста қайтыс болып,әкесінің ағасы Аманбектің тәрбиесін көріп өскен. 1959 жылы Жаңаарқа ауданының орталығында №1 қазақ орта мектебін бітірген соң комсомолдық жолдамамен «Қызылту» және «Ақтау» кеңшарының мал шаруашылығында үш жыл еңбек етіді. Ақселеу Сейдімбектің өскен ортасы, әсіресе аудан орталығынан шалғайдағы мал шаруашылығында еңбек дәстүрлі болмысына көз қанықтырған, тіптен болашақ шығармашылық ізденістеріне түбегейлі ықпал еткен тағдыр – талайлы жылдар болған.
Тарихтың қилы кезеңінде әлеуметтік-саяси ахуалмен тағдырлас ұрпақтың қалыптасып отыруы-табиғи үрдіс. Екінші дүниежүзілік соғыстың аласапыранынан кейінгі әлеуметтік ауыртпалық жылдарында қазақ ауылдары төрт түлік малдың сүмесімен күн көруге мәжбүр болды. Сөйтіп, әлі де болса этностың жадынан көмескіленіп үлгермеген көшпелі өмір-салттың шаруашылық-мәдени жүйесін қазақ ауылдары өздерінің әлеуметтік өмірлеріне негіз етті. Сол өмір – салтпен өзектес дәстүрлі мәдениет те үзілмей сабақтасып, өмірдің алуан арнасында көрініс тауып отырды. Міне,осындай тарихи-әлеуметтік ахуалда, дәлірек айтқанда, ХХ ғасырдың қырқыншы, елуінші, алпысыншы жылдарында дәстүрлі тәлім-тәрбие көрген, болмыс-бітімі ұлттық қасиеттерге мейлінше қанық ұрпақ қалыптасты. Бұл ұрпақиы қазақ даласында үш мың жылдай дәурен сүрген көшпелі өмір-салттың сүт кенжесі деуге болады.
Қазақ қоғамында түбегейлі жүйелік (системалық) алмасу ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарынан бастап жеделдей түсті. Бұрын елдің әлеуметтік өмірінде мал шаруашылығы бел алып жатса,ендігі аграрлы-өндірістік жүйе үстемдік құра бастады. Мұндай тарихи-әлеуметтік өларада қалыптасқан ұрпақ, қос енені тел еміп тез сияқты, өткен мен бүгінді салғастыруға, ел өміріндегі сапалық өзгерістерді парықтауға мейлінше жүйрік, тарихи зердесі сергек болып қалыптасты.Олар бұрынғы дәстүрлі қоғамның барша болмысын тал бойына дарытқан, сонымен бірге жаңа өмірді жасаушы ұрпақ еді.Осы қасиеттер олардың мәдени-рухани ізденістерінде айқын көрініс тауып, ұлттық рухы биік,төлтума бояуы қанық, ой-тұжырымы тың туындылар беруіне себепші болды. Мұндай әсер-ықпалдан Ақселеу Сланұлының да шығармашылық тағдыры шет емес.
Ақселеу Сейдімбектің мал шаруашылығында еңбек еткен жылдары жазған мақалалары,өлеңдері аудандық, облыстық газеттерде, республикалық «Қазақстан пионері» газетінде жарияланып тұрды. Бұл ретте оған ақыл-кеңес беріп, шығармашылық жолды таңдауына әсер-ықпал еткен адам сол кезде аудандық газетте қызмет атқарған белгілі жазушы Асан Жұмаділдин болды.
Ақселеу Сейдімбек 1961 жылы әл-Фариби атындағы Қазақ ұлттық университетіне оқуға түсіп, 1968 жылы журналистика факультетін бітіріп шықты. Университетте оқып жүріп, 1963-1964 жылдары, Троицк қаласында әскери міндетін атқарып кайтады. Университетте оқыған жылдары ол үшін білім айдынына құлшына құлаш ұрған, әсіресе тарих, философия, мәдениеттану, этнология, фольклортану салаларына ынта-ықыласпен ден қойған, сөйтіп жүйелі юілім алып шығуды мұрат тұтқан жылдар болды.Сонымен бірге ол университеттің «Журналист» газетін шығарушы алқаның және М.Әуезов атындағы Әдеби бірлестіктің мүшесі, «Қайнар» қолжазба журналының бас редакторы, Москвадағы қазақ жастары құрған «Жас тұлпар» атты мәдени қозғалыстың Қазақстандығы өкілі болып, шығармашылық және қоғамдық жұмыстарға сергек араласа бастайды.
Университетті бітірген соң, 1968-1987 жылдар аралығында, облыстық және республикалық баспасөз орындарында әдеби қызметкер және меншікті тілші («Лениншіл жас» - « Жас алаш»), бас редактор (« Білім және еңбек» - «Зерде» журналы және «Әлем» альманахы) болып қызмет , атқарады. Бұл жылдары оның ел өміріне белсене араласқан жетістікке де, кемшілікке де шырылдап үн қосқан, әсіресе ел жадындағы рухани қазыналарды жаңаша парықтап, оған кұныға ден койған, сөйтіп ұлттық мәдениетке қатысты эмпирикалық материалдармен қоржынын тоғайтқан кезі еді.
Баспасөз беттеріндегі күн құрғатпай жариялап жататын мақалаларына қоса, бұл жылдары Ақселеу Сейдімбектің әңгімелері мен повестері «Ақиық» (1972), «Қыр хикаялары» (1977), «Тауға біткен жалбыз» (1979), «Аққыз» (1981) деген атпен; очерктері «Кеніш» (1979), «Серпер» (1982) деген атпен жеке кітап болып жарқ көреді. Ұлттық-этнографиялық бояуы қанық әңгімелері мен повестері орыс, қырғыз, өзбек, эстон,чех,неміс,ағылшын тілдеріне аударылады. «Кеніш» кітабы үшін Қазақстан Журналистер одағының лауреаты болып, бірінші дәрежелі сыйлықпен марапатталады.
Оның 1981 жылы жарық көрген «Күңгір-күңгір күмбездер» атты ғылыми-көпшілік кітабы қазақтың дәстүрлі мәдениетін өзінің төлтума қалпында біртұтас құбылыс ретінде қарастыруымен, тарихи-этнографиялық дерегінің молдығымен, әсіресе ұлттың рухани әлемін парықтаудағы тың тұжырымдарымен оқырман назарын аударған еңбек болды. Бұл кітап 1985 жылы «Поющие купола» деген атпен Е.Қажыбековтың аударуында орыс тілінде жарық көрді.
Ғылыми зерттеуші ретінде Ақселеу Сейдімбектің ең бір толымды еңбектерінің қатарына «Қазақтың ауызша тарихы» (2008) монографиясын жатқызуға болады. Қазақ халқының этногенезі мен этномәдени байланыстарына қатысты елеулі дереккөздерінің бірі-шежіре мағлұматтары екені белгелі. А.Сейдімбек бұл еңбегінде «Қазақтың ауызша тарихы» (ҚАТ) деп атауға әбден лайық шежірелік айғақ-деректерді кең көлемде пайдалана отырып, оны осы заманғы зерттеу әдістерінің талғам-тарапына сай зерделеген. Қазақ этнологиясына қатысты тың да толымды пайымдаулар жасаған. Монографияда дәстүрлі қазақ қоғамының ру-тайпалық жүйенің қоғамдық-әлеуметтік қатынастарға негіз болған тетіктері жаңаша парықиалған. Әсіресе дәстүрлі көшелілер қоғамына, оның мемлекет жасақтау үлгісіне, құқықтық жүйесіне және ішкі әлеуметтік-этникалық байланыстарына қатысты түбегейлі тың тұжырымдар жасап, оны тегеурінді дәлелдермен орнықтыра алған.
Ақселеу Сейдімбек – ел ішінде кең тараған «Сарыарқа», «Дәурен-ай», «Толғау»,(Ақтамбердінің толғауы), «Алтын асық», «Арар-ай», «Арман-ай», «Есіңде бар ма жас күнің?», «Гагигай» сияқты көптеген әндердің авторы. Бұл әндер Жәнібек Кәрменов, Қайрат Байбосынов, Бекболат Тілеуханов сияқты әйгілі әншілердің репертуарларынан орын алған. Оның қазақ ән өнері туралы Жәнібек Кәрменовпен бірлесіп жүргізген сегіз телехабары –қазақ теледидарының алтын қорына қосылған рухани қазына. Бұл хабарлау сериясында ол Жәнібек Кәрменовке қазақтың жүзге тарта классикалық әнін айтқызып, тарихи-эстетикалық түсініктер беріп отырады.
Ақселеу Сейдімбек «Ықылас күйші» (1983), «Әнші Жәнібек Кәрменов» (1993) «Абайдың «Ескендір» поэмасы» (1994), «Асыл қазына» (1996), «Зергер» (1998) телефильмдеріне және Асанәлі Әшімовтың «Қозы Көрпеш–Баян Сұлу» атты екі сериялы көркем фильміне (1993) түскен.
Ақселеу Сейдімбек қоғамдық және ғылыми өмірге де сергек араласып отырады. Ол– Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесінің, Қазақстан Республикасы Терминология ономастика комиссиясының, Қазақтың Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамы орталық кеңесі президиумының, Ғылыми қызметкерлерді аттестациялау департаментінде эксперттеу комиссиясының, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қоғамдық кеңесінің, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының, ПЕН –клубтың мүшесі; «Қазақ әдебиеті тарихы» атты 10 томдық толымды еңбек авторларының бірі; «Жұлдыз», «Парасат», «Зерде», «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті», «Таңшолпан», «Мәдениет», «Қазақстан мұрағаттары», «Қазақстан музейлері», «Жаңа Сарыарқа», «Күн мен ай», «Домбыра», «Әдемі-ай», «Алтын тамыр» сияқты газет-журналдардың алқа мүшесі болды. Сондай-ақ Түркістан, Астан, Бішкек, Москва, Тибилиси, Ереван, Киев, Кабул, Бонн, Стамбул, қалалында өткен халықаралық, бүкілодақтық, республикалық, аймақтық ғылыми-теориялық конференцияларға қатысып, ғылыми баяндамалар жасады. Ол – Қарағанды облысындағы өзі туып-өскен Жаңаарқа, Шет аудандарының құрметті азаматы.
Ақаңның азамат ретіндегі болмысын айғақтайтын айқын қасиеттерінің ең бастысы– оның жалтақсыз ұлтжандылығы. Бұл ұлтжандылық – әйтеуір бір ұлтқа тиесілі болғандықтан қиқуға ілесетін пендешіліктен ада, халқының қадір-қасиетін терең танып түсінуден туындаған құрбаншыл ұлтжандылық. Содан да болуы керек, ол өзінің ғылыми-шығармашылық ізденістерінде ұдайы ұлттың рухани дәулетін еселеп, бұрын із түспеген соныға құлаш ұрып, жаңалыққа жаршы болып, әсіресе халық мұрасының еленбей жатқан сырларын түгендеп отыруға айрықша құштар. Ол үшін қазақ ұлтының тарих аясындағы болмыс-бітімі – біртұтас киелі жаралым. Содан да болар, оның ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ этносын ұдайы «қазақ» деп басталып отыратыны да көп жайтты аңғартса керек: «Қазақ әлемі», «Қазақтың қара өлеңі», «Қазақтың күй нері», «Қазақтың ауызша тарихы», «Қазақтың эротикалық фольклоры», т.б сөз жоқ, осы аталған еңбектердің қай-қайсысы да тың ой-тұжырымдарымен қазақтануға олжа салған, ешқашан ғылыми-танымдық мәнін жоймайтын өміршең дүниелер.
«Ақселеудің көсемсөздегі елден ерекшелігі- тарихи-мәдени ескерткіштерді, көшпелілер мәдениетінің көрнекті өкілдерінің өнегелі өмірлерін жаңа қырынан алып, жаңаша жазғандығы. Бұл кітаптар жайдақ, жалаң мақалалар емес, елдік пен ерлік жөнінен сан алуан сыр шертетін шежірелер, аңыз-әңгімелер, тарихи оқиғалар, көркем баяндалғанкәдімгі эсселер. Ақселеудің бұл кітаптары-тарихи-танымдық, ғылыми-ғибраттық сияқты өрімі жарыса өрнектелген қымбат рухани қазына қайнарлары. Атажұрт-ұлан даланың ұлан-ғайыр тарихын есте жоқ ескі замандармен, қазақ халқының негізін қалаған көшпелі тайпалардың тағдырымен байланыстыра,сабақтастыра сыр шерткен осынау шежірелі кітаптардың жұртшылықтың жүрегіне жол тауып, ұлттық мақтаныш сезімінің оянып,қабырғалы ел, ежелгі халық екендігін білдіргенін неліктен ерекше бағаламасқа?!
Ақселеу – біздің қай-қайсымыздан да тарихпен көбірек те, ертеректе сырласқан, мұңдасқан қаламгер. Ол Герадот, Н.Аристов, Л.Гумилев А.Левшин, В. Радлов, сияқты тарихшы ғұламалардың еңбегін оқып, көңіліне тоқып, қойын дәптеріне көшіріп, көркемсөздеріне пайдаланып жүрген кездері бәз қатарлы жігіттердің көпшілігі олардың есімдерін шала-шарпы естігендері болмаса, еңбектерінен бейхабар болатын. Тұтас халқының ғана емес, тұстастарының да тарихқа көзін ашуға Ақселеу аз еңбек сіңірген десек, осы жағдай ойымызға оралады.
«Көп кісінің қолына түсе бермейтін көне кітаптарды көп оқып жете зерттеп, зердесіне тоқи білген, жазушылығына сай Ақселеу бар білімін ұлтының ой-санасын оятуға жұмсап бақты»,- деп Қуанышбай Құрманғалиев атап өткендей, Ақселеу Сейдімбек – өз заманына өнегелі із қалдырған тұлға.
Ақселеу Сланұлының шығармашылығына қатысы бар жоталы-жоталы төрт түрлі ерекшелік сипаттарын атап көрсетуге болады:
Әуелгі ерекшелік – қазақ әлемінің дәстүрлі өмір-салтына ерекше ден қойып, оның мәдениетіне, өнеріне, салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына жарқын көзбен қарап, шұрайлы көркем тілмен айтып беруді мақсат етуі.
Екінші елеулі қыры – Ұлы Дала кеңістігіне арқа сүйеген қазақ болмыс-бітімнің жылт еткен қадір-қасиетін барынша ыждағатпен зерттеп, жас ұрпақ кәдесіне жарату.
Үшінші ерекшелігі –өзі зертелеп отырған этнотанымдық қымбат белгіліерді әрдайым ұлы мәдениет үлгісі ретінде қарастыра отырып, келер күнге аманат қылып, аман сақтап қалу жайы.
Төртінші сипаты – іртекті, шалғай өрістерден желі тарқан сол мағлұматтармен қатар, қазақ бітіміндегі танымдық деректердің нақтылығы, дәйектілігі.
Ақселеу Сейдімбектің шығармашылық және ғылыми еңбегінің бедерлі тұстарын былайша саралауға болады:бұрын жиналмаған да зерттелмегенде қара өлең мен күй аңыздарын алғаш рет рухани айналымға түсірді; алғаш рет қазақ эпостарының қарасөзбен насихатталуына мұрындық болды; алғаш рет Гомер туындыларын қазақ оқырманына таныстырады; алғаш рет тарихты жеке тұлғалар арқылы зерделеу идеясына ден қойды; Қазақстанда этнографиялық және этнологиялық ізденістердің жандануына ықпал етті; сөйтіп көшпелілердің төлтума мәдениеті деген категориялық ұғымның орнығуына тегеурінді үлес қосты; қазақтың музыкалық мәдениетінде бес мектептің барын алғаш рет танып, олардың даралық сипаты мен типологиялық тұтастығын айғақтап береді;қазақтың ән өнерінің тарихи-эстетикалық қасиетін алғаш рет кешенді қалпында танытуды мақсат еткен телехабарлар сериясын жасады; қазақтың ру-тайпалық жүйесін алғаш рет тарихи-этнологиялық, әлеуметтік-саяси және мәдени-рухани аяда зерделеп, қазақ шежіресінің қазақ тарихына қатысты түпдеректемелік (первоисточник) мән-маңызын ашып береді; әр қилы пікір-бағаға қарамастан, халық мұрасы ретінде алғаш рет қазақтың бейпіл сөздерін жинап, оның ғылыми басылымын жарыққа шығарады; белгілі тұлғалар өмірінің ғибратты сәттерін жинақтауға себепші болған «Деген екен» айдарын бастап берді. Өз жоқ, мұның бәрі де халықтың рухани дәулетін сабаұты жібіне дейін түгендеуді мұрат тұтқан ұлтжанды азаматтың қам-қарекеті екені кім-кімге де күмән келтірмесе керек. Осындай қасиеттерінің арқасында оның есімі халық арасында айрықша құрметке ие болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет