Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы



Pdf көрінісі
бет64/75
Дата06.01.2022
өлшемі0,63 Mb.
#14909
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   75
2-жаттығу.  Тиісті тыныс белгісінін қойыңыздар.

 

 

а) Қандай сый тартсам екен, аға, саған, 



  Білмеймін, жараспай ма, жараса ма?! 

  Ешбір сый таба алмасам, аға, саған 

  Аппақ тонын – атамның тəбəрігін, 

  Жүзге кел деп арқаңа жаба салам. 

 

  Сын сағаттың кезеңінде өмір, өлім арбасқан, 



  Екеумізге бір хат келді ауылдағы Қарғаштан. 

  Көршіміздің Қарғаш дейтін жалғыз қызы бар еді, 

  Біз майданға аттанғанда ол бір сəби бала еді (М.М.) 

Сөйтіп  менің  Лаураны  ең  алғаш  шіркеуде  көріп,  одан  соң  жиырма  бір 

жыл бойы жыр арнаған Петраракаға да ұқсағым келді. Айтпақшы бүгін түсте 

менің де сені алғаш көргеніме жиырма бір жылға қарай аяқ басады(Ə.Н.) 

ə)  Ғалымдардың  айтуынша,  ғалам  кеңістігіндегі  ой  жетпес  алыс 

галактикаларда  «қара  тесіктер»    «черные  дыры»    болады  екен.  Əлдебір 

қылмысқа  қара күш пе, рухани ма –  бəрібір  батыл қадам жасасаң болды, əрі 

қарай  өзінен-өзі  майға  түскен  пышақтай  жылжып  кете  береді  екен.  Үйге 

кірдім. Тағы бір есік. Орта үйдің есігі.  Біздің үйде не көп, есік көп. Бұрынғы 

кеңсенің  есіктері  (Т.Ə.)  Қазір  елде  сіздің  құрметіңізге  қойылған  Бауыржан 




 

56 


 

есімді  балалар  көп  соларға  қандай  тілек  айтар  едіңіз?    Мен  бұл  сұраққа 

Бауыржан: Олардың бəрі бірдей батыр болмай-ақ қойсын, бірақ тегіс патриот 

болсын  деп,  бір-ақ  ауыз  сөзбен  жауап  беретін  болар  деп  ойлағанмын  (Ə.Н.) 

Бұрынғы курстарда да сабаққа ықылас қойып жақсы оқитын Шоқан, кластық 

гимнастикаларға  еріншектеніп,  көбіне  бармай  жүретін  еді  де,  спорттың  екі 

түрінен  қалмайтын  еді:  бірі    –  жаз  айларында,  бос  уақыттарын  салт  атқа 

мініп, бет алған жағына  көбінесе дала мен орман арасына  қыдыру; екіншісі 

–  қыс  айларын  Сібірде  мұзы  қатқан  Ертіс  үстінде  коньки  тебуге,  бірде  қар 

бетінде шаңғымен сырғанауға арнау(С.М.)  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет