1040 жыл
|
-Ибраһим ибн Насыр хан «Тамғаш Бурахан» атағын алып, Мауараннахрға толық билігін орнатты.
|
ХІІ ғ.30 жж.
|
-Шығыс хандыққа -Жетісуға қарақытайлар басып кірді.Шығыс хандық қарақытайларға бағынышты болды.
|
1137 жыл
|
-Қарақытайлар Ходжент түбінде Батыс Қарахан әскерін жеңді. Осы жеңілістен кейін қарахандықтар салжұқтармен одақтасты.
|
1141 жыл
|
-Самарқан қаласына жақын Қатуан даласында қарақытайлар қарахан және салжұқтардың біріккен әскерлерін жеңді. Бұхара қаласын, Мауараннахрдың орта бөлігін жаулап алды.
Қарахандар қарақытайларға бағынышты болып, алым-салық төлеп отыруға мәжбүр болды.
|
1195 жыл
|
-Салжұқтардың әлсіреуіне байланысты Хорезм хандығы күшейді.Хорезм шахы Текеш қарақытайларға соққы берді.Осыны пайдаланып, Батыс Қарахандықтар өз тәуелсіздіктерін алуға тырысты.
|
1208 жыл
|
-Шығысхан билігінен қашқан найман ханы Күшілік Жетісуға басып кіріп, қарақытайларды жеңді.
|
1210жылы
|
-Талас бойында Хорезм билеушісі Мұхаммед қарақытай мемлекетін жеңіп, Батыс Қарахан жерін басып алды.
Батыс Қараханның соңғы ханы Оспанды жазалайды.
|
Мемлекетінің құлауы
|
-Шығыс хандықты 1210 жылы Найман ханы Күшілік басып алды.
|