Имашева турсынай бахытжановна


Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы: 2019 жылдың 27 желтоқсаны,



бет4/34
Дата23.09.2023
өлшемі6,21 Mb.
#110020
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы: 2019 жылдың 27 желтоқсаны, №988 қабылданған.


Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев. Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы: Қазақстан халқына жолдауы 2022 жылғы 16 наурыздағы.

АНЫҚТАМАЛАР

Диссертациялық жұмыста төмендегідей анықтамаларға сәйкес терминдер қолданылды:


Жеке тұлғаның дамуы – оның дүниетанымын, өзіндік санасын дамыту, шындыққа, мінез-құлыққа, қабілеттерге, психикалық процестерге деген қарым-қатынас, тәжірибе жинақтау.
Кәсіби даму – бұл кәсіби-білім беру, еңбек және кәсіби қызметті игеру және орындау процесіндегі психиканың өзгеруі.
Өзін-өзі белсенділеу (өзін-өзі жүзеге асыру) – жеке адамның жоғары өмірлік қажеттілігі, ол адамның өзінің әлеуетті мүмкіндіктерін анықтауға, оның қалағандардан, өз мақсаттарына қол жеткізуге, өзінің жалпы адамзаттық және жеке мәнін көрсетуге ұмтылысын түсінеді.
Өзін-өзі талдау – рухтың, сезімнің, ақылдың, ерік-жігердің және мінез-құлықтың өзін-өзі ұйымдастыру тәсілі; өзінің нақты әрекетін бағалау, өзінің мінез-құлқы туралы, ұжымдағы жағдай туралы, қоршаған ортамен, ата-аналармен, оқытушылармен қарым-қатынас туралы өз пікірін қалыптастыру.
Өзін-өзі тану – белгілі бір жеке және (немесе) қоғамдық маңызы бар білім беру мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған арнайы ұйымдастырылған, өздігінен, жүйелі танымдық қызмет: танымдық мүдделерді, жалпы мәдени және кәсіби сұраныстарды қанағаттандыру және кәсіби біліктілігін арттыру.
Кәсіби бағыттылық – адамның таңдалынған мамандыққа көзқарасын сипаттайтын, кәсіби іс-әрекетке дайындығы мен оның табыстылығына әсер ететін жеке адамның интегралды қасиеті деп қарастырылады.
Кәсіби өзін-өзі анықтау – тұлғаның өз бетінше өз іс-әрекетінің мәнін анықтау және сезіну.
Өзін-өзі тәрбиелеу – бұл адамның базалық мәдениетін қалыптастыру мен өз бетінше дамытуға бағытталған жүйелі және саналы әрекеті. Өзін-өзі тәрбиелеу – тұлғаның даму үдерісінің құрамдас бөлігі және тәрбие нәтижесі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет