1. Дене бітімінің дайындығы – баланың салмағы мен бойының өз жасына сай болуымен
қатар он екі мүшесі сау болуы керек;
2. Зейінінің дайындығы – баланың ой – өрісінің, есте сақтау қібілетінің, тілінің, зейінінің,
өз еркімен тапсырма орындай алуының, мақсат қоя білуінің, қателігін түсіне білу
қабілеттілігінің өз жасына сай болуы;
3. Әлеуметтік – психологиялық дайындық баланың жаңа ортаға деген көз қарасының,
оқушы жауапкершілігінің, өзін өзі ұстай білуінің, үлкен кіші адамдармен қарым
қатынасының өз жасына, мектептердің талабына сай болуы;
4. Ерік аясының дайындығы баланың өз іс әрекетін мақсатты түрде қалыптастырып, өз
кемшіліктері мен жетістіктерін дұрыс қабылдап, әрекет ете білуі;
2.Мектепке дайындық түрлері. Мектепке даярлау мәселесі Қазақстан ғалымдары Б.
Баймұратова, Қ. Сейсенбаев, Н. Айғабылов, Б. Дабылова еңбектерінде біршама зерттелгені
белгілі. Дегенмен, мектептегі оқуға даярлау мәселесі әліде өзекте мәселелердің бірі болып қала
бермек. Мектепке психологиялық даярлықты жүзеге асыру ісін ғалымдар түрліше жіктейді. И.
Шванцар, Л.И. Божович зерттеулеріне сүйене отырып, мектепке даярлықты жүзеге асыру ісін
үш бағытта жүргізу қажет деп тұжырымдайды. Ал Е.Е. Кравцова мектепке даярлықтың төрт
бағытын қарастырды:
1. балаларды мектептегі оқуға қажетті нақты іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру;
2. мектеп жасына дейінгі кезеңнің аяғында байқалатын жаңа құрылымдар мен бала
психикасындағы өзгерістерді зерттеу;
3. оқу әрекеттерінің алғы шарттары;
4. баланың берілген ережелер мен ересектер талабына саналы түрде бағыну іскерлігі
Бұл мектепке дейінгі баланың білімі және біліктілігі. Кез-келген бала жазып және сана шектеліп
қана қоймай, ең маңыздысы салыстыра білуді,талдауды, ойлай білуді, өздігінен қ жасай білуі
тиіс. Көрнекі -әрекеттік ойлау қабілеттілігі жоғары бала көрнекі үлгім істегенде,заттардың
кейпімен, мөлшерін
ұйқастырғанда,
қойылған
міндеттерді шешу әрекеттердің
барлық түрін орындап шығады. Сонымен бірге баланың сөйлеу тілінде болмауы және өзіне
сөйлеген сөздің мағынасын түсініп,өзінің ойын жеткізе алуы қажет. Бала сөйлем құрастырып,
ұқсас дыбыс тіркестерін анық айта алуы маңызды. Әрбір бала құрастырумен қатар әрі бала
заттарды, суреттерді, әрекетттерді бейнелеп және оның мазмұ беруі қажет. Яғни,
баланың
сөздік қорының мөлшері,
таным үрдістерінің даму деңгейі, операцияларды орындай алуы,
баланың оқуда білімді табысты меңгеруінің негізі болып табы
Мектептегі оқу әрекеті - бұл ағзаның барлық жүйелерінің қатты жұмыс істеуін қажет ететі
үрдіс. Баланың ағзасында жаңа ережелер мен іс-әрекеттерге үйрену өзгерістер туғызады Оқушы
мектептің талаптарын орындап, жаңа күн режиміне, сабақтарда тәртіп сақта отыруыға
дағдылануы қажет. Алайда кез-келген баланың денсаулық жағдайы мұнда өзгерістерге бірден
бейімделе алмайды. Сондықтан баланың денсаулық жағдайы (ден салмағы, бойының ұзындығы
т.б.) нормадағы 6-7 жасар баланың дене көрсеткіштеріне сәйке болуы тиіс. Сонымен бірге көру
,есту, моторикасының дамуы және жүйке жүесіні физиологиялық жағдайын жатқызуға болады.
Мектепке келген бала оқимын деген ниетпен мектеп табалдырығын аттайды. Бірақ кейде бала
оқуға барғым келеді дегенмен, оның мотив әртүрлі болады. Біреуі мектепте көп бала бар және
онда көңілді десе, біреуі партаға отырғыс келгендіктен мектепке баруы мүмкін. Алайда мұндай
ықыласпен мектепке келген балала біраз уақыттан кейін мектептің қатал тәртібіне және
күнделікті оқу сабақтарына шыда алмайды. Жалпы, бала оқу үрдісінің өзіне қызығуы қажет.
Сонда ғана бұл баланың таны қызығушылықтарының дамуына, жаңа білім алуына мүмкіндік
жасайды. Сонымен бірге бал мұғалімдермен, балалармен қарым-қатынас жасау үшін қажетті
қасиеттердің қалыптасуы ас маңызды. Яғни, оқу әрекеті ұжымдық сипат болғандықтан, әрбір
бала құрдастарымен қарым қатынас жасай алуға, бірге жұмыс істеуге дағдылануы керек. Кейбір
балалар жаңа ұжымға те еніп, балалармен тез тіл табысып кетеді. Ал кейбіреулері көпке дейін
құрбыларымен тез ті табыса алмағандықтан, ұжымнан тыс қалып, жалғыз жүреді. Сондықтан
баланың ұжымд өзіне тиісті орын алуы, оның қарым-қатынасына әсер етеді. Сөйтіп берілген
құраушыла баланың басқалармен қарым-қатынас арқылы мектепте оқытуға, мектеп
оқушысының рөл арқылы балалар тобымен ойлау дайындығын дамытады.
Бұл
баланың шешім қабылдай алып
, мақсат қоя білуі. Сонымен бірге баланың әрекеттерді
жоспарлап, олардың орындалуын жүзеге асыруда күш жұмсай білуі, қиындықтарды жеңуі
баланың психологиялық үрдістердің қалыптасуына ықпалын тигізеді. Егер баланың мектептегі
оқуға дайындығы осы бағыттармен ұштасып жатса, баланың оқуға тез бейімделіп, жақсы оқып
кетуіне мүмкіндік туғызады. Мектепке дейінгілердің негізгі іс- әрекеті ойын болғандықтан,
оларға бірден оқу әрекетіне ауысу біршама қиындықтар туғызады. Мектеп табалдырығын алғаш
аттаған бала педагогтармен және балалармен кезіккенде мазаланады, оқу үрдісінің өзіне
жағымсыз эмоция сезініп, қорқыныш пайда болады. Осыдан келе нашар оқитын балалар және
екінші жылға қалып қоятын балалар пайда болады. Сонымен бірге баланың көңіл-күйінің
болмай, себепсізден жиі ауыруы мектеп неврозы сипатында көрінеді, яғни мектепті еске алса
болғаны жылап, уайымдайды. Сөйтіп, мектеп бала үшін стрессогендік факторға айналып,
денсаулығының нашарлауына әкеліп соғады. Австрия ғалымы Г. Эберлейн өзінің «Дені сау
балалардың қорқынышы» атты еңбегінде «Кейбір балалар алдағы болатын жағдайлардан
үрейленеді, олар үнемі «мектепте мұғалім берген тапсырманы орындай алмай қаламын ба?»
деген қорқынышпен жүреді», - дейді. Жалпы, тәжірибеге сүйенетін болсақ, баланың оқығысы
келмеуі мына жағдайларға байланысты болады:
1. Мектеп алдындағы қорқыныш. Бұл баланы бағындыру, әрекеттерді орындату мақсатымен
қорқынышты үйде қалыптастырады; («Мектепке барасың сонда саған көрсетеді»);
2. Оқу үрдісінде және қарым-қатынаста қиындыққа кезігуі;
3. Мектептің өміріне бейімделе алмауы;
4. Мектептің өмірінің шынайлылық қиындығымен кезіккенде, баланың көңілінде мектепке
деген жағымсыз қатынастың пайда болуы;
5. Мұғалімнің өзіне тән психологиясына үйрене алмау.
Яғни, осы кезде әрбір ата-ана өзінің баласына мектеп туралы қажетті мағұлматтарды айтып,
баланың мектепке деген жағымды қатынас және сенімділік сезімін қалыптастыра отырып
тәрбиелеу керек. Ең бастысы баланы жолдастарымен қарым-қатынас жасай алуға, басқа
баланың ойымен санасуға үйрету болып табылады.
Мектеп өмірі баладан эмоциональдық тұрақтылықты талап етеді Оқушылар арасында
келіспеушіліктер, реніштер және конфликтік жағдайлар жиі кездеседі. Әсіресе ерке балалар
мұғалімнің ескертулерін ауыр қабылдайды, яғни мектепке барудан бас тартады, жылайды
және т.б. әрекеттер арқылы көрінеді. Баланың өз бетімен шешім қабылдай алатындай
және еріктілікті дамытуға жағдайлар жасап және бір жұмысты аяқтамай келесі жұмысқа
кірісуіне рұқсат етпей, кез-келген істі аяғына дейін жеткізуге үйрету керек.
К.Д. Ушинский «Балаға оқуды қызықты ете білу керек және сонымен қатар, оларды
қызықтыра қоймайтын тапсырмаларды да бұлжытпай орындауды талап ету керек, бұл
жұмысты орындағанда бір жағын басым етіп жібермей, екі жағын теңестіру арқылы
еріксіз зейінді тудырып отырумен қатар, балада белсенді зейін шамалы болғанына
қарамастан оны жаттықтырып отыру керек», - деп көрсетеді. Оқушылардың зейінін дұрыс
қалыптастыруға мұғалімнің жеке басының үлгі-өнегесінің маңызы да зор.
Достарыңызбен бөлісу: |