Информационное письмо


№2 Дәрістің тақырыбы: Баланың мектепке дайындығы



Pdf көрінісі
бет5/73
Дата08.04.2023
өлшемі1,61 Mb.
#80473
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
Байланысты:
2023 Мектеп психологиясы силлабусс (копия).docx1

№2 Дәрістің тақырыбы: Баланың мектепке дайындығы. 
1. 6-7 жас балалардың жалпы даму заңдылығы. 
2. Мектепке дайындықтың түрлері. 
3. Мектепке психологиялық дайындықты диагностикалау 
1. 6-7 жас балалардың жалпы даму заңдылығы. Қазақстан Республикасының Білім беру 
жүйесін реформалау барысында әрбір баланы мектептегі оқу және әлеуметтік ортаға еркін 
бейімделе алатындай жағдай жасау аса маңызды міндет. Демек, қазіргі талап бойынша 
мектептің бірінші сыныбына келетін балалардың физиологиялық жағынан мықты, 
адамгершілік, мәдениеттілік, еңбексүйгіштік қасиеттері мол, ерік-жігері күшті, жұмыс 
қабілеттеріне ие, білімге қызығушылық сипаттары мол болуы қажет. Сондықтан да мектеп пен 
мектепке дейінгі мекеменің, ата-аналардың басты міндеті - баланы мектептегі оқуға, мектеп 
өміріне даярлау. Мектепке алғаш бару - бала өміріне үлкен жаңалық, өзгеріс енгізеді, 
қоғамдағы жаңа орынға көшуі мен өсіп-жетілуінің бір бастамасы. Баланы мектепке дайындау 
дегенде көптеген ата-аналар балаға әріптерді және санауды үйретумен ғана шектеледі. Әрине 
баланың оқуға дайындығын ақыл-ойының даярлығымен ғана шектеліп қоймай, оның оқуға 
психологиялық жағынан даярлауды қарастыру қажет. Яғни, бұл баланың мотивациялық-
қажеттілік және психикалық үрдістерінің дамуы оқуда, қарым- қатынаста қиындыққа 
кезікпеуіне мүмкіндік береді. Бұл қауырт кезеңде мектеп бірінші күннен бастап оқушыға 
бірнеше талаптар қойып және баланы ұқыптылық пен зейінділікке тәрбиелейді. Сондықтан да 
балалар оқу ісіне машықтануға, қимыл-әрекетерінің ықтиярлы басқарылуы қабілетін, ақыл-ой 
еңбегін, мақсаткерлігін, дағдысын қалыптастыруға аса көңіл бөлінеді. Бүгінгі күнде 
«мектептегі оқуға дайындық» ұғымы комплексті және баланың барлық өмірінің сферасын 
қамтиды. Мектепке дейінгі баланың өмірінде әлеуметтік, психологиялық жағынан және 
физиологиялық жағынан да қиын кезең.Бұл кезеңде мектеп өмірімен танысады, әлеуметтік 
ортасы өзгеріп және оқушының жаңа әлеуметтік рөлін меңгере бастайды. Белгілі орыс 
психологтары А.Н. Леонтьев, А.В. Запорожец, А.А. Люблинская мектепке даярлау ұғымына 
баланың оқу тапсырмаларын түсінуін,әрекеттерді орындау тәсілдерін меңгеруін, ерік 
қасиеттерінің дамуын, өзін-өзі бақылау және 
өзін-өзі бағалау дағдыларын
, мұғалімді тыңдау, 
материалды еске сақтау біліктілігін жатқызады. Е.Е. Кравцова мектептегі оқуға 
психологиялық даярлығы бұл баланың дамуында «қарым-қатынас» негізгі ролді атқарады 
деген тұжырымға келді. Ал Л.И. Божович мектепке келетін баланың таным қызығушылықтары 
дамыған, әлеуметтік ортаға ене алу біліктілігі және оқуға деген ынтасы болу қажет деген 
пікірге келді. Р.В. Овчарова тұжырымдамасында, мектептегі оқуға дайын бала өзінің 
әрекеттерін жоспарлап және бақылай алады,қоршаған дүниенің заңдылықтарын,заттардың 
жасырын қасиетін бағдарлайды,оларды өз әрекеттерінде қолдана алады,басқа адамды тыңдай 
біледі және логикалық ойлау тәсілдерін орындай алу біліктілігін жатқызады . 
Мектепке бару бала өміріндегі үлкен жаңалық, шешуші кезең, өмір мен іс- әрекеттің жаңа 
күйіне, қоғамдағы жаңа орыңға көшу және өсіп- жетілуіне бір сатысы.Мектепеке барғанан 
бастап баланың қоғамдағы орны өзгереді, бұл кезеңде бала мектеп өмірімен танысады, 
мектепке дейінгі ойын баласы жаңа өмірге қадам басады. Мектеп табалдырығын аттау 
баланың өміріндегі заңды құбылыстардың бірі. Әрбір бала жасы жеткенде мектепке барады. 
Мектепке алғаш бару бала өміріне үлкен жаңалық, өзгеріс енгізеді, қоғамдағы жаңа орынға 
бейімделуі мен өсіп жетілуінің бір бастамасы болады. Мектепке дайындықты балабақша мен 
мектептегі әдіс – тәсілдерді ұштастыру арқылы жүзеге асыруға болады, бірақ оларға 
қойылатын міндеттілік, реттілік, ойын әдістерін пайдалану, өз кезегімен бірдей болуға тиісті. 


Баланы қандай бағдарлама бойынша оқытқан жөн. Демек, «Баланы мектепке даярлау қалай 
болуы керек?» деген сұрақтың ата – ана үшін маңызы артып, тиісті жауап іздейді. Бұл сұраққа 
көптеген ата – аналарда екі пікір қалыптасқан: бір ата – аналар алғаш мектеп табалдырығын 
аттаған күннен бастап данышпан етуді мақсат тұтса, кейбіреулері, керсінше, бала білмей 
барса, барлығын мектепте үйренуі тиіс деген пікірде. Осы пікірлердің алтын ортасын қалай 
таңдаймыз? Баланы мектепке физикалық жағынан да, психологиялық жағынан да қалай 
дайындаймыз? Бірінші сыныпқа баратын бала жазу – сызуды біліп баруы міндетті емес, оған 
барлығын мектепте үйретуге міндетті. Алайда, қазіргі заман оқу бағдарламасының 
тапсырмаларын ауыртпалықсыз орындау үшін, іс жүзінде мектеп табалдырығын аттамас 
бұрын жазу мен оқуды біліп барғаны дұрыс. Балаңыз мектепке бармас бұрын оқу жазуды білсе 
жақсы. Балаға жазу сызу барысында қарандашты немесе қаламсапты дұрыс ұстап үйретуді 
ұмытпаңыз. Баланың сөйлеу тілінде кемістіктің болмауы шарт, сөйлеген сөзінің мағанасы 
өзіне түсінікті болу керек, өзінің ойын жеткізе алуы қажет. Жазып санауымен ғана шектеліп 
қана қоймай, салыстыра білуді және талдауды, ойлай білуді меңгере алу тиіс. Сонымен қатар, 
өздігінен қорытынды жасай білсе, көп нәрсені жақсы түсінеді. Көрнекі әрекеттік ойлау 
қабілеттілігі жоғары бала көрнекі үлгімен жұмыс істегенде, заттардың кейпімен мөлшерін 
ұйқастырғанда қойылған міндеттерді шешуде тиімді әрекеттердің барлық түрін 
ұйымдастырып шығарады. Кез келген ата-ана баланың өсіп жетілуіне, рухани күшті етіп 
тәрбиелеу жолында алуан түрлі қуаныш пен қиыншылықтарды бастарынан өткізе отырып, 
оның рухани және ақыл ойы мен дене құрылысы жағынан жан – жақты дамуына баулуы керек. 
Баланың мектепке дайын болу жағдайы бірнеше түрге бөлінеді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет