Инклюзивті білім беру


Инклюзивті оқытудың негізгі қағидалары



бет4/6
Дата07.01.2022
өлшемі94,83 Kb.
#20299
1   2   3   4   5   6

Инклюзивті оқытудың негізгі қағидалары:

  • 1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
  • 2. Əрбір адам сезуге жəне ойлауға қабілетті.
  • 3. Əрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.
  • 4. Барлық адам бір-біріне қажет.
  • 5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
  • 6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
  • 7. Əрбір оқушы үшін жетістік кежетуөзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын əрекетін жүзеге асыру.
  • 8. Жан- жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
  • 2016-2017 оқу жылында 10% (4910 б/б-дан 495 б/б) балабақша инклюзивті білім беруді енгізді, онда 6130 бала, 44,7% немесе 3289 мектеп инклюзивті білім беру үшін жағдай жасады (40 мыңнан астам бала). Педагогтар мен ата-аналарға ғылыми-әдістемелік, ұйымдық-консультативтік көмек көрсету үшін 7 инклюзивтік білім беру жөніндегі ресурстық орталығы құрылды (Ақтөбе – 1, Ақмола -1, Қарағанды – 1, БҚО – 2, Қызылорда – 1, ҚАЗ ҰПУ- 1). Қазақстан Республикасында 42 арнайы балабақша және 435 арнайы топтар жұмыс істейді, оларда 13 мыңнан астам мектепке дейінгі жастағы балалар білім мен тәрбие алуда, 97 арнайы мектеп және жалпы білім беру мектептері жанындағы 2605 арнайы сынып жұмыс істейді, оларда 25 мыңға жуық оқушы білім алады. Қазіргі уақытта ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға 13 оңалту орталығы, 149 психологиялық - педагогикалық түзеу кабинеттері, 58 психологиялық - медицииналық - педагогикалық консудьтацияларды, педагогикалық - коррециялау қолдауды көрсетуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет