Interactive Image Technologies (Канада) фирмасының Electronics Workbench (ewb) бағдарламасы



бет3/6
Дата13.06.2023
өлшемі367,05 Kb.
#101056
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Export to SPICE — сұлбаның мәтіндік сипаттамасын құру және SPICE форматында модельдеуге беру.
Export to PCB — OrCAD форматында қосылыстар сұлбасының және баспалық платаны әзірлеудің басқа программаларының тізімін құру. Import/Export ішкі мәзірінде баспалық платаны дайындайтын EWB Layout бағдарламасымен деректер алмастыру мүмкіндігі қарастырылған.


Edit мәзірі
Cut – сұлбаның белгіленген бөлігін өшіру. Элементті белгілеу – тышқанның сол жақ батырмасы, сұлба бөлігі тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып жылжыту арқылы белгіленеді.
Copy – көшіру;
Paste – алмастыру буферінен жұмыс өрісіне қою. Егер сұлбалар беттесіп кетсе, онда белгілеуді алып тастамай тұрып, беттескен сұлба бөлігін жылжыту керек;
Delete – жою;
Select All – барлық сұлбаны белгілеу;
Copybits – экранның қажетті бөлігін белгілеу және оны Windows–тың кез келген құжатына ауыстыру мақсатымен алмастыру буферіне орналастыру. Барлық экранды көшіру – пернелік тақтадағы Print Screen батырмасымен, ал экран бетіндегі белсенді терезені ғана көшіру үшін бірмезгілде Alt және Print Screen батырмаларын басу керек;
Show Clipboard – буфердегіні көрсету.


Circuit мәзірі
Circuit мәзірі келесі пунктерден тұрады:
Rotate – компонентті кез келген бұрышқа бұру;
– Flip Horizontal — компоненттің көлденеңінен айнадағы көрініспен бейнеленуі;
Flip Vertical — компоненттің тігінен айнадағы көрініспен бейнеленуі;
Component Properties — белгіленіп тұрған компоненттің қасиеті;
Create Subcircuitішкі сұлбаны құру;
Zoom In — белгіленіп тұрған ішкі сұлбаны немесе бақылаушы-өлшеуіш аспапты үлкейту;
Zoom Out — белгіленіп тұрған ішкі сұлбаны немесе бақылаушы-өлшеуіш аспапты кішірейту;
Schematic Options – бағдарламаның ішкі түрін баптау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет