Ісіктер. Ісік (латынша-tumor,blastoma, грекше-neoplasma,орысша-опухоль)



бет12/13
Дата29.10.2022
өлшемі32,83 Kb.
#46122
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Тератомалар.
Тератома деп ұрық клеткаларынан пайда болатын әртүрлі тіндерден түзілген ісікті атайды. Олар сегізкөз-құймшақ аймағында,көкірек қуысында, құрсақ пердесі сыртында, аналық және аталық бездерде, бас сүйегі ішінде, омыртқа өзегінде кездеседі.
Аналық без тератомасына негізінен дермоидтық кисталар жатады. Оны кесіп қарағанда іші шаш, май т.б. тіндерімен толған.
Аталық ұрық безінде қатерсіз тератомалар, дермоидтық кисталар және қатер-лі кисталар кездеседі.
Қан жасаушы және лимфоидты тіндер ісіктері.
Қан жасаушы жүйенің ісіктері 2 топқа бөлінеді: 1) лейкоздар; 2) қатерлі лимфомалар.
Лейкоздар қан элементтерінің жайылмалы түрде өсуімен сипатталатын қатерлі ісік болса, қатерлі лимфомалар ісік процесінің бір жерден немесе бір топ бездерден басталуымен сипатталады.
Қатерлі лимфомаларға мына ісіктер жатады: 1)түйінді лимфосаркома; 2)жайылмалы лимфосаркома; 3) саңырауқұлақ тәрізді микоз; 4)ретикулосарко-ма; 5)лимфогранулематоз.
Лимфосаркома - лимфоцит қатарындағы клеткалардан түзілген қатерлі ісік. Ол лимфа түйіндерінде, кей ағзаларда (ішек-қарын жолдарында, теріде, бадамша бездерінде т.б.) топталған лимфоцит клеткаларынан өсіп шығады. Түйінді лимфосаркома (алыпфолликулалы лимфома, Брилл-Симмерс сырқаты) лимфа түйіндерінде ісік клеткаларының фолликулаға ұқсас құрылымдар түзуімен сипатталады. Жайылмалы лимфосаркоманың клеткалар құрамына қарап: 1)лимфоциттерден; 2)пролимфоциттерден; 3)лимфобластардан; 4)имунноблас-тардан түзілген түрлерін ажыратады. Жайылма лимфосаркоманың ерекше түріне Беркитт ісігі жатады.
Ретикулосаркома. Ретикулалық клеткалар қанжасау жүйенің стромасын құрғанмен пайда болу көзі олардан өзгеше. Арнайы бояулармен бояғанда ісік клеткаларын ретикулин талшықтары қоршайды. 
Саңырауқұлақ тәрізді микоз. Бұл лимфоретикулярлық ісіктер тобына жататын, теріде, кей ішкі ағзаларда жұмсақ, көкшіл түсті түйіндер түрінде өсетін қатерлі ісік.
Лимфогранулематоз. (Ходжкин сырқаты). Өзіне тән клиникалық белгілері бар, морфологиялық көріністері бар қатерлі ісік. Ол мойын, көкірек қуысы, құрсақ пердесі сыртындағы лимфа түйіндерінде кездеседі. Оны клиникалық морфологиялық белгілеріне қарап 4 түрге бөледі: 1)Лимфоидтық тіннің басым-дығымен сипатталатын түрі лимфогранулематоздың 1-11 кезеңіне тура келеді2)Аралас клеткалық түр; 3)Лимфоидтық тіннің жойылуымен сипатталатын түрінде ісік құрамынан лимфоцит клеткаларының бүтіндей жойылуы тән; 4) Нодуляр (түйінді) склероз түрі лимфа түйіндерінде оларды жеке-жеке түйіндерге бөлетін дәнекер тіннің өсуімен ерекшеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет