Ислам және өнеге



Pdf көрінісі
бет57/71
Дата31.12.2021
өлшемі1,62 Mb.
#21968
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   71
Байланысты:
2 5467766300094762707

Тәрбиенің негізі – имандылық
ибн  Амр
251
,  Әбу  Әйюб  Ансари
252
  (р.анһум.)  секілді 
сахабалардың шаңырағында, я болмаса мешітте тігілген 
шатырда
253
 күтілетін
254
. Өсиеттерінде қонаққа дәм беру-
ге асығуға шақырып
255
, қонақ келген үйге құт-берекенің 
қоса келетіндігін білдірген
256

Тәлімі мінсіз тәлімгер (с.а.с.) өте сабырлы еді. 
Меккеде  халықты  Ислам  дініне  алғаш  шақыра 
бастағанда,  өз  жақындары  тарапынан  қанша  құқай 
көрсе  де,  ләм-мим  демеген.  Басын  сәждеге  қойып, 
намаз  оқып  тұрғанда,  үстіне  түйенің  қан-жынын 
қотарып айызы қанғанша келемеждегендерге, Тайыф-
та жарыса тас лақтырып, аяғын қанатып, Ұхыдта тісін 
сындырғандарға да қатты назаланып, қарғыс айтпаған. 
Өзін өлтіруге талай әрекет жасағандарға бар болғаны 
«Раббым  олар  мені  білмейді  ғой,  білсе  бұлай  істемес 
еді» деп қынжылатын да қоятын. 
Құранда  «Әй,  иман  еткендер!  Сабырмен,  на-
мазбен  Аллаһтан  жәрдем  тілеңдер!  Күмәнсіз,  Аллаһ 
сабыр  етушілермен  бірге»
257
  делінгендіктен,  үнемі 
ашуын  сабырға  жеңдіре  білетін.  Пұтқа  табынушы-
лар  «сиқыршы»,  «айлакер»,  «ақын»,  «айықпас  ауруға 
шалдыққан»  деген  секілді  түрлі  жала  жапса  да, 
ешбіріне мойымай, төзе білген. Хадистерінде «Сабыр 
251
  Ибн Сағыд, Табақат, І, 338.
252
  Ибн Сағыд, Табақат, І, 338.
253
  Бұл  да  сонда.  351.  Келген  қонақтар  намаз  оқыған 
мұсылмандарды  көрсін,  Құран  оқылғанда  естісін  деген 
мақсатта  мешіттердің  қастарына  шатыр  тігілетін  болған. 
Қараңыз: Зұрқани, Шәрхүл-Мәуахиб, ІV, 8. 
254
  Кеңірек мәлімет алу үшін: Кәттани, Тәратиб, ІІ, 22-27.
255
  Бұхари, Никах, 80, Әдаб, 31, 85. 
256
  Ибн Мажа, Әтима, 55. 
257
  «Бақара» сүресі, 153-аят.


176
Ислам және өнеге
–  алғашқы  соққы  тиген  сәттегі  көрсетілген  сабыр»
258

«Сабыр – иманның жартысын құрайды»
259
, «Сабырдың 
діндегі орны, бастың денедегі орны секілді»
260
, «Саған 
ұнамаған нәрсеге сабыр етуіңде үлкен игілік бар»
261
 деп 
мұсылман үмбетін сабырлы, шыдамды, төзімді болуға 
шақыратын. 
Пайғамбарымыздың  (с.а.с.)  сыртқы  түр-тұлғасы 
мен бітім-болмысы да келісті еді. 
Риуаяттарда былай делінген: 
Ол  сымбатты  келген
262
,  қызыл  шырайлы,  жылы 
жүзді кісі болатын. Жүзінен нұр есіп тұратын. Бет-әлпеті 
аса дөңгелек те, толық та емес еді. Бойы ортадан сәл 
биіктеу болатын. Өзінен бойшаң адаммен қатарласқанда, 
Пайғамбарымыз  одан  еңселі  болып  көрінетін.  Иықты 
әрі  арқа  сүйегі  ірілеу  адам  болған
263
.  Шапанын  шеш-
кенде,  денесі  қалыпқа  құйылған  күмістей  болып  жа-
расымды  көрінетін
264
.  Екі  жауырынының  арасында 
ай пішіндес немесе көгершіннің жұмыртқасына ұқсас 
жұдырықтай пайғамбарлық мөрі бар болатын
265
. Қарны 
шығыңқы  емес,  көкірегімен  бір  деңгейден  аспайтын. 
Саусақтары салалы, алақаны кең, аяқ-қолдары түзу еді. 
Басы сәл үлкендеу, кейде құлағының жартысына дейін, 
кейде  иығына  дейін  жететін
266
  шашы  толқынданып 
258
  Бұхари, Сахих (1194).
259
  Әбу Нуайым
260
  Дәйлами
261
  Тирмизи
262
  Мүслим, Сахих 11/491(4308)
263
  әл-Хинди, Кәнзул-уммал 7/50 (17807)
264
  әл-Хинди, Кәнзул-уммал 7/314 (18535)
265
  Бұхари, Сахих 1/81 (187)
266
  Табарани, Муғжамул-кәбир 22/155 (414)


177
Тәрбиенің негізі – имандылық
тұратын. Шашын кейде ортасынан бөлгенде, кекілі екі 
көзінің ортасына түсетін
267
. Қастары қалың, бір-біріне 
қосылмайтын
268
. Көңілі әлденеге алабұртқан кезде, екі 
қасының  ортасындағы  тамыры  білеуленіп  кететін
269

Кең  маңдайлы  еді
270
.  Шашы  қайырылған  кезде  жазық 
маңдайы жарқырап көрінетін. Көзі үлкен әрі қап-қара 
еді
271
.  Кірпіктері  ұзын  болғандықтан,  көзін  жұмған 
кезде,  бір-бірімен  қамасып  тұратын
272
.  Сөйлеген  кез-
де,  аузынан  нұр  төгілгендей  әсер  беретін.  Тершең 
еді.  Терлеген  кезде,  денесінен  хош  иіс  шығатын
273

Қолынан  да  әрдайым  хош  иіс  аңқып  тұратын.  Оны-
мен амандасқан адамның қолынан кешке дейін осы бір 
әдемі  иіс  кетпейтін.  Жүрісі  ширақ  әрі  шапшаң  еді
274

Даусы  ашық  әрі  жағымды  болатын
275
.  Бұл  жайлы  бір 
сахаба былай дейді: «Бізге Минада уағыз айтқан кезде, 
тынысымыз  кеңіп,  көңіл  сарайымыз  ашылатын.  Тіпті 
үйімізде  отырғанда  да  осы  бір  жағымды  дауыс  көпке 
дейін құлағымыздан кетпейтін»
276

Қорыта келгенде, сүйікті елшінің қай қасиетін алсақ 
та  адамзатқа  үлгі-өнеге  көрсеткенін  байқайсыз.  Сы-
нына сызат түсірмеген мінез сұлулығына, кішілігімен 
баураған  кісілік  келбетіне,  парасаты  өлшеусіз 
267
  Ибн Кәсир, әл-Бидая 6/20
268
  Ә.  Дербісәлі.  Әз  пайғамбар  –  хазірет  Мұхаммед.  Көкжиек 
баспасы. А. 2007. 
269
  Табарани, Муғжамул-кәбир 22/155 (414)
270
  Тирмизи, Шәмаил 1/36
271
  Мүслим, Сахих 4/1820 (2339)
272
  Тирмизи, Сүнән 5/599 (3638)
273
  Мүслим, Сахих 4/1814 (2330)
274
  Ахмет, Мүснәд 2/350 (8588)
275
  Мүслим, Сахих 1/336 (457)
276
  Пайғамбар жинағы 2/86


178
Ислам және өнеге
пайғамбарлық тұлғасына тәнті боласыз. Бұдан басқа да 
асқан  сабырлылық,  мейірімділік,  жомарттық,  ибалық, 
кешірімділік,  әділеттілік,  шыншылдық  секілді  қол 
жетпейтін қаншама жақсы қасиеттерді бойға сіңіргеніне 
қарап,  өзінің  «Мені  Раббым  тәрбиеледі»  дегеніне  көз 
жеткізе  түсесіз.  Көз  жеткізген  сайын,  іштей  сүйсініп, 
оның әрбір көркем қасиетін өзіңізге үлгі тұта бастай-
сыз. Айналасына шұғылалы шуақ шашып, әлі күнге хақ 
нұрына бөлеп келе жатқан біртуар жанды зор мақтаныш 
етесіз.  Ақыретте  өзіне  тиесілі  «махмуд»  мақамына 
жетіп, мерейі шалқып, беделі биіктей берсін деп сансыз 
салауатыңызды жаудырасыз. 


179
Б


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет