173
Тәрбиенің негізі – имандылық
(с.а.с.): «Жоқ, Аллаһ тағала маған одан артық ешкімді
берген емес. Ешкім айтқаныма сенбеген кезде, ол сеніп
еді. Ел менен теріс айналғанда, сол ғана ақиқатты
айтқанымды мойындап еді. Ешкім маған ештеңе бер-
меген кезде, сол ғана маған дәулетін тосып, қолдап еді.
Әрі Жаббар ием содан маған ұрпақ нәсіп етті»
241
, – деп
жауап берген. Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзінің сүт анасы-
на да зор құрмет көрсеткен. Арада көп жыл өтіп, Мек-
ке азат етілгеннен кейін, өзін іздеп келген сүт анасы
Халимаға шапанын төсеп, төрге отырғызған
242
. Хауа-
зин тұтқындарымен бірге әкелінген емшектес бауыры
Шәйманы да сыйлап, айтарлықтай көңіл бөліп, тай-
пасына қайтарында мол тарту-таралғымен шығарып
салған
243
. Мекке кезеңінде мұсылмандарды үш жыл-
дай оқшаулап шөлге тықсырғанда, пұтқа табынушы-
лар бекіткен қатаң ережені жойып, мұсылмандардың
Меккеге оралуына көмектескен, Тайыфтан қайтқанда
Пайғамбарымыздың Меккеге кіруіне көмектесіп,
қамқорлық танытқан Мұтғим ибн Ади Бәдір соғысында
мүшріктер арасында өліп еді. Мұтғимның баласы
Жабир соғыстан кейін тұтқындарды қайтару үшін
Пайғамбарымызға жолыққанда, кезінде әкесінің
мұсылмандарға жасаған жақсылықтарын еске алып:
«Мұтғим ибн Ади тірі болып, тұтқындарға кешірім
сұраса, бәрін босатар едім», – деп, өзінің жасаған
жақсылықты ұмытпайтын опалылығын байқатқан еді.
Ансарларды да үнемі аузынан тастамай игі дұғасына
241
Ахмед
ибн Ханбәл, VI, 118. -
242
Әбу Дәуіт,
Әдаб, 128.
243
Бәйхақи,
Дәлаил, ІІ, 308.
174
Ислам және өнеге
қосып отырғандығы оның жақсылықты ешқашан
ұмытпаған
қасиетін аңғартуда
244
.
Адамзаттың ардақтысы (с.а.с.) дархан пейілді өте
қонақжай еді.
Құранда Ибраһимнің (а.с.)
245
ең ізгі қасиеттерінің
бірі ретінде аталған бұл мінез Пайғамбарымызға да тән
еді. Құтты шаңырағынан үнемі қонақ үзілмеген деуге
болады. Ибн Сағыдтың айтуынша, Әбу Хұрайра (р.а.)
расулаллаһтың аш жүретіндігі жайлы әңгіме қозғағанда,
Ағраж бұның себебін сұраған. Сонда Әбу Хұрайра (р.а.)
бұны ол кісіге келімді-кетімді қонақтардың көптігімен,
үнемі жанынан айырылмай бір топ адамдардың
жүретіндігімен, оның үстіне қасында сахабалары не
суффа асхабы болмаса, Пайғамбарымыздың асты
ауызға алмағандығымен түсіндірген
246
. Арабстанның
әр қиырынан өзін іздеп келген қонақтарға барынша
көңіл бөлетін. Мейлі елшілік мақсатпен келсін, мейлі
жай келсін, ол кісілерге жақсы қарауды тапсыратын
247
.
Мәселен, Бәни Ханифа қонақтары өздерін Рәмла ибн
Харистың үйінде күткенін, таңертең және кешке нан
мен ет, бір жолы нан мен сүт, бір жолы нан мен май
беріп
сыйлағандығын айтқан
248
.
Мәдинаға келетін елшілер немесе басқа да кісілер
қонақтарға арнайы дайындалған Рәмла ибн Харистың
үйінде
249
немесе Абдуррахман ибн Ауф
250
, Фәруа
244
Бұхари,
Мәнақибул-ансар, 2.
245
«Зарият» сүресі, 24-27.
246
Ибн Сағыд, І, 408.
247
Қараңыз: Чакан,
Сиясетли Мұхаммед, 56-57.
248
Ибн Сағыд,
Табақат, І, 316.
249
Ибн Сағыд,
Табақат, І, 316.
250
Кәттани,
Тәратиб, ІІ, 23.