Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»



Pdf көрінісі
бет27/113
Дата31.12.2016
өлшемі16,98 Mb.
#843
түріИсследование
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   113

Əдебиеттер тізімі 

1. «Іс-əрекеттегі зерттеу», Астана, 2012 ж.

2. kk.wikipedia.org/wiki/Уикипедия

3. Ғабдоллақызы Б. «Lesson Study» атауы туралы. «Білім берудегі жоғары сапа

жəне көшбасшылық» баяндамалар жинағы, Астана, 2013 ж.  

4. Чичибу Т., Ду Тоит Л., Тулепбаева А. Lesson Study бойынша мұғалімдерге

арналған нұсқаулық. Астана, 2013 ж.  

5. Тренерге  арналған Нұсқаулық, 2-деңгей

223


ДЕҢГЕЙЛІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ 

САБАҚТАРЫНДА ЖƏНЕ САБАҚТАН ТЫС ШАРАЛАР КЕЗІНДЕ 

ТАНЫМДЫҚ ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ 

МАҢЫЗЫ 

Аталиков Я. 

 № 15 жалпы білім беру орта мектебі 

Ақтау қаласы 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 



Аңдатпа 

Қазіргі  таңда  Қазақстан  мектептеріне  енгізіліп  жатырған, «Назарбаев  Зияткерлік 

мектептері» ДББҰ-мен Кембридж университетінің Білім беру факультетінің бірлесе отырып 

жасақтаған  деңгейлі  бағдарламасының    негізгі  түйіні  баланы  ойын  арқылы  оқыту  болып 

табылады,  демек,  осы  қарқын  аясында  танымдық  ойындарды  оқу  процесінде  қолданудың 

маңызы артуда. Мақалада автордың жеке тəжірибесінен алынған Қазақстан тарихынан ойын 

элементтерін тиімді пайдаланудың маңызы туралы айтылады.  

Аннотация 

Основной 

мыслью 

совместной 



уровневой 

программы 

АОО 

«Назарбаев 



интеллектуальные  школы»  и  факультета  образования  Кембриджского  университета, 

внедряющиеся ныне в школах Казахстана, является обучение через познавательные игры, тем 

самым, растет значение использования подобных игр в учебном процессе. Автор  ссылаясь на 

личный  опыт  рассказывает  о  значении  эффективного  использования  элементов 

познавательных игр на уроках истории Казахстана и во внеурочных мероприятиях. 

Abstract  

The main idea  of the implementing  of the programm of level courses which is   done by the 

union of AEO “Nazarbayev Intellectual schools”   and the pedagogical faculty of Cambridge 

University is learning through the games. Because of  this implementation  the using of these games 

on lessons is increasing.  The author  alluding to his personal experience is telling  about the 

importance of using the elements of games on the   the lessons  by history of Kazakhstan  and on 

after  

ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаев «Қазақстан - 2050» атты Қазақстан халқына жолдауында 



«Біз  қолжетімді жəне сапалы білім беруді дамыту бағытын дəйекті жүргізудеміз..., əлемдік 

деңгейдегі зияткерлік мектептер мен кəсіптік-техникалық колледждер желісін дамытудамыз» 

[1] - деген. Елбасының мемлекетімізде жүзеге асып жатқан бұл шараларды ерекше атау себебі 

– Қазақстанда    оқушы  жастардың  сапалы  білім  алып,  шығармашыл  ойлау  қабілеттерінің

қарқынды дамуына аса көңіл бөлінетіндігіне  бірден-бір дəлел. 

224


Ойынның  мектепке  дейінгі  балалар  үшін  қажеттілік  екенін  барлық  педагогтар 

мойындайды, ал олар өскен кезде де ойын олардың интеллектуалды дамуының негізгі құралы 

екенін  ескере  бермейді.  Ойын  арқылы  оқушының  ой-пікірі  мен  бастамасы,  ұсынысы  мен 

тапсырманы  орындау  шеберлігі,  сөйлеу  мəдениеті  мен  ой  тұжырымы,  пайымдаулары, 

талпыныстары  мен ізденістері, қызығушылығы мен байқампаздығы, іскерлігі мен дағдысы, 

іске батыл, сеніммен кірісуі жүзеге асады. Мұнда бағыт-бағдар беру, істің дұрыс-бұрыстығын 

анықтау мұғалім тарапынан болуы керек екенін естен шығармау керек. 

«Ойын ойнап əн салмай, өсер бала болар ма?» - деп, ұлы данышпан Абай Құнанбаевтың 

пікірінен  бала  өміріндегі  ойынның  маңыздылығын  көруге  болады.  Ойын  əрекеттері 

оқушылардың  психикасының  дамуына  əсер  ететіндігі  туралы  белгілі  қазақ  ғалымдары 

Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердіұлы, С.Торайғыров, Т.Тəжібаевтар өз еңбектерінде 

айтып  кеткен.  Ертедегі  ұлы  ойшылдар  Жан  Жак  Руссо  мен  Г.Песталоцци  ойын  арқылы 

балаларды  болашақ  өмірге  бейімдеу  керек  деп  түсіндірсе,  ойынға  тек  уақыт  өткізу  əдісі 

ретінде қарамай, оның тəрбиелік мəніне, оқу барысында алатын орнына мəн беру керектігін  

К.Д.Ушинский мен П.Ф.Лесгафт, А.С.Макаренко мен Н.К.Крупская, В.А.Сухомлинский мен 

С.П.Шацкий сынды  белгілі педагог-ғалымдар да өз ой-пікірлерін айтқан. Ең бастысы, ойын 

барысында    оқушылар    ешқандай  мəжбүрлеусіз,  өз  еріктерімен  пəн  бойынша  білуге  тиісті 

материалдарды  түрлі  жолдармен  қайталап  отырады,  Сонымен  қатар,  оқушылар  ойын 

барысында өз ара сайыса отыра тек қана жаттанды біліктілікке ұмтылмай, ойлауға, тиістіні 

қалдырып, артығынан бас тартып, салыстыруға, бағалауға тырысады.  

Ойын – бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тəжірибені 

қалыптастыратын іс-əрекеттің бір түрі. Ойын əрекеті қазіргі таңда бала тəрбиесі мен жастарды 

оқыту  процесінде  маңызы  артып  келе  жатқан  қызметтерді  атқарады,  атап  айтсақ, 

коммуникативтік  немесе  қарым-қатынастық  қызмет,  диагностикалық  қызмет  немесе  ойын 

барысында балалардың өзін-өзі тануы, коррекциялық  өзін-өзі түзету қызметі, əлеуметтендіру 

қызметі,  т.с.с.  Ойынның  адамның  дамуына,  қалыптасуына,  тəрбиесіне  байланысты 

функциялары əлі де болса толық зерттеліп болған жоқ.   

Ойын – адамның  өміртанымының  алғашқы  қадамы.  Сондықтан  ойын  арқылы  оқушы 

жастар өмірден көптеген мəліметтер алып, білімін жетілдіреді [3, 5-б.]. 

Қазіргі  таңда  Қазақстан  мектептеріне  енгізіліп  жатырған, «Назарбаев  Зияткерлік 

мектептері» ДББҰ-мен Кембридж университетінің Білім беру факультетінің бірлесе отырып 

жасақтаған  деңгейлі  бағдарламасының  да  негізгі  түйіні  баланы  ойын  арқылы  оқыту  болып 

табылады,  демек,  осы  қарқын  аясында  танымдық  ойындарды  оқу  процесінде  қолдануда 

мұғалімнің алар орны ерекшеленуде. 

Мұғалімнің 

қолдауынсыз 

оқушылардың 

көптеген 

қызықты 

бастамалары 

қиыншылықтарға кездесіп, жүзеге аспай жатады. Сондықтан мұғалім танымдық ойындардың 

ұйымдастырушысы  ғана  болмай,  оған  қатысушы  да  болу  керек.  Өте  жақсы  ойын  болса  да, 

ойынға  оқушыларды  итеріп  салып,  мұғалім  тек  бақылаушы  ретінде  қалса,  оқушыларда 

соншалықты  қызығушылық  туа  қоймайды.  Мұғалім  оқушылардың  шығармашылық 

əрекеттеріне  бастаушы  болып,  оларды  алға  тартуға    міндетті.  Алайда,  мұғалім  өз  дегенін 

жасатып,  оқушыларға  таңдауға  мүмкіндік  бермесе    тағы  да  болмайды,  балалар  ұжымының 

қалауымен  міндетті  түрде  санасып,  олардың  көңілінен    шыға  білу  керек.  Бірінші  (ілгері) 

деңгей  бағдарламасынан  өткен  мұғалімдерге  арналған  нұсұаулықта  «оқудың  танымдық 

теориясы балаларды – оқу үдерісінің белсенді қатысушылары, сондықтан оқу мен дамытуға 

арналған іс-шаралардың негізгі бөлігіне кішкентай балалар бастама жасауға тиісті» [2, 21-б.] 

- делінген. 

225


Тарих пəнінен танымдық ойындар жиі қолданылатындықтан, ойын кезінде мұғалімдер 

бірте-бірте байқалмай қалуы да мүмкін. Бірақ ойынның басында ол ең жоғарғы тұлға, пайда 

болған  келіспеушіліктерді  шеше  білетін  қазы  жəне  ең  белсенді  қатысушы.  Өз  пəнін  жетік 

білетін, көптүрлі жауаптары бар қиын сұрақтарды аша біле алатын мұғалімнің қасында болуы 

оқушы үшін өте маңызды. Тарих пəні көптеген хронологиялық даталармен байланысты, кейде 

жүзжылдық,  мыңжылдық  кезеңдерге  тиісті  оқиғалардың  қашан  болғандығын  мұғалімнің 

көмегінсіз ажырату қиынға соғады. Кейбір танымдық ойындарды мұғалімнің өзі басқарғаны 

дұрыс. Сондықтан танымдық ойындар кезінде мұғалімнің алар орны өте зор. 

Тарих пəнінің мұғалімі балалармен бірге танымдық ойындарды дайындаумен шектелмеу 

керек,  ол  оқушыларға    ойынды    таңдауға  көмектесу  керек,  осы  ойындарды  жүргізуші 

ойыншылардың шеберлігін шыңдауға ықпал ету керек.  

Тірек сигналдары, схемалар мен кестелер, кроссвордтар мен чайнвордтар, ой сергітулер 

мен  викториналар,  миға  шабуыл  түрінде  берілген  тапсырмалар  оқушылардың  пəнге  деген 

қызығушылығын арттыратыны сөзсіз.  

 Танымдық  ойындардың  біразын  сабақ  процесінде  қолдануға  мүмкіндік  бар,  сонымен 

қатар,  сыныптан  тыс  жұмыстарды  өткізген  кезде  де  осындай  шараларды  ұйымдастыруға 

болады.  

Мен Қазақстан тарихын оқытуда танымдық ойын элементтерін тиімді пайдаланудың сан 

қырлы  жолдарын  қарастырып,  біраз  материал  жинақтадым,  бұл  танымдық  ойындар  жинақ 

болып, əдістемелік құрал ретінде де жарық көрді.   

Бүгінгі таңның талабына сай құрастырылған, ойыннан бастау алып, кең ауқымды білімге 

қол жеткізуге мүмкіндік беретін, əдістемелік құралға енген танымдық ойындардың  үлгілерін 

əріптестеріме ұсынғым келеді. 

«Есімді тап» 

Өлеңде жазылмай кеткен хан-батырлардың, билердің есімдерін тауып, жаз. 

1) Аруағыңа болысқан

Əділ билік қылысқан.                        

Қашпаған қандай ұрыстан

Керейде батыр................... ,  (Жəнібек) 

Қаз дауысты .....................  , (Қазыбек) 

Қу дауысты ......................  , (Құттыбай) 

Қанжығалы ......................  , (Бөгенбай) 

......................... сенің тұсыңда, (Абылай) 

Сол бесеуі болыпты-ай! 

Кені батыр, кені би, 

Тəңірім берген сондай сый, 

Ұмыттың ба, соны ................. ! (Абылай) 



/ Үмбетей жырау 

2) ....................... ұрысып, (Қалданменен)

Жеті күндей сүрісіп, 

Сондағы жолдас адамдар 

Қаракерей ......................., (Қабанбай) 

Қанжығалы ....................,  (Бөгенбай) 

Шақшақұлы ..................., (Жəнібек) 

Сіргелі қара Тілеуке.., 

Қарақалпақ Құланбек, 

Тігеден шыққан Естербек, 

226


Шапырашты ..................... (Наурызбай) 

Құламенді Үстембай қасында 

Бақ дəулеті басында 

Секербай мен Шүйбекбай 

Қасқараұлы Молдабай, 

Қатардан жақсы қалдырмай, 

Айнақұл Бəти ішінде  

Өңкей батыр жиылып 

...................  салды жарлықты. (Абылай) 

Бұхар жырау 



3) Əмірің қатты ..............., (Есім хан)

Бүлік салып бұйырдың, 

Басын бер деп батырдың 

Қанын ішіп қанбаққа, 

Жанын отқа салмаққа. 

Жиембет жырау 



 «Бұл қай қала?» 

1. ХІІІ ғ. ортасында Қазақстан мен Орта Азияда теңгенің дəстүрлі үш түрін (динар,

дирхем, мыс теңге) шығарған қала (Отырар)

2. ХІІІ ғ. екінші жартысында Жайық өзенінің жағасында салынған қала (Сарайшық)

3. Сырдарияның Оңтүстік жағалауындағы мəдени, экономикалық ірі орталық болған

қала (Сайрам)

4. Қазақ хандығының діни орталығы болған қала(Яссы)

5. ХV-XVIII ғғ. қазақ хандығы билеушілерінің басты тірегі, əскери орталығы болған

қала (Созақ)

6. 1759 ж. 1 қаңтарда Абылай ханның сауда миссиясын жақсы қабылдаған қала (Үрімші)

7. ХVI ғ. мұнаралары биік қамал қабырғалары, қорғаныс жүйесі болған қала(Сауран)

8. ХVIII ғ. 60-70 жж. Ресейді, Орта Азияны, Қытайды қызықтырған Қазақстан жеріндегі

сауда орталығы болған қала (Петропавл)

9. ХVIII ғ. ІІ-жартысында қазақ-орыс сауда айналымының орталығы болған қала



(Орынбор)

10. ХІХ ғ. басында Қазақстан мен Қытай арасындағы ірі сауда орталығы болған қала



(Семей)

11. 1854 ж. негізі қаланған қала (Верный)

12. Е.И.Пугачевтің музейі орналасқан қала (Орал)

13. Ш.Уəлиханов сот жүйесінде қызмет атқарған қала  (Омбы)

14. 1881 ж. Ресей мен Қытай арасындағы келісімге қол қойылған қала (Петербург)

15. 1916 ж. жылғы ұлт-азаттық көтерілістің Жетісудағы басшылары Жəмеңке Мамбетов

пен  Ұзақ Саурықов өлтірілген қала (Прежевальск)

Қазақ музыкасының мақтаныштары

1. Тоқтамыс пен Темір арасындағы күрес-тартысты жырлаған (Сыпыра жырау)



2. ХV ғ. Дешті Қыпшақтағы атақты жыраулардың бірі (Қодан Тайшы)

3. ХVI ғ. Қазақ хандығында өмір сүрген жырау (Доспанбет жырау)

4. ХVI-XVII ғғ. қазақ музыкасының өкілі (Қазтуған)

5. Абылайдың кеңесшісі болған, өмірі мен ерлігін жырлаған жырау (Бұхар жырау)

227


6. ХVI-XVIII ғғ. өмір сүрген, əрі жырау, əрі батыр, əрі би (Ақтамберді жырау)

7. ХІХ ғ. домбыра лирикалық бағытының негізін салушы күйші-сазгер (Дəулеткерей



Шығайұлы)

8. «Шалқыма» күйін шығарған Кіші жүз ханы ( Жантөре)

9. ХІХ ғ. І-жартысында көзге түскен əнші жəне композитор (Сегіз сері)

10. ХІХ ғасырдағы аса үздік сазгер сыбызғышы (Сармалай)

11. ХІХ ғ. ІІ-жартысында өмір сүрген күйші-сазгер, қыл қобызда ойнаудың асқан шебер

(Ықылас Дүкенұлы)

12. 1822 ж. Алматы облысы Жамбыл ауданы жерінде дүниеге келген суырыпсалма ақын



(Сүйінбай Аронұлы)

13. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» поэмасын таратушылардың бірі, екі көзінен ерте

айырылған суырыпсалма ақын (Шөже Қаржаубайұлы)

14. ХІХ ғ. аса көрнекті күйші, сазгер, аспапты музыканың (күйдің) классигі (Құрманғазы



Сағырбайұлы)

15. ХІХ ғ. ІІ-жартысындағы əрі сазгер, əрі ақын, публицист, əрі əнші болған, қуғын-

сүргінге көп ұшыраған тұлға ( Жаяу Мұса)

16. Ұлы Абайдың дарынды шəкірті, композитор (Шəкəрім Құдайбердіұлы)

17. 1855 ж. Петербургте ұйымдастырылған өнер сайысында күміс медальға ие болған

күйші (Тəтімбет Қазанғапұлы)

18. ХХ ғ. басында əншілердің ішінде қазақтың бұлбұлы атанған (Майра Шамсудинова)

Ой сергіту «Дұрыс жауабын тап» 

(қай хан тұсында қандай оқиға болғанын тауып, сызбамен қос) 

1. 

Жəнібек пен Керей 



1. 

тұсында Қазақ хандығындағы халық саны миллионға жетті 

2. 

Бұрындық хан 



2. 

өзін қазақ жəне қалмақ ханымын деп санаған 

3. 

Қасым хан 



3. 

сəтті жүргізген сыртқы саясаты нəтижесінде Ташкент қаласы 

200 жылға Қазақ хандығының құрамына енді. 

4. 


Тақыр хан 

4. 


«Жеті жарғының» авторы 

5. 


Хақназар хан

5. 


«Көшпелі өзбектер» мемлекетінен бөлініп шықты. 

6. 


Шығай хан 

6. 


1480-1511 ж. хандық етті 

7. 


Тəуекел хан

7. 


Жетісуға қашып барып Моғолстан қолына қарсы 

қырғыздармен одақ жасасты. 

228


8. 

Есім хан 

8. 

1643 ж. жоңғардың 50 мың əскерін жеңді. 



9. 

Жəңгір хан 

9. 

80 жасында хан тағына отырды



10. 

Тəуке хан 

10. 

42 жыл хандық құрды. Қазақ хандығын қалпына келтірді. 



Дұрыс жауаптар эталоны: 1-5, 2-6, 3-1, 4-7, 5-10, 6-9, 7-2, 8-3, 9-8, 10-4. 

Əдебиеттер тізімі 

1.

Н.Ə.Назарбаев  «Қазақстан-2050  Стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси



бағыты», ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, Алматы, «Білім», 2012 

2.

Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектептері», ДББҰ, 2012.



3.

Аталиков  Я.Қ. «Ойыннан - білімге» (Қазақстан  тарихынан  танымдық  ойындар

жинағы). Алматы, «Таугүл-принт», 2014.

229


ПРИМЕНЕНИЕ РЕКОМЕНДАЦИЙ ПО ФОРМАТИВНОМУ ОЦЕНИВАНИЮ 

ЗНАНИЙ УЧАЩИХСЯ ПО ФИЗИКЕ И КРИТЕРИЕВ УСПЕХА 

Аубакирова А. А. 

Филиал АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы» г. Семей 

РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН 

Аңдапта 

Мақалада  Назарбаев  Зияткерлік  мектептерінде  Кіріктірілген  оқу  бағдарламасына 

сəйкес  оқушылардың  жетістік  деңгейін  бағалаудың  ерекшеліктері  туралы  айтыла  келіп, 

критериалдық бағалаудың кіріктірілген моделіне негізделген бағалау түрі туралы айтылады. 

Бір  оқу  мақсатының  мысалы  түрінде  формативтік  бағалау  арқылы  оқушының  жетістік 

критерийлеріне  жетуі  үшін 9 сыныпта  тапсырмаларды  қалай  құрастыру  керектігі 

қарастырылған. 

Аннотация 

В статье рассмотрены особенности подхода к оцениванию знаний учащихся в Назарбаев 

Интеллектуальной  школе  по  Интегрированной  образовательной  программе,  основанной  на 

Интегрированной  модели  критериального  оценивания.  На  примере  одной  цели  обучения 

показано,  как,  используя  рекомендаций  по  формативному  оцениванию  и  критерии  успеха  в 

достижении  цели  обучения,  можно  составить  задания  для  формативного  оценивания  по 

физике в девятом классе. 

Abstract

 

The article describes the features of the approach to the evaluation of students' knowledge in the 

Nazarbayev Intellectual School on Integrated education program based on an integrated model of 

criteria-based assessment. The example of a learning goal shows how using formative evaluation 

recommendations and the criteria for success in achieving the learning objectives, you can create tasks 

for formative evaluation in physics in the ninth grade. 

Интегрированная  образовательная  программа  Назарбаев  Интеллектуальных  школ 

ориентирована  на  достижение  учащимися  конкретных  целей  обучения,  что  включает  не 

только  получение  определенного  объема  знаний,  но  и  умение  применить  их  в  решении 

учебных  и  жизненных  проблем.  Учителя  и  учащиеся  должны  охватить  все  цели  обучения 

учебной программы. [1] 

По  Интегрированной  образовательной  программе  для  оценивания  знаний  и  умений 

учащихся применяется Интегрированная модель критериального оценивания (ИМКО). 

Интегрированная  модель  критериального  оценивания  (ИМКО)  сочетает 3 вида 

оценивания,  которые  дополняют  друг  друга  и  являются  обязательными:  формативное, 

внутреннее суммативное и внешнее суммативное.  

Формативное  оценивание  определяет  уровень  прогресса  учащихся  по  отобранным 

целям  обучения,  когда  учащиеся  имеют  возможность  продемонстрировать  предметные 

знания и ключевые навыки. Из всех целей обучения некоторые отобраны для формативного 

оценивания  с  целью  определения  прогресса  учащихся  по  ключевым  навыкам.  В  учебных 

планах содержатся рекомендуемые виды деятельности, через которые формируются навыки.  

Формативное  оценивание  проводится  систематически.  Учитель  отслеживает  процесс 

продвижения  учащегося  из  урока  в  урок  и  принимает  решение, «достиг»  ли  каждый 

230


учащийся  отобранной  цели  обучения  или  «стремится»  ее  достичь.  Решение  «достиг»  не 

всегда означает, что учащийся полностью освоил цель обучения.  

Роль  учителя  по  формативному  оцениванию  состоит  в  постоянном  наблюдении  за 

учащимися  в  процессе  преподавания  и  обучения  для  определения  текущего  уровня 

понимания темы предмета и прогресса. При этом учитель принимает решение, «достиг» ли 

каждый учащийся отобранной цели обучения или «стремится» ее достичь.  

В Рекомендациях по формативному оцениванию акцент сделан на формирование таких 

навыков, которые помогут учащимся достичь целей обучения.  

Для  принятия  решения  о  достижении  цели  обучения  используются  критерии  успеха. 

Критерии  успеха - утверждения,  которые  позволяют  учителям  и  учащимся  определить, 

достигнута ли цель обучения. Критерии успеха связаны с навыками и показывают учащимся, 

как  достичь  цели  обучения,  а  учителям  помогают  в  принятии  решения  о  достижении 

учениками целей обучения на основе своего профессионального суждения. [2] 

Для  оказания  помощи  учителям  при  проведении  формативного  оценивания  мной 

разработаны Рекомендации по формативному оцениванию по физике для девятого класса и 

критерии успеха в достижении цели обучения. 

Рекомендации по формативному оцениванию по физике для девятого класса содержат 

рекомендуемые  виды  деятельности  на  уроке  для  преподавания,  обучения  и  оценивания 

отдельно по каждой цели обучения, а также соответствующие им критерии успеха, согласно 

которым  учитель  выносит  профессиональное  суждение  о  достижении  учащимися  целей 

обучения. 

Например, по разделу учебной программы для 9 класса «9.1А Кинематика», прописаны 

рекомендации по оцениванию для тринадцати целей обучения и указаны критерии, которые 

дадут возможность обучению учащихся быть успешным. Одна из целей обучения, взятая в 

качестве примера в таблице №1 «Рекомендации по оцениванию. Физика 9 класс. 1 четверть» 

комплексно  проверяет  знания,  навыки,  усвоенные  в  течении  определенного  периода 

обучения  по  разделу  Кинематика.  Исходя  из  цели  обучения,  в  графе  Рекомендации  по 

обучению,  отражены  те  ключевые  моменты  темы  «Прямолинейное  равнопеременное 

движение.  Решение  графических  задач.  Кинематические  уравнения»,  которые  необходимо 

оценить у учащихся. Далее в этой таблице указаны критерии, выполнив которые учащийся 

может быть уверен в успешности своего обучения.  

Таблица №1 Выписка из «Методических рекомендаций для учителя по критериальному 

оцениванию. Критериальное оценивание учебных достижений учащихся. Предмет «Физика». Класс 

9. 2014-2015 учебный год»:

Ссылка  на 

учебную 


программу 

Цель обучения 

Рекомендации по оцениванию 

9.1А 


Кинематика 

находить  скорость  из 

графика  зависимости 

пути от времени; 

определять  ускорение 

по  наклону  графика 

зависимости  скорости 

от времени; 

уметь  анализировать 

зависимости  в  виде 



y=kx+b (V = V

0

 + at). 

Различают  величины,  входящие  в  формулу 

скорости 

неравномерного 

движения: 

начальную скорость, время, ускорение; 

Обосновывают 

вид 


равнопеременного 

движения по знаку коэффициента а;  

Находят  связь  между  значением  модуля 

ускорения и углом наклона графика скорости. 

Объясняют вид графика нелинейной функции и 

строят графики уравнений пройденного пути от 

времени 

231


Строят  график  зависимости  скорости  от 

времени 


Анализируют 

уже 


имеющиеся 

графики 


функциональной 

зависимости 

величин, 

характеризующих равнопеременное движение 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет