Жамалбеков Е.Ү


Полярлық белдеу. Тундра зонасы



Pdf көрінісі
бет62/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   104
1. Полярлық белдеу. Тундра зонасы. Бұл зона Ресейдің 
солтүстік шеткі бөлігін алып жатыр. Оған Солтүстік Мұзды 
мұхиттағы кейбір арктикалық аралдар да кіреді.
Бұл зонаның көлемі 180 млн гектардай, яғни ТМД 
елдерінің барлық жер көлемінің 8,1%-ін алып жатыр. Бұл 
көлемге негізінен Сібір өңіріндегі таулы алқаптардағы таулы -
тундралық топырақтар көлемі 150-160 млн гектар жерде 
қосылады. Геологиялық дәуірі жағынан алып қарағанда, бұл 
аймақ мұз дәуірінен кейін босаған ең жас аймақ.
Біршама жерлерін әлі де мұз басып жатыр. Бұл Ресейдің
ең суық зонасы. Қысы 7-8 айға дейін созылады да, жазы өте 
қысқа әрі салқын болады. Бұл зонадағы вегетациялық кезеңнің 
ұзақтығы небары 2-3 ай ғана. Ылғал аз түседі, жылына 150 -300 
мм, әрі күні суық, булану аз болады және топырақтың астын 
мыңдаған жылдан мәңгі тоң басып жатқандықтан, ылғалдың 
жерге сіңуі де жоқтың қасы. Ылғалдың жер бетіне сіңуінің 
мардымсыздығынан аз түскен ылғалдың өзі бұл жерде керекті 


115 
мөлшерден артық. Батыстан шығысқа қарай мөлшері азайып, 
оның есесіне күн суыта түседі. 
Бұл аймақта қалыпты өмір сүруге қажет күн сәулесі 
жетіспейді, ауа райы суық, тіршіліктің дамуына қолайсыз. 
Күннің суықтығынан топырақ қабаттары ұзақ жылдар бойы тоң 
болып жатады. Тек жаздың 2-3 айларында ғана топырақтың 
беткі жұқа қабаты еріп, мұздан арылады. Жалпы тундраның өзі 
терістіктен оңтүстікке қарай үш зонашаға бөлінеді: 1) 
арктикалық тундра; 2) кәдімгі тундра; 3) орманды тундра. 
Алғашқысы ең терістіктегі қар-мұз басқан жалаңаш тундра. 
Екіншісі жөнді дамымаған батпақты-глейлі топырақтар, 
біркелкі түзілмеген ойдым-ойдым бөлшектерден тұрады. 
Булану аз болғандықтан, жер бетін ылғал басып, оның астына 
ауа бармағандықтан, онда анаэробтық құбылыстар жүріп, 
топырақтағы темірлі қосылыстар тотықсызданып, топыраққа 
көкшіл-жасыл түс береді. Осындай топырақтарды глейлі 
топырақтар деп атайды. Жалпы "тундра" деген сөз жергілікті 
карель тілінде жөнді дамымаған, ормансыз деген түсінікті 
береді. Жөнді дамымаған, мәңгі мұзы мол топырақтар 
орманның өсуіне сөзсіз қолайсыз. Мұнда глейлі -батпақты 
топыраққа бейімделген батпақты шөптер, мүктер қыналар 
өседі. Ал оңтүстікке жылжыған сайын орманды зонаға 
шекаралас бөлігінде, әсіресе өзен бойларында орманды -тундра 
зонашасы орын алады. Табиғат жағдайына сай мұнда өсетін 
өсімдіктер де шамалы. Негізінен қына мен мүк, қышқыл өлең 
шөптер, бұталар, қара бүлдірген өніп-өседі, ал оңтүстікке таман 
жылжыған сайын тапал қайың, шілік және басқа ағаштар өсетін 
орманды-тундра басталады. Дегенмен бұл жерлердің де 
ағаштары мардымсыз. 
Тундра топырағы тоңның әсері нен әр түрлі бөлшекке 
бөлінетін ыдырмалы, батпақты-күлгінді болып келеді. 
Бұл зонада негізінен бұғы шаруашылығы жақсы 
дамыған. Егіншілік жоқтың қасы. Кейбір жел тимейтін ықтасын 
жерлерге топырақты дұрыстап өңдеп, тыңайтқыштар енгізіп, 
көң төгіп, аз мөлшерде ерте пісетін көкөніс, басқа да дақылдар 
егуге болады. Ал жабық жылытқысы бар қондырғыларда 
көкөністерді жыл бойы өсіруге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет