Жамалбеков Е.Ү



Pdf көрінісі
бет64/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   104
Күлгінді топырақтар. Топырақтың күлгінді қабаты 
орман 
төсенішіне 
жақын 
жатады. 
Орман 
төсенішінің 
қалыңдығы 7-8 см (А
1
). Бұл қабаттан төмен айрықша (А
2

күлгінді ұнға ұқсаған ақ қабат жатады. Күлгінді қабаттың 


118 
қалыңдығы 30-35 см-дей. Бұл қабаттан қышқылға, суға еритін 
жылжымалы заттардың барлығы шайылып кеткенімен, онда 
суға аз еритін кремний қышқылы қалады. Күлгінді қабаттан 
кейін топырақтың иллювиалды (жиналмалы В) қабаты 
басталады. Бұл қабаттың тереңдігі 80-90 см-ге дейін жетеді. 
Түсі қызғылт-қоңыр, тығыздығы қатты. Топырақтың бұл 
қабатына жоғарыда жатқан А
2
қабатынан темір мен 
алюминийдің тотықтары жиналады, ал тез жылжитын заттар 
бұл қабаттан төменгі қабаттарға дейін өтеді.
Шымды-күлгінді 
топырақтардың 
күлгінді 
топырақтардан айырмашылығы сол, мұнда орман төсеніші 
жөнді емес, қалыңдығы небары 2-3 см ғана. Төсеніштің өзі тек 
сынып түскен, шіріген ағаштар мен қураған шөптердің 
қалдықтарынан тұрады.
Бұл төсеніштен кейін шымды қабат басталады. Оның 
түсі - қоңыр-сұр, қалыңдығы 10-20 см. Бұл қабатта негізінен 
шөптердің тамырлары таралған. Ал одан кейін аса дамымаған 
күлгінді қабат жатыр. Тек қана шалғын шөп өсетін ормансыз 
жерлерде шымды-шалғынды топырақтар кездеседі. Бірақ бұл 
зонада олар көп емес. Оның біразын шалғынды батпақты 
топырақтар алып жатыр. 
Өсімдіктер үшін қоректік заттарға бұл зонаның 
топырақтары кедей, оның қарашірігі де өте аз (0,5 -1,5%), 
топырақ ортасының реакциясы қышқыл (рН - 4,5-5,5). 
Бұл зонада ТМД елдерінің негізгі орман шаруашылығы 
дамыған. Егін, бау-бақша егуге зонаның батыс Еуропалық жақ 
бөлігінде тек 4,5-5,0 % жер ғана игерілген. 
Халық тығыз орналасқан Мәскеу, Санк-Петербург, 
Балтық бойы мемлекеттері, Беларус аймақтарындағы зонаның 
көп жерлері көптен егіншілікке игеріліп, топырақтары жақсы 
өңделіп, 
тыңайтқыштар 
енгізудің 
нәтижесінде 
қолдан 
мәдениленген топырақтарға айналып жақсы өнімдер беруде. Бір 
жақсысы бұл аймақтарда ауадан түсетін ылғал еккен 
егістіктерді жақсы қамтамасыз етеді. Сондықтан мұнда 
көптеген көкөністер, картоп, мал азықтық шөптер, астық 
егістері тұрақты жақсы өнім береді. Тек бұл аймақтарда күн 
көзін мол пайдаланатын дақылдар егілмейді.
Бұл топырақтарды егістік жерге айналдыру үшін 
міндетті түрде органикалық және минералды тыңайтқыштар 
ендіріп, топырақтың қышқыл реакциясын төмендететін әк 
қолдану қажет. Соңғы жылдары бұл ТМД елдерінің қара 


119 
топырақты емес алқапты ауыл шаруашылығына кең көлемде 
игеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет