Жамалбеков Е.Ү



Pdf көрінісі
бет63/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   104
2. Бореалды белдеу. Орманды зонаның күлгінді және 
шымды-күлгінді топырақтары. Тундраның оңтүстігіне қарай өте 
кең алқапты орманды (тайга) зонасы алып жатыр. Оның көлемі 
ТМД елдерінің, негізінен Ресейдің территориясының 52% -ке 


116 
жуық (11520 мың км
2
). Негізінен орманды тайга. Зонаның 20%-
ке жуығы батпақты жерлер. Олар ойпатты Сібір, Беларус, 
Балтық бойы аймақтарын қамтиды. Бұл аймақта да өткен 
дәуірлерде түгелдей мұз жатқан. Сондықтан мұз әсерінің 
қалдықтары әлі сақталған. 
Бұл зонаның да ауа райы салқын, дегенмен тундрадан 
көп жылы. Қысы ұзақ, әрі суық қатты болса, жазы қысқа, 
жылына жерге 350-600 мм-дей мөлшерде ылғал түседі. Булану 
аз болғандықтан, түскен осы ылғалдың өзі мөлшерден артық 
болып топырақ қабаттарындағы суға ерігіш және басқа да 
заттарды топырақ астына шайып әкетеді. Ал мұның өзі біраз 
жерлерде батпақты аймақтардың пайда болуына әкеп соғады.
Кең алқапты зонаның батысынан шығысына қарай 
ауадан түсетін ылғал азайып, күн суыта түседі. Бұл заңдылық 
Қиыр Шығыста, мұхит жағалауында бұзылып, мұнда ауадан 
түсетін ылғал да молайып, ауа райы да біршама жылынады. 
Дегенмен жалпы зона бойынша бір типке жататын топырақ 
түзіледі. Себебі зонаның Батысы мен Қиыр Шығысында ауадан 
түсетін ылғал молырақ болғанына қарай орташа температура 
жылырақ, булану мол (3- кесте) болады. Әрине әр аймақтың 
табиғи-климаттық ерекшеліктеріне сәйкес топырақтардың да 
жергілікті провинциялық өзгешеліктері анық байқалады. 
3-кесте 
Орманды зонаның кейбір пункттерінің климаттық 
көрсеткіштері 
(Ресейдің агроклиматтық анықтамасы бойынша)
№ 
Мәліметтер 
алынған қалалар 
Орташа 
жылдық 
t
0
Қаңтар 
айының 
орташа t
0
Шілде 
айының 
орташа t
0
Орташа 
жылдық 
жауын-
шашын, мм 

Калининград 

-2,7 
17 
700 

Мәскеу 
3,7 
-10,8 
18 
620 

Пермь 
1,2 
-16 
18 
610 

Тобол 
0,3 
-19,3 
17,8 
449 

Якутск 
-10,4 
-43,5 
19 
208 

Қиыр Шығыс
(Владивосток) 
4,6 
-13,5 
20,6 
540 
Зонаның әр алқаптарындағы қар жамылғысының 
қалыңдығы да әрқалай. Еуропалық бөлігінде оның қалыңдығы - 
орта есеппен 50-60 см, Сібірде 20-30 см. Сібірдің қары жұқалау 


117 
болғанымен, ауа райы өте суық, мұнда мәңгі тоңдар жатыр
жаңбыр жазда мол жауады. Жалпы жер бедеріне келсек, Енисей 
өзеніне шейін жазықтық, ал одан шығысқа қарай таулы 
аймақтар. Сонымен зонаның жалпы 64%- жазық алқаптар, 
таулы алқаптарда зона территориясының 36% орналасқан.
Зона жерін негізінен орман алып жатыр. Оның 
солтүстігінде суыққа төзімді қылқан жапырақты ағаштар өссе, 
оңтүстігіне қарай қылқанды емес жапырақты ормандарға 
ұласады. Шырша, сәмбі тал, қарағай, кей жерлерде емен
жабайы жүзім, шетен және қайың, көктерек өседі. Шөбі 
жайқалған шабындықты жерлер және батпақты аймақтар да 
ұшырасады. Жауын-шашын мол вегетациялық уақыт жеткілікті 
болғандықтан, мұнда органикалық қалдықтар көп жиналмай, 
тез ыдырап, шіріп кетеді. Топырақ бетінде ағаш жапырағы мол 
төгіледі де оның өзі аяқ астындағы төсеніштей болып қалыңдай 
береді де бара-бара минералдық затқа айналады. Топырақ 
ортасының реакциясы қышқыл, яғни топырақтың сіңіру-алмасу 
комплексі негізінен сутегі катионы мен аздаған алюминий 
катионына қаныққан. Мұндай ортада микроорганизмдерден 
саңырауқұлақтар көп тараған. Олар ылғалы мол көлеңкелі 
жағдайда жақсы дамиды. Орман төсенішін ыдыратытын да, 
гумусты синтездеушілер де - осы саңырауқұлақтар. Олардың 
әсерінен гумус қышқылының бір түрі - фульвоқышқылы 
басымырақ болады. Бұл қышқылға топырақтың минералды 
бөлігіндегі көп заттар еріп, топырақтың төменгі қабаттарына 
жылжиды. Қышқылды ортада қарашірік те жылжымалы болып 
шайылып кетеді. Осыған қоса жауын-шашынның әсерінен 
сілтілер, әкті қосындылар топырақтың төменгі қабаттарына 
қарай жуылып кетеді. Сондықтан бұл зоналық топырақтарыны ң 
морфологиялық құрамы қышқылға, суға аз еритін ақ -күлгін 
кварцқа бай келеді. Бұл топырақтарды осы себептен күлгінді 
топырақтар деп атайды. 
Топырақтың жоғарғы қабаттарынан шайылып, сіңген 
заттар топырақ астында 50-60 см тереңдікте немесе одан да 
төменде жиналады. Бұл аймақтың топырағы негізінен 
төмендегідей үш зонашаға бөлінеді: күлгінді, шымды -күлгінді 
және шымды-шалғынды топырақтар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет