бірақ хандық қара басыңда, қарадан туып хан болғансыз, атаңда хандық жоқ, – дейді. Жаман сөзін бітірмей, хан сөзін бөліп:
— Жоқ, қате айтасың! Мен жеті атамнан бері ханмын. Өзімді қойғанда да алты атамды қайда жібересің? – деп зекіреді. Жаман саспайды.
— Жоқ, тақсыр! Сіздің қара басыңыздан басқа тегіңізде хандық жоқ. Сіз нағыз наубайдың баласысыз, – дейді. Хан не дерін білмей, халыққа қарап:
— Апырым-ау, мына Жаман не дейді! Халқым, мен хан баласымын деп жүр едім, шақырыңдар анамды! – дейді.
— Ол о дүниеге біреудің қанын жүктеп барып, тәнірі алдында қара бет болмасын, не де болса шынын айтсын. Әйтпесе ашумен мына Жаманның басын кесемін! – дейді. Шешесікелген соң, хан шешесіне Жаманның сөзін айтады. Шешесі терең күрсініп, сөзге кірісті:
— Е, шырағым, жасым сексенге келгенде біреудің қанын жүктеп не қылайын. Бір сыр бар еді, оны тәңірінің өзі білетін еді, мен білетін едім. Мынау Жаманың біліпті, енді айтайын. Атаң сенің Зәрлі хан еді. Менен бұрын он тоғыз әйел алып, кілең қыз тапқаны үшін бәрінің де ішін жарып өлтірген екен. Соның үшін де «Зәрлі хан» деп халық ат қойып еді. Жиырмасыншы әйел етіп мені алды. Мен де екіқабат болған соң, жалғыз жанымнан қорқып, тәуіптерге қаратып едім: «Сенің ішіңдегі де қыз», – деді. «Қыз тапсам мені де өлтіреді ғой!» – деп, қайғы жедім. Сол күндерде аспаз наубайдың әйелі де екі қабат екен. Оның да тамырын ұстатып қарап едім: «Оның ішіндегі ұл», – деді. Жалғыз жаным үшін сол жерде маған ой келді. Ол әйелді оңаша шақырып алып, барлық мұңымды айтып, қазынадан табақтап алтын беріп: «Ақиреттік дос болайық, ұл тапсаң ұлыңды маған бер, менің қызымды ал. Бірақ бұл сырды ешкім білмесін!» – деп жалындым. Әйел табақтап алтын алып, бір жағынан мені аяп, сол жерде уәдесін берді. Туар кезімізде Зәрлі хан аңда еді, екеуміздің толғағымыз бір күнде келіп, бір сағатта босанып, сырды ешкім білмесін деп, басқа біреуді де жолатпай, біріміздің баламыздың кіндігін біріміз кесіп, сол қолыммен қызымды беріп, оң қолыммен алған шырағым сен едің! Енді бұл күнде мына Жаманың оны біліпті. Сыр ашылуға тәңірі жазса, не шарам бар?! – деп, сөзін аяқтай алмай, шешесі жылап жібереді. Хан:
— Сөз тапқанға қолқа жоқ! Олай болса, мен таққа лайық емес екенмін, осы оқиғаны оймен білген сіз лайықты екенсіз, – деп хан тағынан түсіп, тақты Жаманға береді.
Жаман:
— Жоқ, тақсыр! Кешегі күні: «Жаман кісі керек», – дегенде, ат артына мініп келген жаман едім, бүгін таққа отырмаймын. Сіздің көлеңкеңізде жүрсем де жарар. Тағыңызға мініңіз, – деп, болмайды.
Хан таққа отырып:
— Апырмай, менің наубайдың баласы екенімді қайдан білдіңіз? – дейді.
Сонда Жаман:
— Мен Жаман-жақсы болсам да