Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №2-3 / 2015



Pdf көрінісі
бет1/31
Дата06.03.2017
өлшемі3,91 Mb.
#8051
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

     
 
 

 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
 
Регистрационный № 4188-Ж   № 2-3,  2015 г. 
Основан в 1997 году 
Выходит 4 раза в год 
Ғылыми журнал 
I. Жансүгіров атындағы 
Жетісу мемлекеттік университетінің 
 
ХАБАРШЫСЫ 
 
 
      
ВЕСТНИК 
 
               Жетысуского государственного университета 
им. И.Жансугурова 
Научный  журнал 
 
 
 
 
Бас редакторы - главный редактор 
Ә.Е. Бектұрғанов 
ректор, доктор юридических  наук, профессор 
член-корреспондент Национальной академии Наук 
 Республики Казахстан 
 
 
 

     
 
 

 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
 
Редакция алқасы – Редакционная коллегия: 
главный  редактор – ректор, доктор юр. наук, профессор, 
член-корреспондент Национальной академии Наук Республики Казахстан 
А.Е. Бектурганов 
 
 
зам. главного редактора – д.э.н. М.Т. Кантуреев 
ответственный секретарь –  к.ф.м.н. Е.Б. Мукажанов 
 
 
 
Члены  редколлегии: 
 
Л.К. Еркинбаева 
М.Ж. Мальтекбасов 
Е.Ш. Дусипов 
Д.Н. Нургабыл 
–  д.ю.н., профессор 
–  д.п.н., профессор 
–  д.ю.н., профессор 
–  д.ф.м.н., профессор                               
Е.С. Андасбаев  –  д.т.н., профессор 
Х.Т. Наубаева  –  д.пс.н., профессор 
С.И. Мурыгина  – магистр образования 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Регистрационное свидетельство издания № 4188-Ж выдано 
Министерством информации и общественного согласия 
Республики Казахстан от 12 сентября 2003 г. 
 
Международный центр ISSN в Париже зарегистрировал 
журнал «Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік 
университетінің хабаршысы» под номером 
ISSN 1813-1123 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
© Жетысуский  государственный университет  им. И. Жансугурова, 2015 

     
 
 

 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
                                                 
    МАТЕМАТИКА 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     
 
 

 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
 
ӘОЖ 371.315  
 
ИНФОРМАТИКАДА АЛГОРИТМДІК ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ 
 
Нысамбаев Жеңіпалды, ф.-м.ғ.к., доцент, 
Базильбекова Ляйлә Сыдыковна, магистр   
                І. Жансүгіров атындағы ЖМУ, Талдықорған қаласы, 
zhenipaldy_45@mail.ru 
 
           Алгоритмдік 
тілдердің 
табиғат 
құбылыстарын 
оларға 
арналған 
программаларды  жасау  негізінде  ЭЕМ-нің  көмегімен  зерттеу  ерекше  орын 
алатыны белгілі. Бұл мақалада алгоритмдік тілдер туралы, олардың программалар 
құрудағы рөлі атап айтылған.    
            Как  известно,  алгоритмические  языки  играют  важную  роль  при  решении 
задач  изучения  различных  природных  явлений.  В  данной  работе  приведены 
методические аспекты применения  языков программирования. 
As is well known, algorithmic languages play an important role in solving tasks in 
the  study  of  various  natural  phenomena.  In  this  work  some  methodological  aspects  of 
application programming languages. 
            Кілттік сөздер: алгоритм, тіл, программа, команда, блок-схема. 
 
          Информатика  пәнін  оқытудың  негізгі  мақсаттарының  бірі  ЭЕМ-да  есеп 
шығару  тәсілдерін  үйрету,  оқушылардың  алгоритмдік  ой-өрісін  калыптастыру.  Бұл 
мақсатқа  жетудің  басты  жолы  алгоритмдік  тілді  үйрену.  Әр  машинаның  өзіне 
лайықталған  программалық  тілдері  бар.  Алгоритмдік  тіл  алгоритмдерді  адам 
орындау  құралы  ретінде  жасалған,  программалық  тілді  меңгерудің  алғашкы 
баспалдағы  болып  табылады.  Алгоритмдік  тілдің  және  оны  пайдалану  ережесінің 
кұрылымы  көптеген  программалау  тілдерінің  құрылымына  ұксас.  Сондықтан  бұл 
тілді игеру келешекте программалау тілдерін үйренгенде жеңілдік жасайды [1]. 
Алгоритм тілі – бұл алгоритмдер мен оладры орындаудың біртекті және дәл 
жазбаларына арналған белгілер мен ережелер жүйесі. 
Алгоритм  тілі,  бір  жағынан,  кәдімгі  тілге  жақын,  сондықтан  әдеттегі  мәтін 
ретінде  оқылады  және  жазылады.  Екінші  жағынан,  алгоритм  тілі  пішіні  жөнінен 
программалау  тіліне  жақындайды,  бұл  ЭЕМ  үшін  программалау  тілін  тез  үйренуге 
мүмкіндік береді. 
Алгоритм  тілінің  өз  сөздігі  бар.  Оның  негізін  осы  тілдің  командасын 
жеткізетін сөздер құрайды. Алгоритм тілінде сондай-ақ мағынасы мен қолдану әдісі 
өзгермейтін сөздер пайдаланылады. Олар қызмет етуші сөздер деп аталады. 
Алгоритм  тілінің  қызмет  етуші  сөздері  әдетте  қыскартылған  нұсқада 
ерекшеленеді және жазылады да, алгоритмді безендіру үшін пайдаланылады. 
Алгоритмнің  аты  қызмет  етуші  алг  (алгоритм)  сөзінен  кейін  жазылады  жэне 
мүмкіндігінше ол осы алгоритммен сипатталатын есептің шешуін көрсетуі керек. 
Алгоритм  атынан  соң  командалар  келеді,  олар  алгоритмнің  басталуы  мен 
аяқталуын  көрсететін  кызмет  етуші  басы  (начало)  және  соңы  (конец)  сөздерінің 
арасында тұрады. 
Алгоритмнің жалпы көрінісі мынадай болады: 
алгоритмнің аты 
басы 

     
 
 

 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
алгоритм командалары (серия); 
соңы 
Алгоритм  командалары  рет-ретімен  жазылады.  Бір  жолда  бірнеше  команда 
жазылуы  мүмкін.  Мұндай  жағдайда  олар  нүктелі  үтірмен  «;»  бөлінеді 
(ажыратылады). 
Бірінен  кейін  бірі  орындалатын  бірнеше  команданың  жиынтығы  серия  деп 
аталады. Серияның бір командадан тұруы да мүмкін. 
Алгоритм  тілінде  ұсынылған  алгоритмдердің  орындаушысы  адам  екенін 
ескере отырып, біз қажетіне қарай жаңа командаларды айқындаймыз және енгіземіз, 
олардың әрекеттері біздің орындаушыға түсінікті. 
Алгоритмдерді  алгоритм  тілінде  сипаттау  бізге  алгоритмдерді  программалау 
тілінде тиімді ұсынуға косымша кызмет етеді. Алгоритм тілінің ыңғайлы болатыны: 
командалар  ана  тілінің  сөздерінен  тұрады,  жалпыға  белгілі  символикаларды 
пайдаланады, өйткені олардың орындаушысы адам және командаларының мағынасы 
адамның түсінуіне ыңғайластырылған  [2]. 
Алгоритм тілінің болуы мүмкін командаларын келтіреміз:  
енгізу  параметрлер  тізімі,  бұл  команда  бойынша  орындаушы  айнымалылардың 
мағынасын енгізеді, олардың аттары параметрлер тізімінде көрсетілген;  
шығару  параметрлер  тізімі,  бұл  команда  бойынша  орындаушы  есептеулер 
нәтижелерін шығарады;  
Алгоритмдерді  сипаттауда  орындаушыға  шамаларға  қатысты  әрекеттерді 
орындау және осы әрекет нәтижесі ретінде жаңа шаманы құру ұйғарылады. 
Мысалы, "А және В шамалар мәнін қосу, ал нәтижесін С шамасымен көрсету" 
нұсқауы. Бұл жағдайда орындаушы мынадай әрекеттер жасайды: А-ның (компьютер 
болса  онда  жад  ұяшығынан),  В-ның  (жад  ұяшығынан)  мәндерін  алады,  оларды 
қосады, нәтижесін С шамасы түрінде жад ұяшығында сақтап қояды. 
Алгоритм  тілінде  шамаларға  қатысты  әрекеттерді  белгілеу  ұшін  ":=" 
командасы  пайдаланылады.  Енді  карастырылған  мысалдың  нұсқауын  С:=А+В 
командасымен жазуға болады. 
Алгоритм  командасы  ":="  белғісінің  көмеғімен  жазылса,  меншіктеу 
командасы деп, ал ":=" белгісі меншіктеу белгісі деп аталады. 
1-мысал. Ү мәнін Ү = (АХ - В) (СХ + Ә) формуласы бойынша Х-тің кез келген 
мәнін есептеп шығару. 
Бұл  есепті  шешу  үшін  төмендегі  алгоритмде  тұжырымдалған  әрекеттерді 
ретімен орындау жеткілікті: 
алг есептеу 
басы 
А*Х көбейту; нәтижені R1 деп белгілеу 
R1-В азайту; нәтижені R2 деп белгілеу  
С*Х кобейту; нәтижені RЗ  деп белгілеу  
RЗ+О қосу, нәтижені R4 деп белгілеу  
R2*R4 көбейту; нәтижені Ү мәні деп есептеу.  
соңы 
Енгізілген меншіктеу командасын ескеріп, осы алгоритмді былай жазуға болады: 
алг есептеп шыгару 
басы 
 
R1=АХ; 
R2=R1 – В 
RЗ=С*Х; 
R4=RЗ+D; 
Y:= R2*R4   

     
 
 

 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
соңы 
Алгоритмдік  тіл  табиғи  тілге  жақын.  Алгоритмдік  тіл
    алгоритмдерді  жазу 
құралы. Ол келесідей мәселелердің орындалуын қамтамасыз етеді: 
Алгоритмдік тілдің ережесі алгоритмді тек авторға ғана түсінікті етіп қоймай, 
баскаларға да, компьютерге де түсінікті етеді; 
Алгоритмдік  тілдің  ережелері  оқушыға  алгоритмді  талқылау  әр  түрлі  мәнді 
болуына мүмкіндік бермейді; 
Алгоритмдердің берілу тәсілдерінің түрлері көп. Біз төртеуіне тоқталамыз: 

 
табиғи тіл; 

 
графикалық тіл; 

 
алгоритмдік тіл; 

 
программалау тілі. 
Берілу  тәсілінің  әр  түрінің  алгоритмдерді  сипаттаудың  өз  орындаушысына 
бағытталған өзіндік құралдары бар: 
табиғи тіл (орындаушы - адам) - орыс, қазақ, ағылшын тілдерінің сөздері; 
графикалық  тіл  (орындаушы  -  адам)  -  әрекеттер  сипаттамасы  бар  графикалық 
схемалар (блок-схемалар); 
алгоритмдік  тіл  (орындаушы  -  адам)  -  әрекет  немесе  орындаушыға  арналған 
командалар мағынасы берілетін табиғи тілдің белгілі сөздері; 
программалау тілі (орындаушы - компьютер) - программалау тілінің командалары. 
Алгоритмдердің  құрылымын,  құру  әдістерін  үйрену  үш  көрсетімде  бірден 
жүреді:  блок-схемалар  түрінде,  алгоритмдік  тілде,  программалау  тілінде.  Берілу 
әдістерінің  әрқайсысының  алгоритмдерін  сипаттайтын  құралдардың  элементтері 
қажеттігіне қарай енгізіліп отырады. 
Алгоритм 
дискретті  ақпараттармен  жасалатын  әрекеттерді  тағайындайды 
және  өрнектейді.  Алгоритмге  катысты  әрекеттердің  бәрі  дискретті  болады. 
Алгоритмнің  жұмысына  қажетті  материалдар  ретінде  символдық  мәтіндер  және 
сандар пайдаланылады. 
Алгоритм  біздің  қалауымызға  қарай  өзгертуге  болмайтын  нақты  нұсқау. 
Алгоритмде  не  істеу  керектігі  алдын  ала  айқын  беріледі.  Мысалы,  бір  есепті 
шешудің алгоритмі берілсе, онда ойланбай-ақ, алгоритмде қандай нұсқаулар берілсе, 
сол нұсқауларды берілу ретімен орындасақ, есеп шығады. Алгоритмнің осы қасиетін 
анықталғандық  қасиеті  дейміз.  Бұл  жағдай  адам  сияқты  емес,  ойлау  қабілеті  жоқ 
құрылғылардың,  мысалы,  компьютердің  көмегімен  есептерді  шешу  мүмкіндігіне 
кепілдік  берді.  Мұндай  құрылғылар  алгоритмнің  жарлықтарын  ойланбастан, 
формальді  түрде  орындайды.  Сондыктан  алгоритмде  есепті  шығаруға  қажеттінің 
бәрі бір мәнде анықталуы және атқарушыға түсінікті әрі нақты болуы тиіс. 
Бір  алгоритмнің  өзін  бірнеше  есептің  шешімін  табу  үшін  пайдалану 
мүмкіндігі,  яғни  бастапқы  деректер  мәндерінің  жиынына  пайдаланылу  мүмкіндігі 
бар.  Алгоритмнің  мұндай  қасиетін  көпшілікке  бірдейлік,  басқаша  айтқанда, 
жалпылық қасиеті деп атайды.  
Осы  айтылғандардан  алгоритм  бастапқы  деректерді  пайдаланып  іздеген 
нәтижеге  қол  жеткізетін  реттелген  әрекеттер  тізбегі  деген  қорытынды  жасауға 
болады.  Мұндай  әрекеттер  тізбегінің  орындалуы  алгоритмдік  процесс,  ал  әрбір 
әрекет оның қадамы, әрбір нұсқау алгоритмнің командасы болып табылады. 
Алгоритмнің  ең  маңызды  касиеті  жоғарыда  анықталған  қасиетінде 
айтылғандай, оның орындалу нәтижесінің атқарушыға тәуелсіздігі[3]. 
Сонымен алгоритм туралы мына төмендегідей тұжырымдар жасауға болады.  
Алгоритмдер әртүрлі есептерді шешу үшін пайдаланылады. 

     
 
 

 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
 
 
1-сурет. 
Алгоритмді бейнелеу әдістерінің логикалық құрылымы. 
 
Алгоритмді  құрушыға  қарағанда  алгоритмді  атқарушыдан  білімді  аса  талап 
етпейтіндіктен, есеп шығару айтарлықтай оңайлатылады; 
Алгоритмдік  тілді  пайдалану  оны  кұрушының  өзіне  ғана  түсінікті 
командаларды  көпшілік  қауымның  пайдалануына  мүмкіндік  береді.  Алгоритмді 
жазудың бірнеше тәсілдері бар. 
Алгоритмді  атқаруды  тек  адамға  емес,  компьютерге  де  жүктеуге 
болатындығы есептеу процесін автоматтандыруға мүмкіндік береді. 
Алгоритмнің  құрамы  дараланып  және  оның  әрекеттері  анықталғаннан  кейін 
алгоритмді жазып көрсету тәсілін және тілін білу керек. 
Блок-схема  компьютерге  программалар  жасау  практикасында  кеңінен 
қолданылатын  алгоритмдерді  жазудың  графикалық  тәсілі,  басқаша  айтқанда, 
алгоритмнің логикалық құрылымын график түрінде бйнелейтін тіл десек те болады. 
Есепті  шешу үшін алгоритмнің блок-схемасын құрған кезде есепті  шығару процесі 
кезеңдерге бөлінеді. Әрбір кезең есептелетін операцияның сипатына байланысты [4].    
  
Алгоритмді бейнелеу әдістерінің ішінен біз блок-схема мен алгоритмдік тілді 
пайдаланамыз. Алгоритм белгілі  конфигурациясы бар бір геометриялык фигурамен 
(блокпен)  белгіленеді.  Мысалы,  жұмыр  (сопақ),  параллелограмм,  тіктөртбұрыш, 
ромб т.с.с. 
         Блок  деп  аталатын  мұндай  фигуралардың  ішіне  кезеңдердің  мазмұны 
жазылады.  
          Есептелу  процесінің  бағыты  блоктарды  косатын  стрелкалармен  көрсетіледі. 
Осы  аталғандардың  бәрі  блок-схема  тілінің  алфавитін  құрайды  және  олардың 
мағынасы алдын ала келісілген келісім бойынша беріледі. 
Басы, соңы блоктарынан басқа әрбір блоктың бір ену және бір-екі шығу сызықтары 
болады. 
          Атқаратын қызметі жағынан блоктар негізгі және қосымша болып бөлінеді. 
Негізгі  блоктар  енгізу  мен  баспаға  шығару  және  ақпараттарды  өңдеу  әрекеттерін 
білдіреді,  ал  қосымша  блоктар  блок-схеманы  түсіндіру  және  байланыстарды 
таңбалау үшін пайдаланылады. 
          Блоктардың  анықтайтын  әрекеттері,  яғни,  түсініктер  блокты  бейнелейтін 
геометриялық фигуралардың іштеріне жазылады. 
Тексерілетін шарт тікелей блокта көрсетіледі. Мысалы, Х< 100, а2 + С *0. 
 

     
 
 

 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
 
      
2
-сурет. Блок-схеманы құру мысалы
 
 
Егер  тексерілетін  шарт  орындалатын  болса,  онда  есептелу  процесінің 
шығысы  «иә»  тармағы  бойынша,  ал  шарт  орындалмайтын  болса,  онда  «жоқ» 
тармағы бойынша өтеді (2-сурет). 
Блоктардың құрамына және олардың өзара байланысына тәуелді алгоритмдер 
сызықтык, тармақталушы, қайталанушы, еселі (ішіне салынған), қайталанушы болып 
бөлінеді. 
Әсіресе  алгоритмдерді  құру  және  олардың  құрылымын  талдау  кезінде 
алгоритмнің блок - схемасына қатты көңіл бөлінеді. 
           Алгоритмдік  тіл  –  деп  орындалатын  әрекеттерді,  амалдарды  бірыңғай  және 
дәл  жазуга  арналган,  өз  тіліміздің  кейбір  сөздерін  пайдаланатын  белгілермен 
ережелер  жүйесін  айтады.  Алгоритмдік  тіл  бір  жағынан  табиғи  тілге  жақын, 
алгоритмдерді  және  алгоритмдік  тілде  құрылған  амалдар  тізбегін  компьютерге 
түсінікті командалар мәтіні түрінде жазуға арналған жасанды тілдерді программалау 
тілдері деп атайды.  
 
Паскаль,  Си,  Дельфи,  Пролог  тәрізді  программалау  тілдері 
   ағылшын 
тіліндегі кейбір сөздерді  алгоритм құруда кеңінен пайдаланады. Ол сөздердің саны 
онша  көп  емес,  оларды  түйінді  немесе  қызметші  сөздер  деп  атайды.  Ал 
алгоритмдерді  өрнектейтін  қарапайым  алгоритмдік  тілдерде  сол  түйінді  сөздердің 
қазақшасы  немесе  орысшасы  қолданылады.  Алгоритм  алғашқыда  қарапайым 
алгоритмдік тілде кұрылып, содан кейін ол программалау тілінде қайта жазылып, ең 
соңында  машина  тіліне  түрлендіріліп  барып  орындалады.  Әр  компьютердің  өзінің 
машиналық тілі болады, ол командалар тілі немесе кодтар тілі деп аталады [5].  
 
Қазіргі  кезде  дүние  жүзінде  үш  жүзге  жуық  алгоритмдік  программалау  тілі 
таралған. Олардың әрқайсысы белгілі бір мақсатта қолданылады. Мысалы, Фортран 
  ғылыми-техникалык (инженерлік) есеп шығаруда, Паскаль   өндірісте, оқу-ағарту 
саласында,  Бейсик 
   алғашқы  үйренушілер  үшін  дербес  компьютерде  диалогтік 
режимде жұмыс атқаруға арналған және т.б. 
 
 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.
 
В.Н. Крупский, В.Е. Плиско. Теория алгоритмов. 
–М.: Издательский центр 
«Академия». 2009. стр. 204. 

     
 
 

 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
2.
 
В.П.  Долматов.  Методические  проблемы  разработки  базовго  курса 
информатики для средней школы.
 –М.: Просвещение, 1997. 
3.
 
И.В.  Роберт.  Концепсии  внедрения  средств  новых  информационных 
технологий в учебный процесс общеобразовательной школы. 
– М.: ротапринт АПП, 
2011. 
4.
 
В.А. 
Сластенин, 
Л.С. 
Подымова. 
Педагогика: 
инновационная 
деятельность.
 –М., 1987. 
5.
 
Н.В.  Софронова.  Разработка  обучающих  программ  на  основе 
инструментальных средств.
 – Чебоксары, 1995. 
 
 
ӘОЖ 371.315.7:004.4:512 
 
ИНТЕЛЕКТУАЛДЫ  ОҚЫТУ ЖҮЙЕЛЕРІ  БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ 
ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ 
 
п.ғ.к., доцент А.О. Алдабергенова  
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласы 
aigul_ao@mail.ru
 
информатика мамандығының магистрі Ш.Б. Нұрғожаев 
shingo_nur@mail.ru
  
информатика пәнінің мұғалімі С.Б. Жолдыбаева 
№20 мектеп-лицей, Талдықорған қаласы 
saira.11@mail.ru
 
 
Бұл  мақалада  интеллектуалды  оқыту  жүйесін  білім  сапасын  арттыру 
құралы  ретінде  қолдану  мәселесі  қарастырылған.  Сондай-ақ,  мәселелерді  шешудің 
анағұрлым  ыңғайлы  құралдыры    жасанды  интеллект  элементтері  бар  оқыту 
жүйелерін оқу процесіне ендіру мүмкіндіктері жан-жақты баяндалған.  
Данная статья рассматривает проблему повышения качество обучения при 
помощи  интеллектуальных  обучающих  систем.  А  так  же  рассмотрены  решения 
проблем  создания  и  внедрения  обучающих  систем  с  элементами  искусственного 
интеллекта.   
This  article  considers  the  problem  of  improving  the  quality  of  learning  through 
intelligent tutoring systems. And the solution of problems of creation and introduction of 
training systems with artificial intelligence elements. 
Кілт  сөздер:  Интеллектуалды  оқыту  жүйесі,  жасанды  интеллект, 
ақпараттандыру,  робот,  робототехника,  эксперттік  жүйелер,  Оқыту,  өзін  -  өзі 
оқыту.  
 
Соңғы  он  жылдықтардағы  ақпараттық  технологиялардың  дамуы  мен  кең 
қолданысқа  ие  болуы,  ғылыми-техникалық  және  әлемдік  дамудың  жаһандық 
тенденциясына айналды. 
Заманауи  қоғам,  ақпараттандыру  процесіндегі  белсендігімен  сипатталады. 
Қоғамды  ақпараттандыру  –  ақпаратты  жинақтаумен,  өңдеумен,  сақтаумен, 
алмасумен және қолданумен сипатталатын жаһандық әлеуметтік құбылыс.  
Қазіргі  таңда,  ақпараттандыру  ақпараттық  қоғамның  ұлттық  стратегиялық 
ресурсының    технологиялық  негізі  ретінде  қалыптасып,  мемлекеттің  мәдени-
әлеуметтік дамуының жалпы деңгейін ғана емес,  жаһандық даму процесіндегі оның 
орнын  анықтайды.  Білім  беру  жүйесінің  негізгі  міндеті  мемлекеттің  әлеуметтік 

     
 
 
10 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
тапсырысын  қанағаттандыру.    Заманауи  тапсырыстар  білім  беруді  үздіксіз 
жетілдіруге  итермелейді,  сол  себепті  оқыту  процесі  өзгермелі  талаптарға  жылдам 
бейімделу үшін икемді болуы тиіс.  
Қазіргі  таңда  оқыту  орындары  оқытушыларының  тәжірибесіне  негізделген  
оқыту  поцесі,  жүйелі  жетілдірулерге  және  қабылданған  шешімдердің  ғылыми 
негізделуге  мұқтаж.  Білімгерлердің  біліктілігіне  деген  талаптардың  артуына  сәйкес 
көтерілген  мәселе  қазіргі  таңда  ерекше  көкейкесті.  Сондықтан,  білім  беру  жүйесін 
өмір  талабына  сәйкес  қайта  құру  үшін  жаңа  әдіс-тәсілдерді  іздеу  қажет.  Бұл 
мәселелерді  шешудің  анағұрлым  ыңғайлы  құралдыры    жасанды  интеллект 
элементтері бар оқыту жүйелері.  
Бұндай  оқыту  жүйелерінің  артықшылықтары  жеке-дара  оқытудың 
артықшылықтарын  қолдану;  өз  бетімен  жұмыс  істеу  дағдыларын  қалыптастыру; 
оқытушыларды  кертартпалықтан  босату;  алдыңғы  қатарлы  педагогикалық 
тәжірибені қолдану мен тарату; оқыту шарты немесе білімгерлердің талаптар сәйкес 
оқыту курсының бейімделе алу мүмкіндігі. 
Интелектуалды оқыту жүйелерін  қолданудың негізігі аспектілері ақпараттық 
технологиялар  саласының  мамандары,  педагогтар  мен  психологтар  құрастырған: 
білім  берудегі  инновациялық  процестер  мен  педагогикалық  жүйелер  теориясының 
негізгі  мәселелері    (П.Я.Гальперин,  В.В.Давыдов,  М.И.Махмутов  және  т.б); 
кибернетикалық  оқыту  теорияларының  және  автоматтандырылған  оқытуды 
құрастырудың сұрақтары (Ю.К.Бабанский, В.П.Беспалько, А.И. Берг, В.М. Глушков, 
Н.Ф.Талызина  Н.Д.Никандров,  И.Я.Лернер  және  т.б);  жасанды  интеллект 
элементтері бар оқыту құралдарын құруға және қолдануға байланысты зерттеулерді  
П.Брусенцов, П.Л Брусиловск. В.А. Петрушин және т.б. жүргізген [1].  
Ресейлік 
ғалымдардың 
зерттеулерінде 
(А.А.Андреева, 
Н.В.Апатова, 
Е.И.Машбиц, Е.С.Полат, И.П.Норенкова және т.б) оқыту жүйелерін құрудың жалпы 
принциптері мен оларды білім беруде қолданудың негізгі бағыттары  анықталған.  
Жасанды  интеллект  адамның  интеллектуальды  ойлау  қабілетінің  кейбірін 
ЭЕМ – де орындауға мүмкін түрде модельдеу, программалау не адам орындайтын іс-
әрекеттерді орындау сияқты мәселелер мен айналысады. Жалпы, жасанды интеллект – 
компьютерде  интеллектуальды  программаны  дайындауға  байланысты  информатика 
бөлімі. 
Жасанды  интеллект  программалары  көбінесе  арнайы  дайындалған  пролог, 
ЛИСП,  Smaltalk,  т.с.с.  программалау  тілдерінде  құрылады.  Олардың  классикалық 
Бейсик, Паскаль, т.б. программалау тілдерінде құруда мүмкін, бірақ мұнда олардың 
көлемі үлкен болып, пайдалануға икемді бола бермейді.  
Жасанды  интеллект  математикалық  есепті  шешуде,  медициналық  болжауда, 
шахмат  ойнау  сияқты  теориясында,  мәтінді  бір  тілден  екінші  тілден  аударуда, 
теореманы  дәлелдеуде,  комерциялық  мекемелерде  және  т.б.  салаларда  жиі 
пайдаланылуда. Қазіргі кезде кейбір жасанды интеллект нысанды тани және сөйлей 
де  алады.  Мысалы,  нысанды  тану  үшін  жасанды  интеллектіде  икемді 
тұжырымдамалар,  жинақты  схемалар,  т.с.с  пайдаланылған,  бірақ  мұндай 
жұмыстардың  орындалуы  әлі  жоғары  дәрежеде  емес.  Оларды  жетілдіру  жөнінде 
ғылымдар  көп  еңбек  жұмсауда.  Бұл  бағыттағы  жетістіктер  компьютердің  одан  әрі 
дамуына  және  адамның  программалау  шеберлігіне  байланысты.  Жалпы,  жасанды 
интеллектіде программалау оңай жұмыс емес. Ол үшін компьютерде сақтаулы білім 
қорын  (фактілер  мен  ережелер)  пайдаланып,  нақты  жағдайға  қолданылатын 
динамикалық программа құрылуы тиіс. Әдетте бұл бағытты машиналық интеллект деп 
атайды.  Машиналық  интеллекттің  тағы  бір  бағыты  –  интеллектуальды  әрекеттің  
нейрофизиологиялық және психологиялық механизмдерін қарастырып, адамның ой-
өрісін  зерттеп,  нақты  жағдайда  адам  сияқты  іс-әрекет  жасайтын  техникалық 

     
 
 
11 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
құрылғы  дайындау.  Адам  миының  негізі  –  бір-бірімен  байланысы  өте  көп  (10
21
-ге 
дейін)  жүйе  клеткаларынан  (нейрондардан)  тұратыны  белгілі.  Нейронға  ұқсас 
элементтерді  дайындап,  оларды  шамамен  болса  да  жұмыс  істеитін  нейрожүйеге 
біріктіру  оңай  жұмыс  емес.  Бұл  бағытта  80-жылдардың  ортасында  Жапонияда 
нейрон 
деп 
аталатын 
көптеген 
процессорлары 
бар 
 
VI 
буын 
компьютерлерідайындалып  шықты.  АҚШ-та  Ресейде  және  т.б.  елдерде  де  осы 
бағытта түрлі жұмыстар жүргізілуде [2].  
Жасанды 
интеллекттің 
екінші 
бағыты 
– 
адам 
еңбегін 
автоматтандыратын  электомеханикалық  құрылғы  –  робот  дайындау. 
Роботтың  алғашқы  қарапайым  үлгілері  ерте  кезде  ақ  жарыққа  шыққан 
болатын.  Мысалы  автоойыншықтар  I  ғасырда,  жүретін  сағат  III  ғасырда,  өз 
бетімен суда жүзетін кеме XIII ғасырда дайындалған. Ал, 1738 жылы француз 
механигі  Ж.Вокансон  нағыз  өнер  туындысы  –  механикалық  барабан 
ойнаушыны  дайындап  шықты,  т.б.  Қазіргі  кезде  түрлі  бұйымдарды  қалаған 
жерге  жылжыту  не  металды  пісіру,  үй,  сауда  және  ауыл-шарушылық 
жұмыстарын орындау, медицинада, хирург қызметін атқару сияқты күрделі іс-
әрекеттерді  орындайтын  роботтар  жеткілікті.  Робот  космонавт  түрінде  де 
пайдалануда.  Көптеген  мәліметтерді  шешу  мақсатында  соңғы  роботтарға 
түрлі  программалар  жиынтығы  жинастырылған  бір  не  бірнеше  компьютер 
енгізіліп қойылған. Олар роботтың негізгі мүшесі – миы. Роботтың келешекте 
даму  микропроцессторлық  техниканың  одан  әрі  дамуына  байланысты.  Бұл 
бағыттағы ілім роботтық техника делінеді. Ол жасанды интеллекттің әдістері 
мен идеяларына тығыз байланысты. 
Бұл  күнде  жасанды интеллект  -  информатиканың  қуатты  салаларының 
бірі.  Оның  мақсаты:  программист  емес  қолданушыларға  компьютермен 
қарым-қатынас  жасай  отырып,  интеллектуалды  болып  саналатын  өз 
мәселелерін  шешуге  мүмкіндік  беретін  аппараттық-программалық  құралдар 
жасау. 
 Шешу  алгоритмі  белгісіз  кез-келген  есепті  жасанды  интеллекет 
шеңберіне  жатқызуға  болады.  Мысал  үшін,  шахмат  ойнау,  медициналық 
диагноз жасау, мәтіндерді шет тілдеріне аудару т.б. – бұл есептерді шешудің 
нақтылы алгоритмдері жоқ.. 
Жасанды интеллект әдістерінің қолданылу бағыттары: 
1. Эксперттік жүйелерде білімдерді жинақтау жане оларды бейнелеу. 
Бұл бағыт жасанды интеллектінің негізгі бағыты, электронды жүйенің негізін 
құрайтын  білімдер  қорын  құруға,  білімдердің  модельдерін  жобалауға 
байланысты. Электронды жүйенің  нақтылы жұмыс түрлерінде мамандардың 
білімін өзіне жинақтаған интеллектуалды жүйе. 
2.  Ойындар  және  шығармашылық.  Әдетте,  жасанды  интеллектке 
интелектуалды  ойындар  кіреді  –  шахматтар,  дойбылар  және  т.б.  Ойындар 
ертеректен белгілі лабиринттік пен эвристикалық  жолдарға негізделеді. 
3.  Табиғи  тілдерді  түсіну  және  машиналық  аудармалар.  50  жылдарда 
жасанды  интеллектті  зерттеудің  кең  тараған  аймағы  машиналық  аудармалар 
болатын.  Бұл  аймақтағы  алғашқы  программа  –  ағылшын  тілінен  орыс  тіліне 
аударғыш.  Алғашқы  сөзбе-сөз  аудару  идеясы  тиімді  болмай  шықты.  Бұл 
күнде  табиғи  тілдегі  хабарламаларды  талдау  және  синтездеу  қабілеттері  бар 
бірнеше бөліктен тұратын күрделі модель қолданылады. Талдау үшін олар: 

     
 
 
12 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
морфологиялық талдау – мәтінде сөздерді талдау; 
-  синтаксистік  талдау  –  сөйлемдердің  грамматикасын  жане  сөз 
байланыстарын талдау; 
-  семантикалық  талдау  –  белгілі  бір  пәнге  бағытталған  білімдер 
қорлары негізінде әр сөйлемнің мағанасын талдау; 
-  прагматикалық  талдау  -  өз  білімдер  қорлары  негізінде  мәтіннің 
қолданылу саласына байланысты сөйлемдердің мағынасын талдау. 
Синтезге  осы  кезеңдерге  ұқсас  кезеңдер  кіреді,  бірақ  біраз  басқаша 
ретте.    
4.Бейнелерді  тану.  Мұны  көрнекті  және  дыбыстық  мәліметтерді 
қабылдай алатын, оларды кодтай және жадқа орналастыра алатын техникалық 
жүйелер  ғана  деп  түсінбейміз,  сонымен  қатар  ол  мәліметтерді  өңдеу 
барысында түсіну және логикалық  ойлау проблемысы деп түсінеміз. 
5.Копьютерлердің  архитектурасы.  Бұл  бағыт  символдық  және 
логикалық  мәліметтерді  өңдеуге  бағытталған  аппараттық  шешімдер  мен 
архитектураларды  ойлап  табумен  айналысады.  Оларға  Пролог    және  Лисп-
машиналар, V, VI кезеңдегі копьютерлер жатады.  
6.Интеллектуалды  роботтар.  Роботтар  –  адамның  жұмыстарын 
автоматтандыруға арналған элетромеханикалық құрылғылар. 
Белгілі  және  қазіргі  уақытта  жасалып  жатқан  роботтар  өздерінің 
құрылымы  жағынан  да,  жұмыс  жасау  мүмкіндігі  жағынан  да    айтарлықтай 
өзгеше, осы арадағы даму кезеңдерін бірнеше сатыға бөлуге болады. 
Қатаң(өзгертілмейтін)    басқару  схемалы  роботтар.  Оларға  қазіргі 
барлық өндірістік роботтар жатады. 
Сенсорлық  құрылғылары  (көзі,  қолы  т.с.с.)    бар  роботтар.    Бұл 
роботтардың  алғашқы  үлгілері  өте  қарапайым,  кейіннен  оларға  айтарлықтай 
өзгерістер  енгізілді,  ондай  роботтардың  жобалары  ғана  бар,  өндірістерде  
әзірге қолданылмайды. 
Интеллектуалды  роботтар  -    робот  техникасының  келешегі,  мақсаты. 
Интеллектуалды роботтарды жасаудағы негізгі проблема – жасанды көз. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет