Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №2-3 / 2015



Pdf көрінісі
бет22/31
Дата06.03.2017
өлшемі3,91 Mb.
#8051
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31

ӘОЖ 657 (075.8) 
 
ЛИСТИНГ ПРОЦЕДУРАСЫ ЖӘНЕ ҚОР БИРЖАСЫНДАҒЫ 
ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ БАҒЫТТАРЫ МЕН ТӘУЕКЕЛДІЛІГІ 
 
Оразбекова Гульвира, магистрант 
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ. 
 
Листинг  прцедурасы  және  қор  биржасындағы  операциялардың  бағыттары 
мен  тәуекелділігі.  Қор  биржасында  сенімділікпен  қарау  жеткіліксіз,  сондықтан 
қаржылық  активтерді  сатып  алудан  инвесторларды  қорғау  мақсатымен  листинг 
процедурасы көзделген. 
 Процедура  листинга  и  направления  риски  операции  на  фондовой  бирже.  В 
целях защиты инвесторов от приобретения  недостаточно надежных финансовых 
актов предусмотрена процедура листинга. 
Procedure of listing and direction of риски of operation on an exchange stock. For 
protecting of investors from acquisition of reliable not enough financial acts procedure of 
listing is envisaged. 
Кілт сөздерЛистинг, биржалық тізім, листинг процедурасы 
 
Қазақстан  Республикасының  қаржы  нарығының  бөлінбейтін  бөлімдес 
құрылымының  бірі  бағалы  қағаздар  нарығы  болып  табылады.  Осы  күні 
Республикада  көптеген  акционерлік  қоғамдар,  шаруашылық  серіктестіктер, 
инвестициялық  және  сақтандыру  компаниялары,  мемлекеттік  емес  зейнетақы 
қорлары  құрылуда.  Бұл  аталған  субъектілердің  барлығы  потенциалды  бағалы 
қағаздардың  нарығының  қатысушылары  болып  табылады.  Сондықтан  олар  өз 
қызметтерін  эмитент  және  инвестор  ретінде  жүзеге  асырады.  Бағалы  қағаздар 
нарығын  түсіну  үшін  алдымен  мына  төменгі  қағаздардың  биржалық 
операцияларының ерекшеліктеріне тоқтала кетелік. 
Қаржылық 
активтердің 
қайталама 
нарығындағы 
бағалы 
қағаздар 
операциялары  әр  түрлілігімен  көзге  түседі.  Бұл  процестің  өзіндік  көптеген 
ерекшеліктері  мен  қыр-сыры  бар.  Сондықтан  биржалық  сауданы  нақтылы 
тәжірбиесіз жете түсіну қиынға соғады. Сенімділігі жеткіліксіз қаржылық активтерді 
сатып алудан инвесторларды қорғау мақсатымен листинг процедурасы көзделген. 
Листинг  –  бұл  қандай  да  бір  нақты  эмитенттің  бағалы  қағаздарын  қор 
биржасының котировкалық бетін биржалық тізіміне жіберу және қосу процесі. 
Биржалық  тізім  –  бұл  қор  биржасында  мәміле  жасауға  жіберілген  
акционерлік  қоғамдардың  тізімі  көрсетілген  құжат.        Котировкалық  бет  -  әрбір 
жұмыс күні жасалатын биржалық тізім тәріздес құжат. 
Листинг  процедурасы  бірқатар  талаптарды  қажет  етеді,  ол  компания-
эмитенттің  қор құндылықтары  бойынша  операцияларын  ешқандай  бөгетсіз  жүргізу 
талаптарын  қанағаттандырулары  керек.  Биржалық  тізімге  тек  қана  қаржылық 
жағдайы  тұрақты  корпорациялардың  акциялары  мен  облигациялары,  ал 
муниципалды органдардың облигациялары тек қана биржалық Кеңестің рұқсатымен 

     
 
 
193 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
және  үкіметтің  бағалы  қағаздарын  –  шығару  жөніндегі  ресми  шарттары  негізінде 
қосылуы мүмкін. 
Листинг  процедурасы,  потенциалды  инвесторларды,  олардың  күрделі  қаржы 
салымдарының  бағыттары  туралы  шынайы  мәліметтермен  қамтамасыз  ету  сияқты 
маңызды  ақпараттарды  көздейді.  Ол  үшін  қаржылық  активтерді  котировкаға 
жіберілген  барлық  мәмілеге  қатысушылардың  қаржылық  жағдайын  тексеру  мен 
талдаудың нәтижелік мәліметтерді қолданылады. 
Листинг – шығарушы компанияның банкрот болуы есебінен бағалы қағаздың 
жақын арада құнсызданып кетпейтіндігіне кепілдік беру үшін жүргізіледі. Былайша 
айтқанда, бұл шара биржада котировкаға жіберілген қор құндылықтарының сапасын, 
сенімділігін, өтімділігін көтеруге бағытталған. 
Эмитент өз бағалы қағаздарын котировкаға ұсынбас бұрын қор биржасының 
листингтік  комиссиясына  өз  қызметі  туралы  барлық  іскерлік  ақпараттарын  беруге 
міндетті. Мына құжаттар міндетті түрде талап етіледі: 
* акционерлік қоғам-эмитенттің жарғысы; 
* заңға сәйкес хатталған эмиссия проспектісі; 
* соңғы үш жылдағы бухгалтерлік баланс және басқа да есеп беру құжаттары; 
* тәуелсіз аудитордың визасы бар табыстары мен шығыстары туралы есебі
*  соңғы  есеп  беру  күніндегі  корпорацияның  қызметі  туралы  оперативті 
(жедел) мәліметтер; 
* барлық типтегі және номиналдағы бағалы қағаздардың үлгілері. 
Бұл  ақпарат  елдегі  жалпы  экономикалық  жағдайды  және  осы  эмитенттің 
болашақ  уақыттағы  қызметі  жөніндегі  болжамды  ескере  отырып,  листингтік 
комиссияның қызметкерлері егжей-тегжейлі тексереді. 
Тексеруден  кейін  бұл  эмитенттің  қаржылық  активтерінің  биржалық  тізімге 
ену-енбеу мәселесі шешіледі. Егер бағалы қағаздар котировкалануға жіберілсе, онда 
осы  уақыттан  бастап  акционерлік  қоғамдармен  (немесе  басқа  да  эмитенттермен) 
биржаның  арасында  тығыз  өзара  байланыс  орнайды.  Қор  биржаларының 
қызметкерлерінен  құралған  арнайы  бақылаушылар  листинг  процедурасына  өткен 
барлыұ  ұйым-эмитенттің  қызметі  мен  қаржылық  жағдайын  үздіксіз  қадағалап 
отырады. Олар өз қарауындағылардың қаржылық экономикалық және шаруашылық 
қызметі  туралы  керекті  мәліметтерді  жинайды,  оперативті  мәліметтерді  талдайды 
және  берілген  нақтылы  ұйым-эмитенттің  бағалы  қағаздарының  курстық  құнына  әр 
түрлі факторлардың мүмкін болатын әсері туралы болжам жасайды. Егер қандай да 
бір  корпорацияның  қаржылық  жағдайы  тұрақсызданып,  көрсеткіштері  бірден 
төмендеп,  фирмаға  банкрот  болу  қаупі  туса,  онда  қор  биржасының  листингтік 
комиссиясы делистинг процедурасын жүргізуге міндетті. Яғни, бұл корпорацияның 
қаржылық  активтерін  котировкалаудан  алып  тастап,  биржалық  тізімнен  шығару 
жолымен биржадағы айналымнан алып тастауы керек. Бұл тек қана инвесторлардың 
мүддесі үшін жасайды, және компания-эмитенттің банкрот болу нәтижесінде мүмкін 
болатын қаржылық зияндардан максималды түрде қорғау. 
Қор  биржасында  мәміленің  қатысушылары  болып,  кәсіби  делдалдар  арқылы 
іс-әрекет ететін жеке және институтталынған инвесторлар болып табылады. 
Жеке  инвесторлар  –  қосымша  пайда  табу  немесе  қандай  да  бір  фирманы 
басқаруға  қатысу  мақсатында  өздерінің  уақытша  бос  ақшаларын  қор 
құндылықтарына салатын жеке тұлғалар. 
Институцияланған  инвесторлар  немесе  ведомстволық  салымшылар  олар 
анағұрлым  кең  масштабта  бағалы  қағаздарға  қаржы  сала  отырып  жеке  тұлғалар 
тәріздес  мүдделерді  көздейді.  Қор  құндылықтарымен  операциялар  жүргізе  отырып 
институцияланған  инвесторлар  қосымша  табыстар  алып,  өздерінің  әлеуметтік 
экономикалық  бағдарламаларын  қаржыландырып,  корпорацияның  ортақтас 

     
 
 
194 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
иелерінің  қатарына  қосылады.оларға  мемлекеттік  мекемелер,  муниципалды 
әкімшілік,  инвестициялық  банктер,  қорлар,  сақтандыру  компаниялары  және  тағы 
басқалары жатады. 
Кәсіпқойлар  қор  нарығында  ұйым  ретінде,  тек  қана  бағалы  қағаздар 
операцияларына  маманданған  жеке  тұлғалардан  тұрады,  олар  брокерлік  фирмалар 
мен  дилерлік  кеңселер.  Бағалы  қағаздармен  жасалатын  мәміленің  бәрі  екі  үлкен 
топқа бөлінеді:  
1) қолма-қол мәмілесі (кассалық); 
2) белгілі бір мерзім мәмілесі (мерзімдік). 
Жасалынған  қолма-қол  ақша  мәмілесі  үш  күн  мерзім  ішінде  іске  асырылуы 
керек. әдетте олар сатушы мен  сатып алушылардың арасында брокердің көмегімен 
ауызша  түрде  іске  асырылады.  Ол  қор  биржасындағы  операцияларды  есепке  алу 
кітабына  тіркеу  арқылы  көрінеді.  Кассалық  мәміле  көбінесе  облигацияларға,  ол 
акцияларға  сирек  жасалады  және  кез  келген  мөлшерде  сатылады  немесе  сатып 
алынады. Бұл тәсіл негізінен биржалық емес айналымда қолданылады. 
Қор  биржасында  мерзімдік  операцилардың  үлесі  басым.  Олар  келісім-
шартпен  хатталады.  Бұл  келісім-шартқа  сәйкес  бір  инвестор  екінші  инвесторға 
бағалы қағаздардың белгілі бір мөлшерін белгіленген бағамен көрсетілген мерзімге 
дейін  сатады,  ал  сатып  алуы  бұл  бағалы  қағаздарды  нарықтық  конъюктураға 
қарамастан  алдын  ала  келісілген  бағамен  сатып  алуға  міндеттенеді.  Мерзімдік 
мәмілелер көптеген түрлерге бөлінеді, олардың негізгілері төменде қаралады. 
Мәмілені  іске  асырмас  бұрын  бірқатар  қажетті  формалдылықты  орындау 
керек.  Қор  биржасының  кез  келген  клиентті  бірінші  кезекте,  оның  тапсырысын 
биржаның  ресми  қызметкерге  жеткізетін  биржалық  брокерге  немесе  басқа 
келістірушіге  жолығуы  керек.  Ол  тапсырысты  қабылдағаны  үшін  алдын  ала  ақы 
төленгеннен  соң  телефон  арқылы,  жеке  кездесу  арқылы  немесе  тапсырыс  жолдау 
арқылы істеуге болады. 
Тапсырыс – мәтінінде инвестор биржалық операцияның негізгі сипаттамасын 
дәл атап көрсетуі  керек. Сонымен бірге, бағалы қағаздарды сатып алу немесе сату, 
қаржылық  активтердің  мөлшері  мен  түрі,  ұйым  эмитенттің  аты,  тапсырысты 
орындау мерзімі болуы керек. Егер тапсырыс іске асырылуға қабылданған болса, ол 
тапсырманың шарттарына байланысты орындалады. 
Инвесторлар белгілі бір мақсаттарды көздей отырып, өз брокерлеріне мәміле 
жасаудағы  еркіндігін  шектейтін  тапсырмалар  береді.бұл  клиенттердің  көпшілігі 
нарықтық  конъюктура  туралы  жақсы  хабарландырылғанымен  және  белгілі  бір 
мақсат  бойынша  жіберілген  қаражаттарын  ақтауы  үшін  биржалық  операцияларды 
өздері есептейтіндігімен түсіндіріледі. 
Тапсырыс-өтінімі  іске  асырылу  мерзімі  мен  бағалы  қағаздардың  нарықтық 
бағам құнына байланысты жіктеледі. Бірінші топ биржалық күн немесе мерзімі атап 
көрсетілмеген  уақыт  ішінде  орындалуы  керек  тапсырмамен  беріледі,  яғни  бұл 
өтінімді  клиент  өзі  қайтарып  алғанға  дейін  күшінде  болады.  Мұны  кейде  ашық 
тапсырмалар деп те айтады. 
Биржалық күн тапсырмасы – бұл клиент-инвестордың қор биржасында сауда 
жасалатын  уақыт  ішінде  күшінде  болатын  бағалы  қағаздардың  нақты  типтер  мен 
кластарын 
сату 
мен 
сатып 
алу 
өтінімі. 
Тапсырманың 
орындалатын 
орындалмайтындығына  қарамастан  биржалық  жиынның  аяғында  клиенттің  арнайы 
нұсқауынсыз ол күшін жояды. 
Ашық  өтінім  –  оған  қанша  уақыт  қажет  болатындығына  қарамастан 
тапсырыста  келісілген  шарттарына  сәйкес  мәмілені  жасауды  білдіреді.  Мұндай 
өтінім  клиенттің  арнайы  өкіміне  шейін  күшінде  болады,  яғни  тапсырманы  өзгерту 

     
 
 
195 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
және  қайта  рәсімдеу  тек  қор  операциялары  бойынша  биржада  баланс  жасау 
кезеңінде ғана болады.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.Бороздин П.Ю. Ценные бумаги и фондовый рынок-М.:1994 
2. Оразбекұлы Б. Б
ухгалтерлік есеп: Инвестициялық қор, Зейнетақы қоры, 
Сақтандыру компаниялары, 
Талдықорған, 2015. 
3. Электрондық дерек көзі: 
http://uchebnik.kz/te oriya- buhqalterskoqo- ucheta/ 
 
 
ӘОЖ 330.322 
 
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ БАҒЫТТАРЫ 
 
Сыздықбаева Н.Б.  
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ., 
nurgul.010174@mail.ru
 
 
Бұл  мақалада  Казақстан  Республикасының  коммерциялық  банктердегі 
инвестицияның  мақсатын,  мазмұнын,  міндетін    инвестициялық  қызметің  және 
бағыт  –  бағдары  зеттелген.Сонымен  қатар 
банктің  инвестициялық  қызметінің 
индикатор  ретінде    көрсеткіштер  әсер  ететін  банк  инвестицияларының  көлемі, 
инвестициялық  салымдардың  жалпы  банк  активтеріндегі  үлесі,  объектілер 
бойынша  банктік  инвестициялардың  құрылымдық  көрсеткіштерінің  мәні 
толықтай қарастырылған.
 
В  этой  статье  обсуждается  цели,  содержания  и  направления 
инвестиционной  деятельности  коммерческих  банков  Республики  Казахстан.  А 
также  рассматривалась  инвестиционная  деятельность  в  банке  под  влиянием 
индикатора  который  воздействует  на  инвестиционный  банковский  объем, 
инвестиционных вложениях в доле банковских активов и структурные показатели 
инвестиционного банковского объекта. 
This  article  discusses  the  purpose,  content  and  direction  of  investment  activity  of 
commercial banks in the Republic of Kazakhstan. Also consider investment activity in the 
bank  under  the  influence  of  an  indicator  that  affects  the  amount  of  investment  banking, 
investments  in  the  share  of  bank  assets  and  structural  indicators  of  investment  banking 
facility. 
Кілт  сөздер:  инвестиция,  инвестициялық  саясат,  инвестициялық  қызмет, 
банктік инвестиция. 
 
 
Банк жүйесі мен жалпы экономиканың сәтті дамуы банктердің инвестицияық 
процесте  беделді  қызмет  атқаруына  себеп  болады.  Коммерциялық  банктердің 
қызметінің міндетті шарты ретінде экономикалық аяның тұрақты болуы және басқа 
жағынан алып қарасақ, экономикалық дамудың тұрақтылығы көбіне банктік жүйенің 
икемді  және  тұрақты  болуынан,  яғни  оның  нәтижелі  қызмет  көрсетуінен  көрінеді. 
Жеке  банктердің  қызығушылығы  тәуекелдің  төмен  дәрежесінде  неғұрлым  көбірек 
пайда  табу  екені  бәрімізге  мәлім.  Экономиканың  инвестициялануына  банктер  тек 
қана  жағымды,  тиімді  шарттар  болғанда  ғана  қатысуды  көздейді.  Сонымен, 
коммерциялық  банктердің  инвестициялық  қызметінің  мақсаты  қаражаттардың 
сақталуын қамтамасыз ете отырып, оның ішінде, диверсификацияны, табысты және 
өтімділікті қамтамасыз ету болып отыр [1]. 

     
 
 
196 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
Инвестициялық процесте банктердің жалпы алғанда негізгі бағыттары мынадай: 

 
инвестициялық мақсаттағы банк өнімдерінің шоғырлануы; 

 
инвестициялық мазмұндағы несиелердің берілуі

 
салымдарды бағалы қағаздарға, пайға, үлестік қатысуларға салынуы. 
Бұл  бағыттар  бір-бірімен  өте  тығыз  байланысты.  Капиталдарды,  халықтың 
жинақтарын,  және  тағы  басқа  да  бос  ақша  құралдарын  шоғырландыра  отырып, 
банктер  олардан  пайда  табу  мақсатында  өз  ресурстарын  құрастырады.  Ақша 
құралдарын  жинастыру  операцияларының  көлемі  мен  құрлымы  банктің  несиелік 
және  инвестициялық  портфельдеріне  әсер  ететін  негізгі  факторлар  және  олардың 
инвестициялық қызметке жарамдылығының негізі. 
Банктің  инвестициялық  қызметі  бизнес  ретінде  екі  түрлі  қызмет  көрсететеді 
және оны былайша  қарастырамыз: бағалы қағаздарды бірінші нарыққа шығару және 
орналастыру;  екінші  ретте  нарықта  сатушы  мен  сатып  алушыларды  жолықтыру 
брокерлік және дилерлік қызметтер арқылы жүзеге асады. 
Сонымен  қатар,  банктің  инвестициялық  қызметі  қаржылық  делдар  ретінде 
макроэкономикалық  қызметті  де  атқарады.  Макроэкономикалық  тұрғыда 
инвестициялық  қызмет  қоғам  капиталының  өсуіне  бағытталған.  Бұл  қасиетте  банк 
шаруашылық  субьектердің  инвестициялық  сұранысын  қанағаттандыру  қызметін, 
нарықтық  экономика  жағдайында  ақша-несиелік  түрде  жинақтар  мен  қорларды 
инвестицияға  айналдырады.  Сондықтан,  банктің  инвестициялық  қызметі 
макроэкономикалық  тұрғыда  экономиканың  инвестицияға  деген  сұранысын 
қанағаттандыру қызметі деп есептеледі [2]. 
Жалпы  банктерді  экономикалық  субьект  ретінде  қарастырсақ,  онда 
инвестициялық  қызмет  банк  табысын  көбейтуге  негізделген.  Біздің  ойымызша, 
экономиканың  дамуы  позициясынан  банктің  инвестициялық  қызметі  тек  қана 
банктің пайда табуы емес, сонымен қатар, қоғам деңгейінде де басқа табыстарға қол 
жеткізу  болып  табылады.  Сонымен  макроэкономикалық  тұрғыдан  банктің 
инвестициялық қызметі өндірістік негізде жүргізілгенде көрініс табады. 
Банктің  инвестициялық  қызметінің  индикаторлары  ретінде  келесі 
көрсеткіштер қолданылуы мүмкін:  

 
коммерциялық банктердің инвестициялық ресурстарының көлемі; 

 
 инвестициялық ресурстардың нақты индекстік бағасы

 
инвестициялық салымдардың жалпы банк активтеріндегі үлесі; 

 
объектілер бойынша банктік инвестициялардың құрылымдық көрсеткіштері; 

 
банктің  инвестициялық  қызметінің  тиімділік  көрсеткіштері,  соның  ішінде, 
инвестиция  көлеміне  есептелген  активтердің  өсуі,  инвестиция  көлеміне  есептелген 
пайданың өсуі; 

 
табысты 
қаржылық 
активтерге 
салымдармен 
салыстырғандағы  
инвестициялардың 
өндірістік 
секторға 
альтернативті 
табыстылығының 
көрсеткіштері [3]. 
         Банктік  инвестициялар  салыну  мақсаты  бойынша  тікелей  және  портфельді 
болуы  мүмкін.  Тікелей  инвестициялар  инвестициялау  объектісін  басқаруға 
бағытталады.  Ал  портфельді  инвестициялар  инвестициялық  объектіні  тікелей 
басқару  емес,  пайыздар  мен  дивиденттер  арқылы  немесе  активтердің  нарықтық 
бағасының көтерілуіне негізделген табыс табу мақсатында жүргізіледі. 
Инвестицияның  салыну  бағыты,  құралу  көздері,  салыну  мерзімі,  тәуекел 
түрлері бойынша бөлінулерін қарастырып көрсек: 

 
инвестициялардың  салыну  бағыты  бойынша  өндіріс  пен  ұйымның  банк 
тарапынан  шаруашылық  қызметіне  қатыспай,  тек  қана  құрылуы  мен  дамуына 
бағытталуы мүмкін; 

     
 
 
197 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 

 
инвестициялардың  құралу  көздері  бойынша  банктің  өз  инвестициялары  және 
банк  есебінен  жүргізу,  клиент  тапсырмасы  бойынша  және  клиент  есебінен  банк 
жүргізуі мүмкін; 

 
инвестициялардың  салыну  мерзімі  бойынша  қысқа  мерзімді  (бір  жылға  дейін), 
орташа (үш жылға дейін) және ұзақ мерзімді (үш жылдан артық) болуы мүмкін; 

 
коммерциялық  банктердің  инвестициялары  тәуекел  түрлері  бойынша,  салыну 
аймағы бойынша, салыну саласы және тағы басқа түлері бойынша бөлінуі мүмкін. 
Банктің  қаржылық  инвестицияларына  бағалы  қағаздарға,  басқа  банктердегі 
қысқа  мерзімді  депозиттерге,  несиелік  инвестицияларға,  пайлар  мен  үлестік 
қатысуларға  салым  салу  жатады.  Елімізде  қор  нарығының  дамуына  ат  салыса 
отырып, бағалы қағаздарға: борыштық міндеттемелерге, оның ішінде, вексельдерге, 
депозиттік  сертификаттарға,  мемлекеттік  және  муниципалды  бағалы  қағаздарға, 
үлестік  бағалы  қағаздарға,  туында  бағалы  қағаздарға  салым  салу  тиімді  саналуда. 
Бағалы  қағаздарға  салымдарды  банк  өз  есебінен,  яғни  банктің  инвестициялық 
операциялары  және  клиент  тапсырмасы  мен  соның  есебінен  клиенттің 
инвестициялық  операциялары  жүргізіледі  және  банк  басқа  банктердегі  қысқа 
мерзімді депозиттерге салым салуы мүмкін.
  
Банктердің  инвестициялық  қызметі  жаңа  бағалы  қағаздарға  қаражат 
орналастыруға  кепілдік  беру  андеррайтинг  ,  сондай-ақ  клиенттерге  қандай  бағалы 
қағаз түрін , қай уақытта шығаруға және ұсынысты қалай жасауға болатыны жайлы 
кеңес беруді сипаттайды. 
Бағалы  қағаздар  бизнесіндегі  андеррайтинг    бұл  бағалы  қағаздарды  сатудан 
ешқандай  да  төменгі  ақшалай  қаржаттың  келіп  түспейтіндігі  туралы  эмитентке 
кепілдік  беруді  білдіреді.  Мұндай  жағдайда  эмитент  қор  құндылықтарын 
орналастыру жоспарын құрады

Банк 
несиелік 
инвестицияларды 
төлемділік, 
мерзімділік 
және 
қайтарымдылық, ол дегеніміз банк міндетті түрде қарыз сомасын және ол бойынша 
пайыздарды  қайтарып  алады,  бірақ  бірлескен  шаруашылық  қызметке  араласпау 
негізінде  ұзақ  мерзімді  несие  түрінде  береді.  Сонымен  қатар,  бұл  несиелеудің  өзге 
несиелерден айырмашылығы бар, несиенің түпкілікті пайдалану мақсаты, басқаларға 
қарағанда  ұзақ  мерзімге  және  тәуекел  дәрежесі  жоғары.  Тәуекел  дәрежесін 
төмендету  мақсатында  инвестициялық  несиелеуді  жүзеге  асыратын  банктер  қарыз 
алушыларға  қосымша  міндеттемелер  жүктейді.  Ең  көп  таралған  міндеттемелер 
келесідей болады:   

 
ұйымның басқару құқығын беретін акция бөлігін иемдену

 
үкімет немесе сенімді банктердің қаржылық кепілдік көрсетуі; 

 
жоғары өтімді кепілдің болуы; 

 
үлестік қатысу. 
Инвестициялық  несиенің  ұзақ  мерзімге  берілуіне  байланысты,  несиелік 
арызды  немесе  инвестициялық  жобаны  қарастыру  барысында        инвестициялық 
тәуекелді  анықтау  кезінде,  қарыз  алушының  несие  қабілеттілігі  және  несие  тарихы 
ғана емес, және ұйымның қаржылық жағдайының динамикасы талданады [4]. 
Үлестік қатысуға, пайларға, акцияларға салым салу,  олардың инвестициялық 
несиеден  ерекшелігі,  ұйымның  шаруашылық  қызметіне  банктің  араласуы  болып 
табылады. Банк ұйымның жарғылық капиталының қаржылық  және  қаржылық  емес 
мазмұнында қатысушысы және құрылтайшысы негізінде көрінеді. 
Өндірістер мен ұйымдардың құрылуы мен дамуына банк инвестициялары екі 
негізгі  түрден  тұрады:  басқа  ұйымдардың  шаруашылық  қызметіне  салымдар  және 
банктің  өз  қызметіне  салымдар.  Банктің  өндіріс  немесе  ұйымның  шаруашылық 
қызметіне  инвестициялар  салуы  арқылы,  олардың  капиталдық  шығындарына, 
жарғылық  капиталдарын  құру  немесе  ұлғайту  арқылы  араласады.  Ұйымның 

     
 
 
198 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
акцияларын, пайларын, үлестерін сатып алу арқылы жарғылық капиталға араласуы, 
банктер  заң  бойынша  жарғылық  капиталдың  құрылтайшысы  ретінде  берілетін 
барлық құқықтарға ие болады. Еншілес ұйымды құру мен оны дамытуға салым салу 
банктің  құрылтайшылық  қызметіне  араласуына  негіз  болады,  өйткені  банк  оның 
қаржылық және қаржылық емес құрылтайшысы болып табылады. 
Коммерциялық  банктердің  құрылтайшылық  ұйымдары  болып,  көбінесе 
қаржылық саладағы инвестициялық қорлар және компаниялар, брокерлік фирмалар, 
инвестициялық  кеңестер,  лизингтік  және  факторингтік  фирмалар,  депозиттік  және 
клирингтік  институттар,  сақтандыру  фирмалары,  мемлекеттік  емес  зейнетақы 
қорлары,  холдингтер,  қаржылық  топтар    немесе  қызмет  көрсету  саласында 
қаржылық кеңестер беру, ақпараттар және тағы басқалары. 
Банктердің  ұйымның  немесе  өндірістің  шаруашылық  қызметіне  қатысуы 
бірнеше жағдайларға байланысты:  

 
инвестицияларға қаржылық бақылау орнату; 

 
тәуекелдің диверсификациясы және банктік бизнестің табыстылығы; 

 
қызмет көрсету аймақтары мен клентерге көрсететін қызмет түрлерін кеңейту 
арқылы банк беделін әр түрлі нарықтарда арттыру; 

 
еншілес қаржылық иституттар құру арқылы ресурстік және клиенттік базаны 
ұлғайту; 

 
еншілес  ұйымдар  арқылы  банкке  келетін  ақша  құралдарының  ағымын 
ұлғайту; 

 
банкке  заңды  айнала  жұмыс  істейтін,  рұқсат  етілмейтін  операцияларды 
ұлғайту  өндіріс  саласында,  материалдық  құндылықтармен  сауда-саттық  және 
сақтандыру. 
Еншілес  ұйымдарды  инвестиция  арқылы,  оларды  құру  мен  дамыту  өндірістік  және 
өндірістік  емес  сипатты  иеленуі  мүмкін.
 
Банк  қызметіндегі  инвестициялаудың 
өзіндік ережелері бар. 
Кең  мағынада,  банктік  инвестиция  пайда  табуында 
банктің  ресурстарын  орналастыруға  бағытталған  активтік  операциялардың 
жиынтығы.  Ал  тар  мағынада,  банктік  инвестиция  табыс  немесе  пайда  алу 
мақсатында  ақшалай  қаражаттарды  бағалы  қағаздарға  жұмсауы.  Сонымен  қатар, 
банктік  инвестициялау  деп  негізгі  капиталға  жұмсаған  қаражаттарды  да  түсінуге 
болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Банктегі 
инвестициялық  саясатты  қарастыру  барысында,  банктің  инвестициялық  қызметі 
инвестициялық саясат көмегімен жүзеге асырады. Инвестициялық саясаттың негізгі 
мазмұны қаражат жасау үшін біршама тиімді бағалы қағаздың түрлерін анықтау, әр 
уақыт  кезеңіне  инвестициялық  портфельдің  құрылымын  оңтайландырудан  тұрады. 
 
Банктердің инвестициялық саясаты банк қызметінің тұрақты жұмыс жасауын, 
нәтижелігін  немесе  пайдалығын,  сондай-ақ  өтімділігін  қамтамасыз  ету  мақсатында 
инвестициялар  портфелін  басқару  стратегияларын  жасауға  және  іске  асыруға 
бағытталған шаралар жиынтығы.  
Банктің инвестициялық саясатының басты бағыттары мынадай бөлімдерді қамтиды: 

 
инвестициялық саясаттың басты мақсаты
 

 
баланс  активі  мен  пассивіндегі  квазиинвестициялық  операциялардың  шегін 
үлесін анықтау;
 

 
инвестициялық операциялардың сапасы үшін жетекшілер мен атқарушылардың 
жауаптылығын;
 

 
инвестициялардың құрамы мен құрылымы;
 

 
бағалы қағаздардың сапасының деңгейінің және өтеу мерзімінің тиімділігі;
 

 
инвестициялар  портфелінің  диверсифиакциялануына  қойылатын  негізгі 
талаптар;
 

     
 
 
199 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 

 
потрфельдің құрамына түзетулер енгізу механизмі;
 

 
сақтау тәртібі және сақтандыру механизмі;
 

 
пайдалар мен зияндардың есебі
 

 
компьютерлік қамсызданлыру бағдарламалары.
 
Өндірістік  инвестициялар,  банктің  шаруашылық  субьектілердің  капиталдық 
шығындарына  қатысуы,  инвестициялық  несиелерді  беру  және  инвестициялық 
жобаларды  қаржыландыру  арқылы  жүзеге  асырылады.  Коммерциялық  банктер 
несиені  беру, акционерлеу, жарғылық капиталды  құру немесе ұлғайту, лизинг беру 
арқылы инвестициялық жобаларды қаржыландыра алады. 
Инвестициялық жобаға инвестициялау арқылы банк тек қана пайда таппайды, 
сонымен  қатар  құрылған  немесе  қайта  құрылған  ұйымды  басқару  құқығына  ие 
болады.  Инвестициялық  жобаға  тікелей  қатысуы  арқылы  банктің  жалпы  басқару 
стратегиясын құруына себепші болады. Бұл жобаны қаржыландыру мен оны тиімді 
басқаруға деген қарым-қатынасты жақсартады [5]. 
Банктердің  өндіріс  орындарына  инвестицияларды  жұмсауы  күтпеген 
жағымсыз  жағдайлар  туғызуы  мүмкін.  Банктердің  қаржылық  емес  ұйымдарға  көп 
көңіл бөлуі банктік тәуекелдің жоғарлауына және банктік жүйенің тұрақтылығы мен 
сенімділігінің  төмендеуіне  әкеліп  соғады.  Соған  байланысты  банктердің 
шаруашылық қызметке араласуын шектейтін заңдар мен нормативтік актілер бар. 
Қорытындылай  келе,  банктің  өз  қызметіне  ивестициялар  салуы  өзінің 
материалды-техникалық  базасы  мен  ұйдастырушылық  қызметін  жақсартуға 
жұмсалады.  Бұл  салымдардың  бағыты,  банктің  осы  салымдар  арқылы  қандай 
мәселелерді  жүзеге  асыратынына  байланысты  анықталады.  Сонымен  қатар, 
инвестицияның  бағыты  бойынша  қарастыратын  болсақ,  оңда  мынандай 
тұжырымдарға  келеміз: 

 
банк қызметінің тиімділігін арттыру мақсатындағы инвестициялар. Олар банктік 
шығындарды  төмендетуге  бағытталған  техникалық  жабдықтарды  жақсартуға, 
банктік  қызметтерді  ұйымдастырудың  жаңа  сатысына  шығуға,  еңбек  ету  жағдайын 
жақсартуға, қызметкерлерді үйретуге, сапалы талдау жүргізуге бағытталған; 

 
банктік 
қызметтерді 
диверсификациялау 
мен 
кеңейтуге 
бағытталған 
инвестициялар.  Бұл  инвестициялар  банктің  ресурстық  және  клиенттік  базасын 
ұлғайтуға, банктік операцияларды көбейтуге, жаңа банктік қызметтерді жүзеге асыра 
алатын жаңа бөлімшелер құруға бағытталады; 

 
мемлекеттік  қадағалау  органдарының  қойған  талаптарына  сай  болуға 
бағытталған  инвестициялар.  Бұл  инвестициялар  банктік  қызметті  белгіленген 
жағдайлар  бойынша  жүргізу  үшін  қадағалау  органдарының  қойған  талаптарын 
қанағаттандыруға жұмсалады. 
 
 
Инвестициялық  жобаға  тікелей  қатысуы  арқылы  банктің  жалпы  басқару 
стратегиясын құруына себепші болады. Бұл жобаны қаржыландыру мен оны тиімді 
басқаруға  деген  қарым-қатынасты  жақсартады.  Банктің  өзінің  дамуына  салынған 
инвестициялардың тиімділігі, жасалған қаржылық шығындардың арқасында банктің 
қаржылық  жағдайының  жақсаруы  немесе  банктің  жоғары  деңгейге  көтерілуі 
салдарынан  көрінеді.  Өз  қызметіне  инвестициялау  көлемі  мен  құрылымы,  нақты 
техника-экономикалық  есептеулер  нәтижесіне  сүйеніп  іске  асуы  қажет.  Қажет 
болған  көлемнен  артық  мөлшерде  инвестициялау  өтімділіктің  өзгеруіне,  банк 
табысының азаюына және банк қызметіндегі  тиімділіктің төмендеуіне алып келеді. 
Қазақстандық  банктер  өндіріс  орындары  мен  ұйымдардың  құрылуы  мен  дамуына 
инвестициялауы  пайыздар  мен  дивидентерге  ғана  қызығушылықпен  емес, 
экономикалық  нәтижелерге:  нарықта  өз  беделін  күшейтуді,  қосымша  клиенттерді 

     
 
 
200 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
тарту  және  тағы  басқа  қызметтер  көрсетуге  бағытталады  және  инвестициялаудың 
бірден-бір тұжырымы ретінде ұйымды басқаруға қол жеткізу болып табылады. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.
 
Банковское дело: учебник / под ред. Заслуженного деятеля РК,  д.э.н. профессора 
У.М.Искакова.-Алматы: Экономика, 2011.
 
2.
 
Банковское  дело:  справочное  пособие  /  под  ред.  к.э.н.  Бабичевой  Ю.А  –  М.: 
Экономика, 2010.
 
3.
 
Мақыш  С.Б.,  Ильяс  А.А.,  Банковское  дело  учебное  пособие.-  Алматы:  «  Қазақ 
университеті», 2009.
 
4.
 
Омарова  А.К.   Инвестицияны  қаржыландыру  және  несиелеу:  оқулық  /А.  К. 
Омарова.-Алматы:Таугуль-Принт, 2009.
 
5.
 
Кадерова Н.Н. Финансирование и кредитование инвестиций: учеб. пособие/ Н. Н. 
Кадерова.-Алматы:Экономика, 2008.
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет