Жануарлар этологиясы оқу құралы Қостанай, 2016 Әож 591. 500(075) кбж 28. 6я7


Бауырмен жорғалаушылардың ата – анылық мінезқылығы



бет111/122
Дата06.01.2022
өлшемі365,26 Kb.
#15031
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   122
Бауырмен жорғалаушылардың ата – анылық мінезқылығы. Кейбір рептилиялар өздерінің ұяларын күзетеді және олар іс жүзінде өздерінің балаларына мүлдем қамқорлық көрсетпейді. Тек, қолтырауындар ғана өздерінің жаңа туған балаларын суға тастайды. Көптеген аналық рептилиялар өздерінің ұрпақтарын жеп қоюы мүмкін.

Теңіз таспақалары теңіз жағалауларының белгілі аумақтарында көбею мақсатында алыс жаққа көшеді. Ол жерлерге жүздеген километрлерде орналасқан әр түрлі аудандардан жиналады. Мысалы жасыл тасбақа Бразилия жағалауларынан Атлант мұхитындағы Вознесения аралына бағыттала отырып, 2600 км жол жүреді. Көбею орнына жеткеннен кейін, тасбақалар жағаға жақын жерлерде шағылысады. Шағылысу өте тасқынды өтеді. Аталық аналықтың сауытын тырнақтарымен өте қатты тырнап, жұлқылайды. Олар құрғақ жерлерде жүруге қиналады, өздерінің денелерін алға жылжытып, өздерінен кейін шынжыр табанды трактордың ізіне ұқсас із қалдырады. Ол ақырын қозғалады және жұмыртқалауға қолайлы орын іздеуге тырысады. Соқпа толқындардың тармақтарына жеткеннен кейін, аналықтары құмды мұқият иіскейді, одан соң, оны қозып, аздаған тереңдікте шұңқыр қазады. Ол жерге артқы аяқтарының көмегімен құмыра секілді ұя қазады. Ұяның пішіні бақалардың барлығында бірдей емес. Көбею кезеңінде аналықтар 2-5 рет жұмыртқалайды; бір жұмыртқалағандағы мөлшері 30-200. Теңізде шағылысқан тасбақалар, аналығы жұмыртқалаған соң, жиі қайтадан шағылыса бастайды. Әлбетте олардың шәуіті жұмыртқалау уақытының барлық аралығында сақталу керек.

Тасбақаларда ата – анылық мінезқылық жоқ, жұмыртқалағаннан кейін олар қайта теңіз кетеді, ал балалары емін – еркін теңізге қарай жол тартады.

Қолтырауындар өздерінің жұмыртқаларын құснан, тастан, балшықтан жасалған ұяларға тастайды. Олар ұяны мұқият күзетеді және одан жарып шыққан балаларын қауіпсіз жерлерге ауыстырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет