Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых



Pdf көрінісі
бет121/154
Дата06.10.2023
өлшемі1,79 Mb.
#113072
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   154
Байланысты:
Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых Messenger of young scientist

№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
 
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
135
ысылған, тіс қаққан пысық деген мағына береді. Бұл сөздер қазіргі таңда 
қолданыстан шығып қалған архаизмдерге жатады. 
Дəл қара жолдың аузында, Арқалықтың бір кішілеу биігінің басында тастан 
үйілген оба секілді мола бар. 
Оба – қарауыл қарау үшін төбенің басына, жонның 
қырына тастан, топырақтан үйілген төмпешік. Обаға шығып қарады (Бұралқыұлы М. 
Түсіндірме сөздік. – Алматы: Мектеп, 2007). Сонымен қатар оба сөзі 
диалектологиялық сөздікте Түркменстан Республикасы, Ташуыз облысы, 
Күнөргеніш ауданында қоданылады делінген (Алматы: Арыс, 2007. – 536 б.). 
Жолдан қажып келіп, тынығып, жантайып жатқан салбыраңқы, күңгірт 
пішінді жолаушылар бастарын көтерсе де, жарын
-
жартылып қалғи отырып, 
əңгіме тыңдаушы еді 
(Əуезов М. Қорғансыздың күні. – 8 б.). Қажу – шаршау, күші 
кету (Бұралқыұлы М. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 
2007. – 296 б.). 
«Батырды мұқаттым» деп, үйіне келіп, жаңа жайланып, жауы отырған, 
Күмсінбай атын ойнақтатып, найзасын түйілтіп, өрт сөндіргендей болып зəрін 
шашып, жетіп келген 
(Əуезов М. Қорғансыздың күні. – 8 б.). Найза – ұшында істік 
темірі бар ұзын сапты шаншитын құрал. Найзамен түйреді (Бұралқыұлы М. Қазақ 
тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. – 403 б.). Зəрін 
шашып – ылаң салу, бүліншік жасау (Бұралқыұлы М. Қазақ тілінің түсіндірме 
сөздігі. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. – 227 б.). 
Күнбатыс батуға айналған күннің қызғылт сəулесімен нұрланып, қызыл 
торғынның түсіндей болып тұр 
(Əуезов М. Қорғансыздың күні. – 9 б.). Торғын – 
сəулеге бөгет болмайтын үлбірек тоқыма зат (Бұралқыұлы М. Қазақ тілінің 
түсіндірме сөздігі. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. – 560 б.). Торғын – қымбат, 
бағалы жібек матаның бір түрі (Қазақ тілінен түсіндірме сөздік. Редакцияны 
басқарған А.Ы. Ысқақов. – Алматы: Ғылым, 1985. – 209 б.). 
Жолаушының бірінің торғын тасты жаңа түлкі тымағы бар 
(Əуезов М. 
Қорғансыздың күні. – 9 б.). Тымақ – ақ терісі немесе елтіріден жақтау, құйрық салып 
тігілген жылы бас киім (Бұралқыұлы М. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: 
«Мектеп» баспасы, 2007. – 579 б.). 
Қалың киімнің сыртынан киген мол сұр шапанның сырты барқыт 
(Əуезов М. 
Қорғансыздың күні. – 9 б.) Шапан – матадан тігілген, мақталы тыс киім 
(Бұралқыұлы М. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 
2007. – 628 б.). Барқыт – өңі жұмсақ, түкті мата (Бұралқыұлы М. Қазақ тілінің 
түсіндірме сөздігі. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. – 80 б.). 
Иесіз қорада қуатсыз, қорғансыз үш əйел құлазып, зарлап қалғанда, маңайынан 
жиылған көрші-қоңшы ғазиздерінің сүйегін суық қабырға салғанын ойлағанда, 
əрқашан Ғазизаның жүрегі шаншып, өңі қашып, көзінен ыстық тамшы тамшылап 
кетуші еді 
(Əуезов М. Қорғансыздың күні. – 13 б.). Ғазиз – əзиз, əзиз – ардақты, 
қадірлі (Бұралқыұлы М. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: «Мектеп» 
баспасы, 2007. – 615 б.). 
Əңгіме əлпеті өлер алдындағы қоштасып отырып, айтқан немесе бір үлкен 
мархабат күткен кісіне жаны қысылған уақыттағы үміт, тілек қылып айтқан 
сөзге ұқсайды 
(Əуезов М. Қорғансыздың күні. – 15 б.). Мархабат – мейір, 
мүсіркеушілік (Бұралқыұлы М. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: «Мектеп» 
баспасы, 2007. – 377 б.). 
Қайта үйімізге келсе, шетінен тысырайып, жуанымсып келеді 
(Əуезов М. 
Қорғансыздың күні. – 16 б.). Тысырайып – əлдеқандай боп тырсию, сыз беттену 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет