Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых



Pdf көрінісі
бет122/154
Дата06.10.2023
өлшемі1,79 Mb.
#113072
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   154
Байланысты:
Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых Messenger of young scientist

№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
 
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
136
(Қазақ тілінен түсіндірме сөздік. Редакцияны басқарған А.Ы. Ысқақов. – Алматы: 
Ғылым, 1985. – 388 б.). 
Менің балам тірі болғанда, соның тіршілігінен аужал алып, телміріп 
отырушы еді 
(Əуезов М. Қорғансыздың күні. – 16 б.). Аужалу – өсімдіктің аздап 
қоректенуі (Бұралқыұлы М. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: «Мектеп» 
баспасы, 2007. – 53 б.). 
Күндердің күні болып жүдеп-жадап, біреуден зорлық, біреуден қорлық көріп 
отырған үстіне келсең, көзіңнің қырын саларсың 
(Əуезов М. Қорғансыздың күні. – 
23 б.). Жүдеп-жадап – азып-тозу, шаршап-шалдығу (Бұралқыұлы М. Қазақ тілінің 
түсіндірме сөздігі. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. – 216 б.). 
Ғазизаның əуелде үрейі ұшып кетіп, есін жиып алғанша, Ақан көтеріп, пішен 
қораның қуысына алып келді 
(Əуезов М. Қорғансыздың күні. – 23 б.) Пішен – мал 
азығына шабылған шөп (Бұралқыұлы М. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: 
«Мектеп» баспасы, 2007. – 456 б.). 
Күн алақаншықтап қатты борап тұр 
(Əуезов М. Қорғансыздың күні. –24 б.). 
Алақаншықтап – қыстың қақаған аязды, ызғарлы желі (Бұралқыұлы М. Қазақ тілінің 
түсіндірме сөздігі. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. – 26 б.). 
Артынан əлгілердің əлсіздіктерін ойлағанда, іші құсаға толып, жас жүрегі 
жаншылып, бұл күнге шейін көрмеген азабын тартты 
(Əуезов М. Қорғансыздың 
күні. – 25 б.) Құса – қайғы налыған күй. Құса болады (Бұралқыұлы М. Қазақ тілінің 
түсіндірме сөздігі. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. – 352 б.). 
Ғазиза кетіп бара жатып, ойланып артына қарап, бейшаралықтың кебінін 
киген кішкене ескі қорасын көрді 
(Əуезов М. Оқыған азамат. – 28 б.). Кебін – өлген 
адамды орайтын ақ мата. Ақырет, шыт киім (Бұралқыұлы М. Қазақ тілінің 
түсіндірме сөздігі. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. – 243 б.). 
Үш-төрт күннен бері қарай айықпаған шыңылтыр аяз бүгін де мықырлап 
білініп тұр 
(Əуезов М. Оқыған азамат. – 28 б.). Мықыр – аласа бойлы тапал. Бойы 
мықыр (Бұралқыұлы М. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: «Мектеп» 
баспасы, 2007. – 399 б.). 
Оның үстіне шет-шетіне шашыратып салған қазақтың жер үйлері тəртіпке 
ұқсаған сиықтың бəрін бұзып, қаланың шеттерін түйенің жыртылған ескі 
жабуындай жалба-жұлба ғылып ыдыратып, тоздырып тұр 
(Əуезов М. Оқыған 
азамат. – 35 б.). Сиық – сыртқы көрініс, нұқа кескін. Сиқы келісімсіз (Бұралқыұлы 
М. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. – 492 б.). 
Екеуі де иіс май сепкен, тойға бара жатқандай
-
ақ ажарлы, көңілді 
(Əуезов М. 
Көксерек. – 168 б.). Иіс май – бетке жағатын хош иісті май (Бұралқыұлы М. Қазақ 
тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. – 237 б.). 
Енді, əттең дүние, соны ғана бір қолға берсе-ау, - деп жабағысы желінген 
Бейсенбай жылқышы кіжінді 
(Əуезов М. Қилы заман. – 27 б.). Жабағы – жасқа 
толмаған ересек құлын (Бұралқыұлы М. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: 
«Мектеп» баспасы, 2007. – 170 б.). 
Сондай қалың қос-қос жылқы, табын-табын сиырлар да Албан жайлауларын 
оңды солды шиырлап қаптаған 
(Əуезов М. Қилы заман. – 272 б.). Қос-қос жылқы – 
Аулақтағы жайылымда қос тігіп бағулы жатқан мал (Бұралқыұлы М. Қазақ тілінің 
түсіндірме сөздігі. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. – 340 б.). 
Бай, малын елдің мол денесі обырдай обып жатқан қомағай ұртқа бойындағы 
тəтті дəмдісін иігендей төсеп жатыр 
(Əуезов М. Қилы заман. – 277 б.). Обыр – 
қомағай, мешкей, нақ обырдың өзі (Бұралқыұлы М. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 
– Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. – 413 б.). 


№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
 
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
137
Жүз сом, білдің бе?- деп, тілмашта арқаға қақты 
(Əуезов М. Қилы заман. – 
277 б.). Сом – кеңес одағында бағасы 100 тиынға тең негізгі ақша жəне сомдық 
күміс, қағаз ақшалар (Бұралқыұлы М. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: 
«Мектеп» баспасы, 2007. – 497 б.). 
Бұдан былай бірен-саранын жазалап ықтырып қоймаса, ұдайы бөгет шығара 
беретінін айтқан 
(Əуезов М. Қилы заман. – 277 б.). Ұдайы – үнемі, ылғи, үздіксіз, 
толассыз (Ысқақов А.Ы. Қазақ тілінен түсіндірме сөздік. – Алматы: Ғылым, 456 б.). 
Жəне кетерінде дағды бойынша қоштасқан жерде конвертке салып, бір пакет 
тастап кеткен 
(Əуезов М. Қилы заман. – 289 б.). Дағды – қалыптасқан машық, əдет, 
күндегі дағдысы (Бұралқыұлы М. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: 
«Мектеп» баспасы, 2007. – 135 б.). 
Наубайлардың оты жағылған жоқ 
(Əуезов М. Қилы заман. – 290 б.). Наубай – 
өзбектердің нан пісіретін пеші (Бұралқыұлы М. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – 
Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. – 406 б.). 
Айналадағы көк жайлаудан мал ағызып, пұл алушыны жетектеп келетін 
жолдардың бəрі əне жатыр 
(Əуезов М. Қилы заман. – 291 б.). Пұл – ақша. Пұлы 
жоқтың құны жоқ (Бұралқыұлы М. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: 
«Мектеп» баспасы, 2007. – 453 б.). 
- Уа, қоямысың енді, басты өлген қатынша сұңқылдай берме 
(Əуезов М. Қилы 
заман. – 293 б.). Сұңқыл – біркелкі ызғарлы үн (Бұралқыұлы М. Қазақ тілінің 
түсіндірме сөздігі. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. – 508 б.). 
Ұзақ өзін қостаған сөзге емексігендей болды 
(Əуезов М. Қилы заман. – 293 б.). 
Емексу – үмітпен сезіну (Бұралқыұлы М. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: 
«Мектеп» баспасы, 2007. – 162 б.). 
- Бəлі, мақұл айтады. Созғанмен жауап бермей тұра алармысың, елді 
ұйлықтырмай болыс-болыстың бəріне бір бас, бір тас бол да, ел сөзі осы деп
«бермейміз» деген бір-ақ сөзді айтыңдар деу керек 
(Əуезов М. Қилы заман. – 294 б.). 
Ұйлықтыру – ұйлығу (Бұралқыұлы М. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: 
«Мектеп» баспасы, 2007. – 465 б.). 
Қария айтты айтарын,- деп сөзді Жəмеңке киіп əкетті 
(Əуезов М. Қилы 
заман. – 298 б.). Киіп əкетті – өзінше ынта көрсету (Бұралқыұлы М. Қазақ тілінің 
түсіндірме сөздігі. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. – 258 б.). 
Жаңағы көп ниетін айтқан қарияның ұранын осы отырған болыстар қостай 
ма, жоқ па? 
(Əуезов М. Қилы заман. – 298 б.) Қостау – жақтау, қолдау (Бұралқыұлы 
М. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. – 340 б.). 
Неге айтпады... неге ұйлығады?! - деп Тұрлығожа болыстарға қадалды 
(Əуезов М. Қилы заман. – 299 б.). Ұйлығу – ұйлықтыру (Ысқақов А.Ы. Қазақ тілінен 
түсіндірме сөздік. – Алматы: Ғылым, 465 б.). 
Бағанада көптің бетінен жасқанып, жариялай алмаса да, енді ұлықтан бір 
келіп, елден тағы жасқанғанының бабын таба алмай 
(Əуезов М. Қорғансыздың 
күні. – 301 б.). Баб – жағдай, күй. Бабын тап (Бұралқыұлы М. Қазақ тілінің 
түсіндірме сөздігі. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. – 69 б.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет