Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых


Қазақ жастары үшін үлгі болар ұлы тұлғалар Ғани жəне Садықбек



Pdf көрінісі
бет117/154
Дата06.10.2023
өлшемі1,79 Mb.
#113072
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   154
Байланысты:
Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых Messenger of young scientist

Қазақ жастары үшін үлгі болар ұлы тұлғалар Ғани жəне Садықбек. 
Қазақ 
жұрты бұл күнде, жалынды жастар жетекшісі болған Ғани Мұратбаев есімін өте 
жақсы біледі. Ғани мен Садықбек екеуі өте жақын дос болған, бір жылы туған 
құрдас, екеуі де жастайынан ұйымдастыру жұмыстарында бірге жүрген, жастардың 
жалынды ұйымдастырушысы ретінде сол жылдарда қосарлана танылғанын біле 
бермесе керек. Ия, білмейді. Қайдан білсін. Солақай саясат бірін айтқызса, бірін 
айтқызбай, сілелеткен жоқ па əнебір жылдары. 
Мына бір үзіндіге көз жүгіртейікші. «...Ол кезде комсомолдың жұрт танитын 
екі жетекшісі болды. Бірі – Ғани, бірі – Садықбек. Ол кезде Ғани өлкелік комсомол 
комитетінің бас хатшысы да, Садықбек Түркістан Орталық партия комитетінің 
жастар бөлімінде істеді. Бұл жылдары Орта Азия мен Қазақстан комсомолының екі 
белгілі қайраткері жергілікті кедей жастарын ұйымдастырып, Қызыл Армия үшін 
азық-түлік жинады. Бүкіл Орта Азия мен Қазақстанның комсосмол активистері ол 
кезде осы екі тұлғаның ықпалында өсті...». Бұл – филология ғылымдарының 
докторы, профессор Ə. Қоңыратбаевтың Қызылорда облыстық «Ленин жолы» 
(қазіргі «Сыр бойы») газетінде 1970 жылы жарияланған мақаласынан үзінді. 
Ғанидың 110 жылдығы – ол Садықбектің де 110 жылдығы. Екеуін бірінен-бірін 
бөлуге болмайды. Екеуі де жастар қозғалысының кошбасшылары. Қазақ жастары 
үшін үлгі болар ұлы тұлғалар. Зиялы қауым жақсы біледі, бүтіндей бір толқын 
ұрпақты тəрбиелеп, қиын кезеңде оларға дұрыс жол сілтеп, болашаққа жіті көзбен 
қарауға үйрете білген Ғани Мұратбаев еңбегі ұшан-теңіз. Бірақ, осынау үлкен істе 
Ғани жалғыз ба еді?... Жоқ, əрине. Оның сенімді серіктері, білімді де, алғыр достары 
көп болды. Ғани соларға сүйенді. Соларды арқа тұтты. 
Міне, сол достарының арасында шоқтығы биігі, алыстан мен мұндалайтын 
алып шынардай əйгілісі – осы Садықбек Сапарбекұлы. Елгезектігіне, 
сезімталдығына, бауырмалдығына бола оларды қадірлеп, құрметтеді. Ол уақытта 
комсомолдар арасында Садықбектің аты Ғани Мұратбаевтың атымен қатар аталатын 
еді. Сол жылы «Жас қайрат» журналының бір санында екеуінің суреттері қатар 
басылған. Садықбектің суретінің астына: «Қазақ жастары арасынан алғашқы шыққан 
қайраткер, комсомолдың көрнекті қайраткерлерінің бірі», - деп жазылған еді. 
Садықбек жастар арасында əйгілі, беделді болды. Қызығы, Ғани мен Садықбек бір 
жылы, яғни 1902 жылы дүниеге келіпті. Ендеше, қазақ жастарының көшбасшысы 
Ғани Мұратбаев пен Садықбек Сапарбекұлының тойы қай кезде де бірге аталып 
жатса, бүгінгі жас ұрпақ, иісі қазақ қуана қарсы алары сөзсіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет