Байланысты: Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых Messenger of young scientist
№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013 ISSN 2307-0250
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________ 134
жасадым. Мысалы, Мұхтар Əуезовтың «Қорғансыздың күні» шығармасында:
Не бауыры, не сыртында ысқыратын жоқ ысқаяқ, - деген сөз бар. Ол М. Бұралқыұлы
жинақтаған «Қазақ тілі түсіндірме сөздігінде»: ысқаяқ – қулыққа дағдыланған адам
десе (Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. – 663 б.), А.Ы. Ысқақов жинақтаған
түсіндірме сөздікте: ысқаяқ – өмірді көрген, ысылған, тіс қаққан пысық деген
меғына береді. Бұл сөздер қазіргі таңда қолданыстан шығып қалған архаизмдерге
жатады.
Күн алақаншықтап қатты борап тұр (Əуезов М. Қорғансыздың күні. – 24 б.)
сөйлеміндегі алақаншықтап сөзі М. Бұралқыұлының жинақтаған түсіндірме
сөздігінде: алақаншық – қыстың қақаған аязы, ызғарлы желі деп берілген. Бұл сөз де
қазіргі кезде қолданылу аясынан шығып кеткен архаизмдер қатарына кіреді.
«Алақаншықтап» сөзі Қарағанды облысы, Нұра ауданында қолданылады
(Диалектологиялық сөздік. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2007. – 48 б.).
Екеуі де иіс май сепкен, тойға бара жатқандай -
ақ ажарлы, көңілді (Əуезов
М. Көксерек. – 168 б.) сөзі түсіндірме сөздікте (237 бет , М.Бұралқыұлы М., 237 б.)
иіс май – бетке жағатын хош иісті май деп берілген. Иіс май қазіргі кезде иіс су
немесе орысшалап «духи» деп аталады.
Дəл қара жолдың аузында, Арқалықтың біркішілеу биігінің басында тастан үйілген оба секілді мола бар. Оба – қарауыл қарау үшін төбенің басына, жонның
қырына тастан, топырақтан үйілген төмпешік. Обаға шығып қарады (Бұралқыұлы М.
Түсіндірме сөздік. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007). Сонымен қатар оба сөзі
диалектологиялық сөздікте Түркменстан Республикасы, Ташуыз облысы,
Күнөргеніш ауданында қолданылады делінген (Алматы: Арыс, 2007. – 536 б.).
Ақсақал мал қаралап болып, жайланып шайын ішіп, қазанаспаның аузында кейде жалтылдап, кейде лапылдап жанып жатқан отты көріп, бұрқылдап қайнап жатқан еттің иісі мұрнына келіп жатқанда айтатын (Əуезов М. Қорғансыздың
күні. – 7 б.) сөйлеміндегі қазанаспа М. Бұралқыұлы жинақтаған түсіндірме сөздікте:
пештің қазан орнататын жері, яғни қазандық деп берілген. Бұл сөз архаизм ретінде
мүлдем қолданыстан шығып кеткен болса, қазандық ретінде əлі де қолданылатын
сөз.
Есікке қарсы төрде кішкене жүкаяқтың үстінде екі есе сандық, үйдің басқа жерінде бөтен еш нəрсе жоқ айтатын (Əуезов М. Қорғансыздың күні. – 12 б.)
сөйлеміндегі жүкаяқ М. Бұралқыұлы жинақтаған түсіндірме сөздікте жүк жинайтын
зат деп берілген. Бұл сөзді қазіргі кезде сөз қолданысынан мүлдем шығып қалды
десе болады.
Төр дегені – екі-үш кез ғана жерге жайылған ескі құрым киіз (Əуезов М.
Қорғансыздың күні. – 13 б.) сөйлеміндегі құрым киіз М. Бұралқыұлы жинақтаған
түсіндірме сөздікте құрым киіз – түтінмен ыс болған киіз деп берілген (Алматы:
«Мектеп» баспасы, 2007. – 352 б.). Құрым киіз сөзі қазіргі заманның талабына сай,
қолданыстан шығып қалған соң өзі көнерген.
Мұхтар Əуезов шығармаларынан бұдан да басқа төмендегідей сөздер
талданып, қарастырылды:
«Пəленше отынды алып кетті» деген ағайынның жетімсіген сөзін естігенде жаны шыдамай, аурумен алысып, жылқыдан ат алғызып, жалаңаш етіне бір шекпенді кие салып, жауының артынан қуып кетіпті (Əуезов М. Қорғансыздың күні. – 8 б.). Шекпен – жүннен иіріп, өрмекпен тоқылған
сырт киім (Ысқақов А.Ы. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1985. –
193 б.).
Не бауыры, не сыртында ысқыратын жоқ ысқаяқ. Ысқаяқ – қулыққа
дағдыланған адам (Алматы: Мектеп, 2007. – 663 б.). Ысқаяқ – өмірді көрген,