№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
60
керек: 1) дыбыс шығаратын дене – сөйлеу мүшелері; 2) қозғалысқа келтіретін күш –
өкпеден шығатын ауа; 3) кеңістік – тыныс мүшелері, тамақ, ауыз қуысы мүшелері.
Тіл дыбыстарының тілдік емес дыбыстардан негізгі айырмашылығы – олардың
адамның сөйлеу мүшелері арқылы жасалатындығында. Адамның сөйлеу органы үш
бөліктен тұрады: 1. тыныстау аппараты; 2. көмей (тамақ, желбезек) дауыс
шымылдығы деп те аталады; 3. мұрын қуысы мен ауыз қуысы.
Тілдің барлығында да дыбыстар дауыстылар мен дауыссыздар деп екі топқа
бөлінеді. Негізгі ортақ белгісі олардың буын құрау қызметі. Дауыстыларда үн басым
болады. Дауыссыздарда салдыр басым. Физиологиялық тұрғыдан алып қарағанда,
дауыстыларды айту үстінде шыққан ауа, біріншіден, кедергіге ұшырамай, еркін
шығады; екіншіден, дыбысталу мүшелеріне күш түспей, оның қалпы жайдары
болады; үшіншіден, ауа баяу шығады (а, о, у).
Ал, дауыссыздарды айтқанда фонациялық ауа, біріншіден, кедергіге ұшырап,
тосқауылмен айтылады; екіншіден, тосқауылдан өту кезінде дыбысталу мүшелеріне
күш түседі; үшіншіден, ауаның шығу қарқыны күштірек болады. Дауыстыларды
айтқанда шыққан ауа: 1. Кедергіге ұшырамай еркін шығады; 2. Дыбысталу
мүшелеріне күш түспей, оның қалпы жайдары болады; 3. Ауа баяу шығады.
Дауыссыздарды айтқанда шыққан ауа: 1. Кедергіге ұшырап, тосқауылмен айтылады;
2. Тосқауылдан өту кезінде дыбысталу мүшелеріне күш түседі; 3. Ауаның шығу
қарқыны күштірек болады.
Сонымен, дауыссыз дыбыстар үнді жəне үнсіз (салдыр) дыбыстар болып екі
топқа бөлінеді. Салдыр дыбыстар ұяң жəне қатаң деген екі топқа бөлінеді. Дауыссыз
дыбыстардың жүйесі консонантизм деп аталады. Дауыссыз дыбыстар сөйлеу
мүшелерінің бір-бірімен жанасуы немесе толық қабысуы арқылы пайда болады.
Дауыссыздардың басты ерекшеліктері: дауыссыздардың жасалатын орны – ауыз
жəне көмей қуыстары; дауыссыз қатаңдарда мүлде үн болмаса, ұяңдарда – үннің
қатысы жартылай болады да, ал үнділерде – бəсең үн болады; дауыссыз қатаң жəне
ұяңдардың ішкі сапасы – таза салдырдан тұрады деуге болады, ал, үнділерде сөйлеу
мүшелерінің (тіл, ерін, жақ) бір-біріне жуықтауы, түрленуі, көлемін өзгертуі көмей
арқылы келген ауаға пəлендей кедергі бола алмайды; дауыссыз қатаң жəне ұяңдарды
– көтеруге, созуға, əуенін өзгертуге мүлде болмаса, ал үнділерді керісінше –
көтеруге, созуға, əуенін өзгертуге болады; дауыссыздардың үн сапасында –
жаңғырық болмайды; дауыссыздар сөз ішінде жалқы тұрып буын құрай алмайды.
Қазақ тіліне тəн дауыссыз дыбыстар жүйесін мына дыбыстар құрайды: б, г, ғ, д,
ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ш.
Достарыңызбен бөлісу: