Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых



Pdf көрінісі
бет61/154
Дата06.10.2023
өлшемі1,79 Mb.
#113072
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   154
Байланысты:
Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых Messenger of young scientist

Зерттеудің əдістері.
Ғылыми жоба жұмысының мақсатына орай сипаттама
салыстырмалы əдістер басшылыққа алынды. Жиналған материалдарды іріктеу, 
талдау жəне жүйелеу əдістері қолданылды. 
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
«ң» қатардағы көп дыбыстың бірі емес, қазақ 
тілін əлемдік тілдерден, тіпті, туыс түркі тілдерінен де даралап, өзіндік сипатын 
көрсететін ерекше дыбыс. 
Ғылыми жобаның теориялық жəне практикалық мəні.
Мектептің қазақ тілі 
оқулықтарында пароним жəне каламбур құбылыстары қарастырылмаған. Сондықтан 
да оқушылар қауымы бұл құбылыстарды мүлдем білмейді. Ал біздің бұл ғылыми 
ізденісіміз 
барысында 
қазақ 
тіл 
біліміндегі 
пароним 
жəне 
каламбур 
құбылыстарының табиғаты сипатталып, бұл құбылыстарға түсініктеме беріліп, 


№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
 
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
59
қорытындылар мен тұжырымдар жасалды. Ендеше бұл жұмыс қазақ тіл білімі, 
лексикология мен стилистика бойынша тың түйін жасауға, жаңа бағыт 
қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ көркем мəтінге лингвистикалық талдау 
жасауда практикалық тұрғыдан оқушыларға жеңілдік келтіреді. 
Қазақ тілінің тарихи даму жолы. 
Қазақ тілі – сан ғасырдан бері ата-бабадан 
мирас болып келе жатқан киелі дүние. Ол халықтың алтыннан да қымбат кені. Тіл – 
адам баласының əлем бейнесін тану жолындағы түсінігінің, ойының, сезімнің
идеясының, дүниетанымының көрінісі. 
Тілде қазақ халқының барлық құнарлы ойы, құнды қиялы көркем сөзбен 
кестеленген. Сондықтан да тілдің болашағын бағамдау үшін, оның кешегі өткен 
тарихын білу – қажеттілік. 
Алғашқы зерттелулерде қазақ тілі дыбыс жүйесі туралы, қазақ тіліндегі 
дыбыстардың саны мен сапасы туралы бірізді пікір де, қазақша терминдер де 
жасалған жоқ. Нағыз ғылыми зерттеу А. Байтұрсынов пен Қ. Жұбанов еңбектерінен 
басталады деп білеміз. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі жөнінде алғашқы мəліметті Н.И. 
Ильминскийдің 1860 жылы Қазан қаласында шыққан «Материалы к изучению 
киргизского наречия» («Ученые записки Казанского университета») деген еңбегінен 
кездестіре аламыз. Н.И. Ильминский қазақ тіліндегі дыбыстарды екі топқа жіктеп, 
дауыстылардың сегіз түрін (а-ä, е, ы, і, о-ö, у-ÿ), дауыссыздардың он тоғыз түрін (п, 
м, w; т, д, н; ж, з, ш, с; р, л, j; k¨, ѓ, к, г, ң) атап өтеді (дыбыстарды өзара 
артикуляциялық жуықтығына қарай жіктеп көрсеткен). 
Еңбекте кейбір дыбыстардың артикуляциясы, комбинаторлық жағынан 
алмасуы (б-м, н-д-т, н-ң, к-г, т.б.), қолдану ерекшелігі жəне екпін жайынан қысқаша 
мəлімет берілген. В. Радлов сонымен қатар қазақ тіліне тəн кейбір фонетикалық 
құбылыстарға аса назар аударған. Қазақ тілі дыбыс құрылысының арнаулы жүйемен 
жан-жақты зерттелуі – кеңес дəуірі тұсынан басталды. Кеңес дəуірі кезінде жаңа 
ғылым – қазақ лингвистикасы туды, оның фонетика, грамматика, лексикология, 
диалектология, стилистика сияқты бірнеше салалары пайда болды. Қазақ тілін 
зерттейтін дербес Институт ұйымдастырылды жəне көптеген маман-кадрлар шықты. 
Қазақ тіл білімінің арнаулы бір тармағы болған фонетика саласында едəуір жұмыс 
істелді. Фонетика мен фонологияның зерттеу əдістері, тəсілдері анықтала түсті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет