БАЙТАСОВ Сұлтан Дарханұлы, Тоқмансай орта мектебінің 6 сынып оқушысы, Алға ауданы, Ақтөбе облысы, Қазақстан Республикасы Жетекшісі: ЖЕКСЕМБАЕВА Алия Жеңісқызы, Тоқмансай орта мектебі «Қазақ тілі мен əдебиеті» пəнінің мұғалімі, Алға ауданы, Ақтөбе облысы, Қазақстан Республикасы АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ «ҚАЗАҚ ҚАЛПЫ» ӨЛЕҢІНДЕГІ МАҚАЛ-МƏТЕЛДЕР «Қазақтың биік шыңына, Өрмелеп шығып күн болам!» - деп жырлаған
Сұлтанмахмұт Торайғыров сияқты, қазақтың ұлы көгінен жұлдыз болып орын ала
білген, қазақ əдебиетінен ойып орын алған, қазақ əліпбиінің өмірге келуіне тікелей
негіз болған, білім жолында жанын берген ұлы ұстаз, теңдесі жоқ өр тұлға – Ахмет
Байтұрсынов.
Халықты ағарту баладан, мектептен бастау алады. Ең алғаш қазақ тілінде
əліппе кітабын жинақтаған Ахмет еді. Қазақ балалары көзі ашық, сауатты азамат
болып шығуға септігін тигізген. Қазақ тіліндегі əліп-би осы сөздердің бəріне дəлел.
Тек қана кітап жазумен тоқтамаған Ахмет, орыстың белгілі жазушыларының белгілі
жазушыларының белгілі еңбектерін ана тілімізге аударып, өзінің халыққа,
шамшырақ екенін дəлелдеп өткен. Халықтың білімді болуына, сауатын ашуға көп
көмек көрсеткен. Бұрынғы қарапайым қара сөздерді жаңғыртып, халық санасына
қалыптастыру басты мақсаттарының бірі. Көкейіндегі түйілген ойды ана тіліндегі
асыл, ұтқыр сөздермен жеткізе білген. Өлеңдеріндегі сөздердің өзі адам көңіліне
талпыныс, алға қарай жол бастап, көш артында қалып қоймауға себепші болған.
Ахмет өлеңдерінен көкейіне ой түймеген мектеп оқушысы жоқ десе де болады. Өзге
тілден аударған мысалдарының мазмұны тереңнен мағына беріп, қорыта келгенде,
адамдық қасиеттердің, өмірге деген дұрыс көзқарастардың оянуына себепші болады.
Қарапайым қара сөзбен құрылған өлеңдерінің өзі бойлай берсең ой тудыра беретін
түбі терең бір қазына.
Сонымен қатар Ахмет өлеңдерінің мəні мен мазмұны терең, əрбір сөзі мақал
мен мəтелге тəн мағына мен афоризмдерге толы. Ахмет өлеңдерінің əр шумағында
бір мақал жатыр. Айтқан иесі белгілі, өмірге мақалды жалпы халық емес, белгілі
тұлға да əкеле алатынын Ахмет дəлелдегендей. Өлеңдерін оқи отырып ерекше
сөздер есіңде еріксіз жатталады. Кейбір сəттерде сол сөздерді өзіңе ұран етіп
қолданып отырғаныңды да байқайсың. Демек, осы өлеңдерінен табылған нақыл
сөздер мен мақал-мəтелдер болашақ ұрпақтың ұрандарына айналары сөзсіз. Себебі,
Ахмет өткен ғасырдың, осы ғасырдың жəне келер ғасырлардың темірқазығы.
Тоқтамай өтер жылдарда Ахмет есімімен қатар өлеңдері де өмір сүреді.
Ахмет – шырақ, Ахмет – жұлдыз, Ахмет – күн! А. Байтұрсыновтың қай
шығармасын, мысалын алсақ та, аса бай шығармалар екенін білеміз. Оқушының
жүрегіне иман, санасына сана ұялататын ақын өлеңдері көненің көзіндей сақталып
келе жатыр. Қазіргі қоғамға тəн қажетті мағлұматтарды да осы өлең жолдарынан
іздестіруге болады.
«Қазақ қалпы» өлеңін оқи отырып, мағынасын түсіне отырып, осы өлеңде
«тығылған» бірнеше мақалды байқадым. Осы ойды жүзеге асыру мақсатында
ғылыми жобаны дəл солай атауды жөн көрдім. Осы тапқан қазынамды сіздермен
бөліссем деймін. Қарапайым бір тақпақ көрінгенімен астарын байқау көптің есіне
№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013 ISSN 2307-0250
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________ 89
келмесі анық. Сол себепті, бұл тақырып ғылыми жоба деп танылуға лайық деп
ойладым. Өлеңнің барысына назар аударсақ: