Жазбаша аударма тєжірибесі



Pdf көрінісі
бет19/38
Дата23.01.2023
өлшемі0,81 Mb.
#62466
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38
Практикалық тапсырма 
Берілген сөйлемдерді ағылшын тіліндегі есімшелік айналымдардың жасалу 
жолдарына көңіл бөле отырып, ана тіліне аударыңыз: 
1. I haven’t heard any of those factors mentioned. 
2. Shown below are the two trends in comparison. 
3. The progress of the reform being slow, the government is determined to 
continue supporting the needy population. 
4. There being no additional foreign financing, the domestic resources had to be 
relied on. 
5. The loans were granted by the commercial banks, the central bank strictly 
monitoring the situation. 
6. The focus was made on the quality of goods, the productivity still falling 
behind. 
7. As pointed out previously, the explanation given is by no means complete. 
8. The exchange rate being fixed, the population has all reasons to keep their 
savings in the local currency. 
§ 11. Герундий мен герундиялық айналымдардың ауларылу жолдары 
 
Герундий инфинитив және есімше сияқты ағылшын тілінің 
етістіктерінің бір формасы болып табылады. Құрылысы бойынша ол есімше 
формасына ұқсайды, бірақ есімшенің өткен шақта қолданылатын түрі 
герундийге ұқсамайды, яғни Patriciple ІІ формасы. 
Gerund 
Active 
Passive 
Infinite 
doing 
being done 
Perfect 
having done 
having been done 
Герундий аударма кезінде ағылшын тілінің формасы бойынша –ing жалғауы 
бар басқа етістіктермен немесе грамматикалық формалармен шатастырмау 
үшін оның ерекшеліктерін жақсы білу қажет, - ing жалғау бар етістік 
герундий деп аталады, егер: 
1. сөйлемде бастауыштың қызметін атқарса – бұл жағдайда ол етістіктен 
туындаған зат есім болып, ешқашан артикльсіз және көпше түрдің –s 
жалғауынсыз қолданылады. Мысалы: Smoking is harmful – Шылым шегу 
денсаулыққа зиянды. 
2. етістікке қатысты болып тұрған предлогтан кейін тұрса. Мысалы: On 
completing the experiment, we decided to consult the supervisor– Тәжірибені 
аяқтаған соң, біз басшымызбен ақылдасуды ұйғардық. The result depended 
on the problem being solved on time – нәтижелер мәселенің уақытында 
шешілуіне байланысты. 


26 
3. етістіктен кейін тұрса. Мысалы: They regretted having told about him – Олар 
оған бұл туралы айтқандары үшін өкінді. 
Герундий бастаманы, жалғасатын немесе аяқталған іс әрекетті білдіретін 
етістіктерден кейін ғана тұра алады: start, begin, continue, do on, finish, stop. 
Өздеріне тән предлогтары бар және олардан кейін 
герундий 
қолданылатын етістіктер тізімін жаттап алу қажет, өйткені сол 
етістіктердің орыс немесе қазақ тілдерінде ағылшын 
ағылшын 
тіліндегідей предлогтары жоқ, сондықтан аудармашы шатасып кетуі 
мүмкін: 
account for - түсіндіру, differ in - ерекшелену, be interested– 
қызығушылық таныту, keep from – кедергі ету, result from – нәтиже болу, 
succeed in– қол жеткізу. 
4. тәуелдік жалғауында тұрған етістіктен кейін немесе ілік септігінде тұрған 
зат есімнен кейін тұрса. Мысалы: Do you mind my opening the window? – 
Менің терезені ашып қоюыма қарсы емессіз бе?; His coming late was not a 
surprise to anyone –оның тым кеш келгені ешкімді таң қалдырмады; My 
friend’s becoming the prize winner pf the contest a good news for all of us - 
менің досымның байқау лауреаты атануы баршамызға тамаша жаңалық 
болған – ды. 
5. келесі сөз тіркестерден кейін қолданылады: 
cannot help –бір нәрсені жасай алмау, I cannot help thinking about it- Мен 
бұл жайында ойламай тұра алмаймын. 
it is worth(it is worth while)- бір нәрсені жасау қажет, It is worth while 
reading this book – Бұл кітапты оқып шығу қажет. 
it is no use - пайдасы жоқ, нәтижесі жоқ, бостан босқа, It is no use waiting 
for him – оны күтудің пайдасы жоқ. 
Жоғарыда айтылған мысалдарға сәйкес қазақ тіліне аудару барысында 
герундий зат есім, көсемше, құрмалас сөйлемнің құрамдас бөлігі бола 
алады. 
Қазақ тіліне аударған кезде герундийдің сөйлем мүшелерінің қызметерін 
атқаратынына назар аударыңыз: 
1. Бастауыш – Implementing market reforms in a lengthy process –Нарық 
реформаларының жүзеге асуы – бұл ұзақ мерзімді процесс. Ескерту: 
Есімшемен шатастырып алмаңыз - Implementing market reforms it is 
necessary to keep in mind social needs of the population - Нарықтық 
реформаларды жүзеге асыра отырып, халықтың әлеуметтік 
қажеттіліктерін ұмытпау қажет. 
2. Тура толықтауыш – Would you mind showing us the whole process?- 
Бізге процестің барлығын көрсетіңізші. Would you mind their showing 
us the whole process?- Сіз олардың бізге процестің барлығын көрсетуге 
қарсы емессіз бе? 
Тура толықтауыш қызметінде герундий келесі етістіктерден кейін 
қолданылады: avoid ( қашқақтау), engoy ( ұнату), excuse (кешіру), 
intend ( ынталану), like ( жақсы көру), prefer ( қалау), revent (кедергі 
ету), regret (өкіну), try ( талпыну), withstand ( қарсы тұру). 


27 
3. Предлогы бар толықтауыш - We have succeeded in maintaining 
productivity level over the whole period- Біз барлық берілген уақыт 
бойынша өнім өндіру деңгейін сақтай алдық. 
4. Пысықтауыш – In establishing a refinance rate it is necessary to take into 
account a monthly inflation rate- Қайта қаржыландыру талаптарын 
бекіткен кезде айлық инфлияцияның деңгейін назардан тыс қалдырмау 
қажет. 
5. Анықтауыш - There is little probability of financial assistance being 
provided this year- Биылғы жылы қаржылай көмек көрсететініне кәміл 
сенім жоқ. 
Герундиялық айналым екі формада болып зат есім ретінде және 
құрмалас сөйлемнің құрамдас бөлігі болып аударылады: 
1. Тәуелдік есімшедегі зат есім (есімдік)+герундий. Мысалы: Professor 
Johnson’s (His) presenting a paper at the conference was not announced 
until 
yesterday-Профессор 
Джонсонның (оның) 
конференцияда 
баяндама қорғайтыны кеше ғана хабарландырылды. The outcome 
depends on all of factors being used together- Нәтиже барлық 
факторлардың бірге қолданылуына байланысты болады. 
2. Ағылшын сөйлемнің бастауышы (герундийдің субьектісі емес) + 
герундий. Мысалы: All the former Soviet republics are alike in having their 
poorly developed infrastructure- Бұрынғы совет республикалары 
өздерінің нашар дамыған инфрақұрылымдарымен ұқсас болып келген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет