Жазбаша аударма тєжірибесі


§ 12. Сабақтас құрмалас сөйлемдер



Pdf көрінісі
бет21/38
Дата23.01.2023
өлшемі0,81 Mb.
#62466
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38
§ 12. Сабақтас құрмалас сөйлемдер 
 
Қазақ және орыс тілдерінде құрмалас сөйлемдердің екі түрі белгілі: 
салалас және сабақтас. Олардың екеуі де екі жай сөйлемнен 
тұратындықтан күрделі болып табылады. Егер сөйлемнің құрамындағы екі 
жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болса, ол сөйлем салалас деп 
аталады. Ал егер бірінші жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болса, 
ондай сөйлем сабақтас деп аталады. Сабақтас сөйлем басты мағынасын 
сақтап тұратын басыңқы және басыңқы сөйлемде айтылған мәліметке 
түсіндірме жасайтын бағыныңқы сөйлемнен құралған. Ағылшын тілінде 
де сабақтас құрмалас сөйлемдер бар және олардың аударма барысында 
көптеген ерекшеліктері кездеседі. Ағылшын тілінде бағыныңқы сөйлем 
басыңқы сөйлемге Who, what, which, that, where, when, as, because, if 
шылауларымен және ешбір шылаусыз қосыла алады. Мысалы: The article 
that you read yesterday contains very important data – Сіз мақаланы кеше 
оқығаныңыздан, ондағы өзекті мәселелерден хабардарсыз. The man I know 
is a well-known artist – Мен танитын адам – танымал суретші. Сабақтас 
құрмалас сөйлемнің синтаксистік анализін келесідей орындау қажет: 
1. Ең әуелі сөйлемді талдаған кезде, сөйлемнің тұрлаулы мүшелері – 
бастауышпен баяндауышты тауып алу керек. Баяндауыш етістіктің 
санына қарай табылады, ал бастауыш оған серік болып келеді. әдетте 
осы тұрлаулы мүшелер сабақтас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай 
сөйлемдер санын анықтайды. 
2. жай сөйлемдер қосылып тұрған шылауларды анықтау қажет (ағылшын 
тілінде жай сөйлемдер шылаусыз да қосыла алатындарын ұмытпау 
керек) және бағыныңқы сөйлемнің бағыну түрін анықтау керек, яғни 
анықтауышты, себеп- салдар, мезгіл т.б. түрлерін анықтау керек. 
3. енді бағыныңқы және басыңқы сөйлемдердегі тұрлаусыз мүшелерді 
тауып, содан кейін сол сабақтас құрмалас сөйлемді аударуға кірісу 
қажет. 
Келесідей сабақтас құрмалас сөйлемдердің синтаксистік анализдерін 
жасау қиын болып табылады: 1. Егер бастауыш бағыныңқы сөйлемде 
тұрса, ал баяндауыш басыңқы сөйлемде тұрса, онда олар that, if, 
whether, who, what, which, how, where, when, why шылауларымен 
қосылады. М: Whether the tax increase is the right solution is something 
some observes have recently begun to doubt – Соңғы кездері кейбір 
бақылаушылардың күмәнданатын жайттары – салық құнын өсіру 
мәселенің дұрыс шешімі ме жоқ па? 


29 
2. егер баяндауыш бағыныңқы сөйлемде тұрса, баяндауыш келесі 
етістіктерден тұруы мүмкін: to be, to seem, to appear және That, if, 
whether, who, what, which, how, where, when, why шылауларымен 
сөйлемнің мағынасына енеді. М: This trend in art is not really new. What 
is new is that it has become the general tactics used by the artists now – 
негізінде өнер салалсында бұл бағыт – жаңа емес. Жаңасы бұл 
суретшілер қолданылатын қазіргі заманның жаңа тактикасы. 
3. Құрамындағы жай сөйлемдері шылаусыз қосылатын сабақтас 
құрамдас сөйлемдер. М: The report the teacher’s delegation made on 
returning home was listened to with great interest by members of our 
department-Еліне қайтып орылған сәттегі оқытушылық делегациясының 
паш еткен баяндамашы өте қызықты болғандықтан, біздің бөлімнің 
қызметкерлері оны зор ықыласпен тыңдады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет